Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • жоғары мектепте білім деңгейін, ғылыми ой-өрісін, құзыреттілігін, біліктілігін арттыру, жаңа білім, білік және дағды алу, қазақ, орыс және шет тілдерін білуін жетілдіру бойынша өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін қолдану
  • мәдениет аралық коммуникативтік ортада мамандардың кәсіби, ғылыми-зерттеу, әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық қызметін ұйымдастыру үшін қажетті дағдылар мен іскерліктерді қолдану
  • тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңнама тұрғысынан өндірістік жағдайларды өз бетінше талдау, заңды және жеке тұлғалардың адаммен өзара қарым-қатынасындағы іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру
  • технологиялық процесте және жұмыс орнында тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау тәуекелін төмендету бойынша шаралар әзірлеу
  • қоршаған ортаны қорғау және адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі технологияларын әзірлеумен байланысты міндеттерді шешу үшін әдістерді қолдану
  • өндірісте және өндірістік объектілерде нақты жағдайларда тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында жаңа әзірлемелерді қолдану тиімділігін бағалау
  • дайындық бағыты бойынша болашақ қызмет саласында гигиена мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту үшін жағымсыз техногендік салдарларды азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіби білімнің рөлін талдау
  • адамның өмірі мен қызметінің барлық жақтарын төтенше ақпараттық – техникалық қанықтыру жағдайында оның қауіпсіз-жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етудің көп факторлы және көп деңгейлі міндеттерін шешу
  • техногендік жүйелердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін болжау және бағалау әдістерін әзірлеу
  • теріс техногендік салдарларды азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзінің кәсіби қызметі саласында еңбек жағдайларын жақсарту үшін іс-тәжірибелік шаралар әзірлеу
Top