Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04104 Есеп және аудит в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • Салық есебін жүргізу және салық есептілігін қалыптастыру, шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі қаржылық есептілікті құру; мәмілелерді синтетикалық және аналитикалық есепке алу, регистрлерде бухгалтерлік ақпаратты жинақтау, ШОК үшін ХҚЕС-қа сәйкес қаржы есептілігін жасау
  • Бухгалтерлік есептің маңыздылығын бағалау, халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің қағидалары мен әдістерін енгізу және қолдану, сандық есептің теориясы мен тәжірибесінің, актуарлық есеп принциптерін, қоршаған ортаны қорғау шараларын есепке алу әдістемесін білу, сандық есепке алудың теориясы мен практикасы сұрақтарын, актуарлық есеп қағидаларын, қоршаған ортаны қорғау шараларын есепке алу және аудит әдістемесін меңгеру, шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін анықтау, басқару есебін жүргізе білу және экономиканың әртүрлі салаларында бухгалтерлік есеп беруді қалыптастыра білу, бюджеттеу, қысқа мерзімді жоспарлау облысындағы теория мен дағдыларды меңгеру, 1 С: Бухгалтерия бағдарламасында есеп-есептеу жұмыстарын жүргізу.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Қазіргі заманғы математика әдістерін қолданып, ЭММ элементтерін және ықтималдық теориясы мен математикалық статистика негіздерін қолданып, тәуелділіктер мен заңдардың теориясы мен бақылауына негізделген нақты экономикалық есептерді жүргізу үшін деректерді жинау, өңдеу және талдау
  • Экономикалық даму заңдылықтарын, микроэкономикалық модельдерді, кәсіпорынның стратегиялық дамуын жоспарлауды, қаржыны қалыптастыру негіздерін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу теориясы мен практикасы жүйесін, бюджет жүйесін, соны мен қатар менеджмент пен логистиканың негіздері мен функцияларын қалыптастырады
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың қаржы және басқару есептерінің көрсеткіштерін талдау, ішкі және сыртқы ақпарат негізінде қаржы-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру тенденциясын анықтау; белгілі бір кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдайтын ақпарат көздерін жинау, қызмет нәтижелерін белгілеу, қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін талдау және оларға қорытынды жасау
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
  • Аудиттің негіздері, аудиттің кәсіптік стандарттары және аудитордың этикалық нормаларының ережелерін игеру, сондай-ақ ақпараттың шынайылығын анықтау үшін кәсіби пікірталас құралдарын меңгеру, аудитті, оның ішінде ішкі аудитті жүргізе білу, тексеріс нәтижелерін рәсімдеу; кәсіпорынның іскерлік операцияларына бастапқы құжаттар дайындау, 1 С:Есеп бағдарламасында есеп және есептеу жұмыстарын жүргізу, қаржылық есептіліктің нысандарын және түсіндірмені қалыптастыру; әрекет етуші кәсіпорынның қаржылық есептілігінің бақылауы мен аудитін жүргізу үрдісінде нормативтік құжаттардың ережелерін кәсіби түрде пайдалану, ұйым қызметін бағалау мақстында талдамалық есептеулер жүргізу және ұйым .қызметінің көрсеткіштерін жақсарту үшін резервтерді іздей білу.
Top