Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01113 Білім берудегі менеджмент в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми және іскерлік қарым-қатынасты жүргізе алады, ғылыми конференцияда сөз сөйлей алады, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша тезистер, аңдатпалар, мақалалар жаза алады;
  • Қазіргі әлемдік және отандық психология және педагогика ғылымдары дамуының өзекті мәселелерін, перспективаларын, беталыстарын, білім беруді басқарудың халықаралық тәжірибесін талдайды және айқындайды;
  • әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелерін, жоғары оқу орнындағы ғылыми таным мен педагогиканың қазіргі даму тенденцияларын талдайды және қорытындылайды;
  • девиантты, делинквентті, деструктивті, суицидтік мінез-құлықтағы тұлғалармен жұмыс істеу және оларды әлеуметтік оңалту әдістерін меңгеріп, адамдардың психологиялық өзіндік санасын дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
  • кәсіби әдеп нормаларын ескере отырып, басқарушылық қызметтің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды; ұйымның дамуындағы жағдай мен өзгерістерді жорамалдайды және болжайды;
  • басқару технологиялары мен инновациялық әдістерін, білім беру ұйымдарындағы маркетингті, педагогикалық үдерісті, басқарушылық және білім беру үдерістерінің тиімді нәтижелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жобалық іс-әрекеттерді қолданады;
  • ғылыми-зерттеу әдістемесі мен әдістерін, математикалық статистиканы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу қызметінің нәтижелерін талдау технологиясын пайдалана отырып, ғылыми-практикалық тапсырмаларды орындайды;
  • Көпмәдениетті және көптілді ортадағы ғылыми, психологиялық-педагогикалық басқару, әлеуметтік өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін шет тілін пайдаланады, мәдениетаралық өзара әрекеттесу процесінде мәдениеттердің алуан түрлілігін талдайды және есепке алады;
  • психологиялық-педагогикалық теория мен қазіргі заманауи тәжірибеде менеджменттің даму беталыстары мен негізгі жетістіктерін, генезисін талдап-қорытады; білім беру жүйелерін басқарудың өзекті міндеттерін шешуде мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдерді білетіндігін қолдана алады;
  • диагностиканың, дамытудың, түзетудің, терапияның, кеңес берудің заманауи әдістерін қолданып, тұлғаның психологиялық зерттеуін жүргізеді;
  • ғылыми зерттеу әдіснамасын, жоғары мектептегі бейіндік пәндерді оқытудың тиімді әдістемесін, білім берудегі инновациялық менеджментті қолданады;
  • көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс дәлелдей отырып, өз іс-әрекетін кәсіби түрде түзете отырып, ұжымды тиімді басқарады.
Top