Жаңа білім беру бағдарламасы

6B10125 Педиатрия в Астана медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Балалар жасындағы жиі кездесетін аурулардың диагностикасын, салыстырмалы диагнозын және емдеу дағдылар қамтыған, тиісті құзіреті бар жоғары дәрежедегі маман дәрігер-педиатры дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 6 года
  • Кредиттер көлемі 360
  • Білім беру бағдарламаларының тобы BM088 Педиатрия
  • Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
  • Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ОН-1 Педиатриядағы негізгі пәндер мен құзыреттерді одан әрі тиімді дамыту үшін биомедициналық, негізгі және әлеуметтік-саяси, тілдік пәндер бойынша білімін көрсетеді.
  • ОН-2 Науқас үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қарым-қатынас дағдыларын, баламен, оның қоршаған ортасымен тиімді әрекеттесу, әріптестерімен және басқа денсаулық сақтау мамандарымен кәсіби қарым-қатынас орнату қабілетін көрсетеді.
  • ОН-3 Баланы тексеру, анамнез алу, физикалық тексеру, әртүрлі ағзалар мен жүйелер ауруларының негізгі белгілері мен синдромдарын анықтау, тексеру жоспарын тағайындау дағдыларын көрсетеді.
  • ОН-4 Балалардағы әртүрлі ағзалар мен дене жүйелерінің ауруларын диагностикалау мен емдеуге арналған зертханалық, функционалдық, аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау дағдыларын көрсетеді.
  • ОН-5 Балаларға медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, емдеу жоспарын тағайындай алады және оның тиімділігін бағалай алады.
  • ОН-6 Тәуекелдерді бағалай алады және балаларға медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін дәлелді медицина принциптеріне негізделген диагностика мен емдеудің ең тиімді әдістерін қолдана алады.
  • ОН-7 Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің заңнамалық базасы шеңберінде әрекет ете алады, қоғамда қабылданған заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді және этикалық нормаларды ескере отырып, педиатрдың кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті.
  • ОН-8 Клиникалық жағдайға сәйкес емдеу жоспарын тағайындай алады, балаларға негізгі және шұғыл медициналық көмек көрсете алады, оның ішінде алғашқы және шұғыл көмек көрсетеді.
  • ОН-9 Зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, ғылыми жарияланымдарды сыни бағалай алады, халықаралық мәліметтер қорын күнделікті қызметінде тиімді пайдалана алады, ғылыми топ жұмысына қатысады.
  • ОН-10 Өз бетінше білім алуға және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға қабілетті, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа формаларына белсенді қатысады.
Top