Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02163 Арт-менеджмент в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық және жергілікті тәжірибені, сондай-ақ гуманистік дүниетанымымен ерекшеленетін, Талдамалық қабілеттері мен білім жиынтығы, қазіргі заманғы әлемдік үрдістерге сәйкес мәдениет пен өнерді басқару саласындағы білімді зерделеу және қолдану үшін ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша іскерліктері мен дағдылары бар өнерді басқару саласындағы жетістіктерді жалпылауға және тестілеуге дайын жоғары білікті бәсекеге қабілетті маман-магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M037 Арт-менеджмент
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Арт- кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты
Қауымдық музыка мәдениеті
Стратегиялық арт-маркетинг
Басқару психологиясы
Шетел тілі (кәсіби)
Адам ресурстарын басқару
Арт-индустрия саласындағы өнеркәсіптік зерттеулер және мониторинг
Менеджмент
Тиімді коммуникациялар
Ұйымдық қақтығыстар - басқару
Мәдениет және өнер саласын мемлекеттік басқару
Интеллектуалды меншік
Инновациялық менеджмент
Өнер саласындағы жобаларды басқару
Инвестциялық менеджмент
Музыка ғылымының өзекті мәселелері
Арт-индустриядағы инновациялық жобаларды басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Өнер саласындағы мемлекеттік мәдени саясатты жүзеге асыру және басқару мәселелерін дұрыс шешу үшін қажетті шығармашылық, талдау және ұйымдастырушылық қабілеттердің болуын көрсету.
- Қазіргі бұқаралық мәдениеттің қызмет ету ерекшеліктері, басқару қызметінің әртүрлі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті мәдениет саласындағы басқарудың принциптері, функциялары және процестері туралы білімдер кешенін меңгергендігін көрсету.
- Ғылыми, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын, сыни ойлау дағдыларын, әртүрлі контексттерден немесе дереккөздерден білімді біріктіру қабілетін көрсету, озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып жобаны ресімдеу және көпшілік алдында таныстыру.
- Басқару мәселелерін шешу және өнер жобаларын жүзеге асыру үшін адам ресурстарын басқару, персоналды бағалау, мотивация, көшбасшылық, жанжалдарды басқару теориясын қолдану.
- Дүниежүзілік өнер нарығындағы кәсіби мәселелерді шешу үшін өнер саласын мемлекеттік басқару, дағдарысты басқару және зияткерлік меншік саласындағы нормативтік білімдерді пайдалану қабілетін көрсету.
- Қазіргі заманғы әлемдік және отандық музыка мәдениеті мен музыка ғылымының өзекті мәселелерін түсіну, теориялық, тарихи музыкатану және арт-менеджмент саласындағы жаңа үрдістерді білу, арт-менеджмент теориясы мен практикасын ақпараттық қолдау үшін тиісті әдебиеттерді және/немесе басқа ресурстарды пайдалана отырып, пәнаралық зерттеу әдістерін меңгеру.
- Кәсіби мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасау және кәсіби тақырыптар бойынша сөйлесу және ақпарат алмасу үшін шет тілін, мәтіндік деректерді, ресурстарды және тұжырымдамаларды меңгеру.
- Тұлғааралық, топтық және ұйымдастырушылық коммуникацияларды жолға қоюда, іскерлік әңгімелер мен келіссөздер жүргізуде, нормативтік рәсімдер мен технологияларды пайдалана отырып, жанжалды жағдайларды шешуде құзыреттілікті көрсету.
- Кәсіпорында бизнес-жоспарлау процесін ұйымдастыру, зерттеу дағдыларын қолдана отырып бизнес-жоспар құру, арт-салада жобалауды, арт-жобаларға сараптама мен бағалауды жүзеге асыру.
- Басқарушылық қызметтің психологиялық негіздерін, инновациялық стратегиялардың негіздерін, инновацияларды қаржыландыру көздерін, инновациялық жобаларды әзірлеу және арт-индустрияда инновациялық жобаларды ұйымдастыру және басқару жүйелерін құру әдістерін білу.
- Арт-индустрияда бизнес-мақсаттарға қол жеткізу үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құру, инвестициялық талдау, бағалауды жүргізу, инвестицияларды басқару саласындағы шешімдерді таңдау қабілетін көрсету.
- Кәсіби қызметті орындау үшін таңдалған және құрылымдалған ақпаратты игеру процесін өз бетінше құру қабілетін көрсету.