Жаңа білім беру бағдарламасы

6B10111 Педиатрия в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Балалардың әртүрлі жас кезеңдеріндегі функционалдық жүйесінің қалыпты және патология кезіндегі құрылымының, өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын білу
  • Денсаулық пен аурулар дамуының негізгі биологиялық, мінез-құлықтық және әлеуметтік факторларын ажырату
  • Мінез-құлықтың жоғары этикалық стандарттарын сақтай отырып, негізгі және арнайы коммуникативтік дағдыларды пайдалана отырып, балаларға пациентке бағытталған клиникалық бағалау жүргізу;кәсіби қызмет шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық өрісі аясында пациенттермен, заңды өкілдермен, әріптестермен өзара іс-қимыл жасау кезінде нормативтік-құқықтық аспектілерді сақтау;
  • Педиатриялық медицина саласына профилактикалық технологияларды енгізу бойынша қолданыстағы халықаралық және ұлттық ұсынымдарды енгізу;медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу, медициналық құжаттаманы жүргізу және толтыру дағдыларын меңгеру
  • Балалық шақтың көп таралған ауруларын диагностикалау мен емдеудің дәлелді медицина қағидаттарына негізделген заманауи әдістерін қолдану; кәсіби құзыреттілік деңгейін үздіксіз арттыру
  • Балалардың қауіпті жағдайлары кезінде базалық жүрек-өкпе реанимациясын қолдана отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету
  • Медициналық білімді, клиникалық дағдыларды және кәсіби құндылықтарды пациентке бағытталған клиникалық тәжірибеге интеграциялау
  • Клиникалық және ғылыми-зерттеу қызметі шеңберінде ақпаратты іздеу, сыни талдау және ұтымды пайдалану үшін медицина саласында IT-технологияларды қолдану
Top