Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02313 Аударма ісі в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Студенттерді академиялық жазылымның негізігі қағидаларымен таныстыру, ғылыми жұмыстар, эссе жазуға машықтандыру, ғылыми басылымдарға мақала жариялауды үйрету, ғылыми мақалалар жазу қабілетін жетілдіру, пәнді оқыту барысында практикалық мысалдар мен жаттығуларды қолдана отырып, жаңа идеяларды өз бетінше игеру дағдыларына ие болу, ғылыми ақпараттың, зерттеушінің (ғалымның), басқарушының (менеджердің) ағымын тез және тиімді бағдарлау, студенттердің академиялық жазу қабілетерін дамыта отырып шетелдік, отандық ғылыми басылымдарда еңбектерін жариялау, халықаралық ғылыми конференцияларға қатыстыру.
  • Аударма қызметінің түрлері мен кезеңдерін жүзеге асыру; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру; академиялық мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктерін және аударма шеберлігінің принциптерін ескере отырып, академиялық лексиканы пайдалану.
  • Іскерлік қарым-қатынас саласында білім деңгейін көрсету; іскерлік хаттарды, конференциялар, кеңестер, семинарлар материалдарын ресімдеу нысандарын қолдану; ағылшын тілінің грамматикасын білу, қарым-қатынас жасау үшін ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесінің әдістері мен тәсілдерін зерттеу.
  • Лексиканы, грамматикалық жүйені түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын қолдану; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын лингвистикалық сипаттау және талдау әдістерін меңгеру, дәлелді ақпаратты пайдалану негізінде заманауи мәселелерді шешу бойынша өз пікірін білдіру.
  • Диалог, монолог жүргізу және әлеуметтік, ақпараттық және кәсіби сипаттағы хабарламалар жасау; әлемдік кино медиасы саласындағы ақпаратты алуға және бағалауға мүмкіндік беретін деңгейде ағылшын тілін қолдану.
  • Ағылшын тілінде коммуникацияның әртүрлі түрлерін құру үшін ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгеру; тілдік құбылыстарды, мәтіндердің мазмұнын, авторлық идеяларды тереңірек түсіну үшін ағылшын тілін фонетикалық, лексикалық және стилистикалық білімді меңгеру.
  • Шет тіліндегі мәтіндерді, тұтас және логикалық мәлімдемелерді шет тіліндегі коммуникация шарттарына сәйкес оқу және тыңдау кезінде түсіну; ағылшын тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, ағылшын тілінде еркін сөйлеп,әңгіме жүргізе білу.
  • Аударма процесінің түрлері мен кезеңдерін анықтай білу; кәсіби аударма қызметі процесінде кейіннен пайдалану мақсатында фондық білімді жүйелеу және кеңейту үшін қоғамдық - саяси, Елтану және мәдени сипаттағы ақпаратты өңдеу.
Top