Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B10104 Мейіргер ісі в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мейіргерлік білім беруді жетілдіру және мейіргер ісі жүйесін дамыту
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B084 Мейіргер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
-
Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Анатомия, физиология және патология
Құқық және экономика негіздері
Медициналық-санитариялық алғашқы көмектегі мейіргерлік іс
Қауіпсіз мейіргерлік күтім
Экология және тірішілік қауіпсіздігі
-
2 Оқу жылы
Терапиядағы мейіргерлік іс
Акушерия және гинекологиядағы мейіргерлік іс
Хирургиядағы мейіргерлік күтім
Педиатриядағы мейіргерлік процесс
Созылмалы аурулар кезіндегі мейіргерлік күтім
Денсаулық жағдайын клиникалық бағалау және мейіргер ісі негіздері
Жедел және шұғыл жағдайларда медициналық көмек
-
3 Оқу жылы
Әлеуметтік маңызды аурулар
Фармакология негіздері
Үйдегі мейіргерлік күтім
Дәлелді мейіргер ісінің негіздері
Психикалық денсаулық және аддикция
Мейіргерлік істе зерттеуді ұйымдастыру және әдістері
Зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Науқасқа бағытталған оқыту
Мамандандырылған мейіргерлік көмек
Оқыту нәтижелері
- Салауатты өмір салтына үлес қосу, функционалдық мүмкіндіктерді, дербестікті кеңейту және күнделікті өмірде өзін-өзі күту үшін пациент-орталықтанған оқыту әдістерін пайдалана отырып, кәсіпқойларды оқыта және дайындай алады, оқытады, кеңес береді және нұсқама өткізеді.
- Нақты, тиімді және кәсіби коммуникация мен өзара іс-қимылды көрсетеді, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін пайдалана алады, кәсіби міндеттерді орындау кезінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың алуан түрлілігін тиімді пайдаланады, әртүрлі мәдениет адамдарымен құрмет көрсетеді және ынтымақтасады.
- Кәсіби этика қағидаларын, құпиялылықты сақтайды, мейіргер ісінің теориялары мен принциптерінің мәнін түсінеді, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өз әрекеттері үшін жауапкершілікті қабылдайды, өз іс-әрекетінің тиімділігін өз бетінше және командада талдай алады, команданың басқа мүшелеріне мейіргер ісі туралы ақпарат пен білім беру қабілетін көрсетеді.
- Ғылым мен технологияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, кәсіби дамуды жетілдіреді, сенімді, заманауи, ғылыми негізделген ақпаратты, коммуникациялық технологияларды талдайды, сыни тұрғыдан және тиімді пайдаланады, талдау және шешу кезінде сыни ойлау дағдыларын қолдана алады.
- Ғылыми білімді, технологиялық жетістіктерді және кәсіби дағдыларды заманауи, тиісті әдістерді қолдана отырып, оларды стандартты жағдайда да, тез өзгеретін жағдайда да сыни және үздіксіз бағалай отырып қолданады.
- Диагностика жүргізеді, мейіргерлік диагноз қоюға қабілетті, мейіргерлік процесті жүзеге асыру үшін озық және әр түрлі клиникалық, теориялық және технологиялық дағдылары мен білімі бар, науқасқа-жоғары сапалы интеграцияланған мейіргерлік күтімді көрсете алады.
- Қажетті компьютерлік технологияны қолдана отырып, мейіргерлік процесті құжаттамамен қамтамасыз етеді, ақпарат пен дәлелдемелерді сыни бағалауға және біріктіруге қабілетті.
- Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген мейіргерлік практиканы жүзеге асыру үшін мейіргерлік зерттеулер жүргізеді, мейіргерлік практиканың қазіргі заманғы проблемаларын анықтайды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін клиникалық практикада қолдануды көрсетеді.
- Өмір сапасын жақсарту үшін денсаулықты нығайту саласындағы стратегияларды сыни бағалауға, халықтың денсаулық жағдайын талдауға, олардың тиімділігін бағалауға қабілетті, денсаулықты нығайту стратегияларын әзірлеуге қатысу үшін озық білім мен дағдыларды меңгереді.
- Әртүрлі мәселелер мен міндеттерді шешуде шығармашылық тәсілді көрсетеді, жаңа және кәсіби білім мен шешімдерді енгізеді және қолданады, күтім сапасын жақсарту үшін көп бейінді командада жаңа білім мен идеяларды тиімді құрады және біріктіреді, мейіргерлік практикада инновациялық технологияларды пайдалана алады.
- Стратегиялық жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті, тиімді мейіргер күтімін ұйымдастырады, мейіргер персоналы мен ресурстарын тиімді басқарады, басқарушылық шешімдерді қабылдауға жауапты болады, мейіргер күтімінде халықаралық инновациялық идеяларды таниды және енгізеді, ұйымдағы құжаттарды басқаруға жауапты болады.