Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02155 Дирижерлеу в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мәдениет және өнер мекемелерінде шығармашылық, ғылыми және ұйымдастырушылық-басқару жұмыстарын жүзеге асыруға қабілетті, жауапкершілік пен тәуекелдерді өз мойнына ала алатын, өз білімі мен тәжірибелік қызметі саласында құзыретті оркестрлердің/хорлардың, ансамбльдердің сұранысқа ие кәсіби дирижерлерін даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M027 Дирижирлеу
  • Дайындық бағыты 7M021 Өнер

Оқыту нәтижелері

  • Оркестр мен хорға жетекшілік ету, жеке көркемдік концепцияларын білдіре отырып, оркестр мен хорға арналған шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде түсіндіру қабілетін көрсету.
  • Әртүрлі оқу, кәсіби, көркемөнерпаздар, әуесқой ұжымдар құрамында ансамбльдік, оркестрлік, хордың (а капелла мен фортепианоның сүйемелдеуіндегі балалар, әйелдер, ерлер, аралас) орындаушылық және концерттік қызметін, дайындық жұмыстарын жүзеге асыруды көрсете білу.
  • Кәсіби мәселелерде терең және жан-жақты білімді көрсету, магистрлік диссертацияны орындау үшін дирижерлік практиканы, тілдерді, нысандарды, материалдарды, әдістемелерді, стильдер мен техниканы еркін меңгеру.
  • Кәсіби мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасау және кәсіби тақырыптары бойынша ақпарат алмасу үшін шет тілін, мәтіндік деректерді, ресурстарды және тұжырымдамаларды меңгеру.
  • Басқарушылық қызметтің психологиялық негіздерін, басқару жүйелерін талдау тәсілдерін білу, басқарушылық қызмет түрлерінің дағдыларын көрсету.
  • Симфониялық партитураны фортепианода орындау дағдыларын көрсету.
  • Заманауи және отандық музыкалық мәдениеттің өзекті мәселелерін түсіну, теориялық және тарихи музыкатану, этномузыкатану саласындағы жаңа үрдістерді білу, дирижерлік өнердің теориясы мен практикасын ақпараттық қолдау үшін тиісті әдебиеттерді және/немесе басқа ресурстарды пайдалана отырып, пәнаралық зерттеу әдістерін меңгеру, жобаларды басқарудың заманауи әлемдік тәжірибесін пайдалана отырып, арт-жобаларды сараптау және бағалау.
  • Ғылыми, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, әртүрлі контекстерден немесе көздерден білімді біріктіре білу, озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жобаны ресімдеу және көпшілік алдында таныстыру.
  • Джаз импровизациясының теориясы бойынша (аккордтардың құрылымы, гармоникалық қозғалыс принциптері, стандартты гармоникалық тізбектер) білімдерін көрсету, джаз стандартында импровизация ойнау.
  • Дыбыс жазу терминологиясын, студиялық дыбыс жазудың негізгі кезеңдерінің мазмұнын, үлкен ұжымдардың дыбыс жазу мәселелері мен оларды жеңудің практикалық жолдарын білуді көрсету.
Top