Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04204 Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызметі в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Отандық және шетелдік қылмыстық-құқықтық теорияның негізгі мазмұнын, даму үрдісін ашу, шектес салалармен пәнаралық өзара іс-қимыл деңгейінде қылмыстық құқықтың ұғымдық-категориялық аппаратын анықтау; қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау белгілері бойынша жүйелеу, құқық қолдану және құқық қорғау қызметінде қылмыстық заңнаманың нормаларын қолдану, құқық қорғау қызметіне баға беру, заң қызметін жүзеге асыру кезінде өз ұстанымын негіздеу дағдысын дәлелдеу дағдыларын меңгеру.
  • қылмыстық құқық бұзушылықтардың саралау белгілерін білу, тағайындау кезінде жазалау жүйесін анықтау және қолдану, қылмыстық заңнамада көтермелеу нормаларының тетіктерін қолдана білу, жеке адамға және экология саласында қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл әдістемесін әзірлеу.
  • Тергеу және жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негізін және мазмұнын білуге; іс жүргізу және жедел-іздестіру құралдарын қолдануға және баға беруге, күдіктінің, айыпталушының жеке-жеке қасиеттерін негізге ала отырып, іс жүргізу мәжбүрлеу шараларына талдау жүргізуге және қолдануға; дәлелдеу процесі үшін тактикалық арсенал жасауға, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бекіту және бағалауда кәсіби дағдыларды алады, экономика саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға ықпал ету әдістемесін әзірлеуге міндетті.
  • құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
  • Адвокатураны, прокуратураны және сот органдарын реттеудің құқықтық тетіктерін іске асыру дағдыларын меңгеру; ювеналды әділет міндеттерін шешу; сот төрелігін жүзеге асыру, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы білімді қолдану, қылмыстық іс жүргізу қызметінің Кәсіби дағдыларын меңгеру, қылмыстық іс жүргізу құжаттарын құру, прокурорлық ден қою әдістері мен тәсілдерін жүйелеу.
  • қылмыстық іс жүргізу ғылымының теориялық зерттеулерін қолдану, қоғамдық қатынастарды реттеудің қылмыстық іс жүргізу тетіктерінің ерекшеліктерін анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтарға криминалистикалық талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл әдістемесін әзірлеу, криминалистикалық міндеттерді шешудің практикалық тәжірибесін жасау, сот сараптамасының міндеттерін шешу; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде қылмыстық саясатты жасау бағдарламасын әзірлеу.
  • Жазаны атқару кезінде оны жүзеге асыру үшін қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларын қолдануға; қылмыстың алдын алу кезінде статистикалық деректерге талдау жүргізуге, зерттеудің криминологиялық әдістерін жүйелендіруге, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық міндеттерді шешу үшін виктимологиялық ерекшеліктерді анықтауға, заң қызметінің психологиялық негіздеріне баға беруге, практикалық кәсіби міндеттерді шешу бағдарламасын әзірлеуге, дипломдық жобаны жинақтау, зерттеу және бағалау әдістері мен тәсілдерін болжауға, қылмыстың алдын алу үшін статистикалық ақпаратты пайдалануға міндетті.
  • мемлекет пен құқықтың пайда болу,даму және қызмет ету заңдылықтары мен үрдістерін білу, шет мемлекеттердің мемлекет пен құқығының дамуына салыстырмалы талдау жүргізу, заңгердің кәсіби қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін конституциялық, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік, халықаралық құқық нормаларын қолдану және іске асыру дағдыларын меңгеру.
  • әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі. Ғылыми жұмыстарды әзірлеуде қажетті ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу; ғылыми зерттеулерді орындауда арнайы әдістерді қолдану; ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу; зерттеу нәтижелерін апробациялауды және тәжірибеге енгізуді жүзеге асыруға.
  • жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
Top