Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04113 Есеп және аудит в Қазақ-орыс халықаралық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кез келген құжаттардың мазмұнын мамандыққа сай ұғыну, құжаттарды ресми талап бойынша рәсімдеу, қатесін табу, нақты сұрақтар бойынша шешім қабылдау, талдау жасау арқылы тиімділігін арттыру
  • Халықаралық және мемлекеттік экономикалық қатынастардың негіздерін білу, сондай-ақ мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін меңгеру, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жобаларды жоспарлай және іске асыра білу.
  • Қазақстандағы барлық салалар бойынша заңдылықтарды, ережелерді соның ішінде бухгалтерлік және қаржылық қызметтерінің есебінің мазмұнын кәсіпкерлік қызметі бойынша және әр түрлі ұйымдарда пайдалану, кәсіпкерліктегі келісім- шарт мазмұнын құрастыру сонымен қатар өз құқығын заң тарабында қорғай білу.
  • ХҚЕС талабына сәйкес бизнес-жоспар құруды меңгеру, бизнесті дамытудың мүмкіндіктерін және тәуекелдері бағалай білу.
  • Экономикалық қатынастарды түсіне отырып, экономикалық білімнің негізін меңгеру. Менеджмент, Қаржы, Бухгалтерлік есеп салалары бойынша ғылыми ой және тәжірибелік дағдыны қалыптастыру.
  • Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды, аудитті жүргізудің, қаржылық және қаржылық емес есептілікті қалыптастырудың тиімділігі үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыра білу.
  • Ақпаратты жөнелту ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың меңгеру арқылы экономикалық-математикалық модельдеу әдістерін пайдалану арқылы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және нәтижесін жөнелтуді технологиясын білу.
  • Математикалық ойлау дағдыларын дамыту. Бұл салада іс-әрекеттерді талдау, есептеу, логикалық құру дағдылары болуы керек, белгілі бір объектілердің өндірістік қызметіндегі проблемаларды анықтай білуі керек, сонымен қатар алған білімдеріне сүйене отырып, мәселелерді шешу жолдарын құруы керек.
  • Озық техноголияға негізделе отырып, зертеліп отырған сала бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыны қолдана отырып, жеке қалыптасқан ойды пайдалану
  • Халықаралық стандарттар бойынша шаруашылық қызметтің құжаттамасын рәсімдеу талаптарын меңгеру. Кәсіптік салада табысты бизнестің болу үшін құжат айналымының негізгі әдістерін, мақсаттарын, түрлерін зерделеу.
  • Негізгі экономикалық білім мен әдістерді меңгеру, оларды кәсіби салада табысты бизнестің жұмыс істеуінің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, кәсіби қызметте өз бетінше қолдану
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу үшін «1С: Бухгалтерия для Казахстана редакции 8.2; 8.3, кабинет налогоплательщика, онлайн-банкинг, ИС СОНО, ИС ЭСФ» сияқты бағдарламаларының теориялық түрде әдістерін білу және тәжірибе барысында қолдану.
Top