Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02103 Вокалдық өнер в Қазақ ұлттық өнер университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі теориялық, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жетістіктерін негізге ала отырып, білімді практикада қолдануға қабілетті жоғары білікті маман-музыканттарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Қазақ ұлттық өнер университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M024 Вокалдық өнер
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M021 Өнер
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Зерттеу жұмысының әдістемесі І
Шет тлі (кәсіби)
Ғылыми зерттеу негіздері
Ғылыми зерттеу жұмысы
Басқару психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылым философиясы мен тарихы
Мамандық І
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру I
Ғылыми-зерттеу классы І
Ғылыми-зерттеу жобасы
Музыкалық өлкетану
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру II
Көркемдік білім беру педагогикасына кіріспе
Қазіргі музыка ғылымының әдіснамасы
Ғылыми-зерттеу классы ІІ
Іскерлік қарым-қатынас үшін ағылшын тілі
Музыка ғылымы саласындағы зерттеу әдістемесі
Өнер педагогикасы
Музыкалық білім беру жүйесіндегі өлкетану
Кәсіби коммуникация саласындағы шет тілі
Мамандық ІІ
Ғылыми мақсаттар арналған шет тілі
Көркем-шығармашылық технологиялар
Зерттеу жұмысының әдістемесі ІІ
Этномузыкатану әдістемесі
-
2 Оқу жылы
Шығармашылық жоба
Орындаушылық шеберлік
Музыкалық-теориялық жүйелер
Шығармашылық педагогикасы
Музыкалық-педагогикалық шығармашылық
Теориялық музыка негіздері
Музыка ғылымының теориялық мәселелері
Музыкалық білім педагогикасы
Жоғары мектепте арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Қазақ халқының музыка философиясы
Ғылыми мәтінді дайындау технологиясы
Қазақ музыкалық мәдениетінің онтологиясы
Академиялық жазу негіздері
Ғылыми жұмысты таныстыру технологиясы
Қазақ мәдениетінің эстетикасы
Оқыту нәтижелері
- Жоғары білім беру ұйымдарында сабақ беру; оқытылатын пәндер бейініне сәйкес оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік құралдарды әзірлеу; Музыкалық білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен процестерді талдау, Музыкалық білім беру саласындағы әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдістерді меңгеру.
- Қазіргі ғылыми жетістіктерді сыни тұрғыдан бағалай білу; эмпирикалық және эксперименттік деректерді сауатты өңдеуге мүмкіндік беретін аналитикалық қабілеттерді анықтау, жеке еркін ғылыми шығармашылықты ұжымның нәтижесі үшін жауапкершілікпен ұштастыра білу.
- Ғылыми академиялық және кәсіби қарым-қатынас (академиялық жазу, академиялық презентация, көпшілік алдында сөз сөйлеу) мақсатында ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыру.
- Тарихи-мәдени мұраны дамытудың негізгі кезеңдерін білу; әртүрлі зерттелетін дереккөздер негізінде музыкалық өлкетану бойынша ақпаратты талдай, сипаттай, түсіндіре білу.
- Ұлтаралық коммуникация нормаларын еркін меңгеру, ғылыми баяндамалар мен мақалаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін баяндау, іскерлік келіссөздер жүргізу.
- Концерттік-опера орындаушысының кәсіби қызметінде музыкалық-теориялық, тарихи-мәдениеттанулық білімді қолдана отырып, сахналық бейнені нанымды жасай отырып, көркемдік және техникалық орындаушылықтың арасындағы органикалық бірлікке қол жеткізе алады. Білім беру және вокалды-педагогикалық қызметте музыкалық-теориялық, психологиялық-педагогикалық білімді және ғылыми-зерттеу біліктері мен дағдыларын қолдану. Мәдениет және өнер мекемелерінде концерттік-орындаушылық қызметті дербес жүзеге асыру, музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жобаларды дайындау және оған қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мәдениет мекемелерімен (филармониялар, концерттік ұйымдар, агенттіктер және т.б.) байланысты жүзеге асыру.
- Ғылымда оның дамуының қазіргі кезеңінде зерттелетін негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау және нәтижелерді кәсіби қызметте пайдалану; білім беру саласына философиялық және ғылыми көзқарастардың бірлігін түсіну.
- Тарих, музыкалық өнер теориясы, мәдениет және білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді орындау; психологиялық-педагогикалық ғылымдар мен өнертанудың негізгі ережелері мен әдістерін қолдану, музыкалық өнер және білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен процестерді талдау; музыкалық өнер және педагогика саласындағы негізгі теориялық білімдермен жұмыс жасау.
- Мәдениет және өнер ұйымдарында басқарушылық функцияларды орындау; концерттік және театрлық ұйымдардың ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымымен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру, өнер саласындағы менеджментті ұйымдастыру саласындағы білімді қолдану.