Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04203 Халықаралық құқық в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық құқық нормалары мен ұлттық заңнама нормаларын білуге, халықаралық құқық саласында шет тілін меңгерген, құқық нормаларын түсіндіруде, оларды іс жүзінде қолдануда, сондай-ақ норма шығаруда кәсіби дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, соттарда, үкіметтік емес ұйымдарда, шетелдік және халықаралық компанияларда кәсіби міндеттерін табысты орындау үшін заңдылық пен құқықтық тәртібін нығайту мақсатына негізделген.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тұлғаларға өкілдік ету және қорғауды іске асыру, келісімге келу және дауларды медиация тәртібімен шешу, дәлелдемелерді біріктіру және бағалау, істерді қабылдау және соттарда мемлекет атынан өкіл, қорғаушы немесе прокурор ретінде әрекет ету, құқықтық құжаттарды ресімдеу және халықаралық істерді шешу дағдыларын меңгеру халықаралық арбитраж, азаматтық іс жүргізу және нотариаттық қызмет туралы заңды қолдануға;
  • Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің конституциялық заңнамасының негіздері туралы білімін қолдану; тарихи-құқықтық аспекті, сонымен қатар салыстырмалы құқықтық зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызметі туралы алған білімдеріне сүйене отырып, құқықтық принциптерді, нормативтік құқықтық актілерді және сот шешімдерін талдау, олардың негізгі белгілерін анықтау.
  • азаматтық-құқықтық институттар саласында білімі болуы, оларға байланысты туындайтын заңды фактілерді және азаматтық-құқықтық қатынастарды талдай білу, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот шешімдерін талдау, білікті заңдық қорытындылар мен кеңестер беру; сондай-ақ азаматтық құқық саласындағы шетелдік элементпен күрделенген істерді қарауға;
  • құқық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді бағалау, ғылыми мақалаларды жариялау арқылы алынған нәтижелерді ұсыну, ғылыми-зерттеу жобаларға қатыса алады;
  • қылмыстық және әкімшілік заңнаманың мазмұнын ашу; құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды санаттарға жіктеу; қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды саралауды, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқық принциптерін зерттеу және бағалауды жүргізу; заңнамалық және заңға тәуелді құқықтық актілерді және сот шешімдерін түсіндіру, қылмыстық қудалау органдарында және соттарда қорғау және айыптау істерін жүргізе біледі
  • алған білімдері негізінде туындайтын құқықтық жағдайларды жүйелей білу, сонымен қатар конструктивті диалог құру, келіссөздер жүргізу және даулы жағдайларды жою дағдыларына ие болу, білікті заңдық қорытындылар мен кеңестер беруді білуге;
  • халықаралық шарттарды жасасу және халықаралық ұйымдарды құру тәртібі туралы білімді қолдану, халықаралық құқық нормаларын талдау және түсіндіру; халықаралық дауларды құқықтық реттеу дағдылары болуы, сондай-ақ ұлттық заңнаманың нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу.
  • қылмыстық атқару өндірісінің құқық қолдану тәжірибесінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауға;
  • академиялық деңгейде ағылшын тілін жазу және сөйлеу дағдыларының болуы, заң терминологиясын білу, сонымен қатар заңгерлік және дипломатиялық аударма техникасын меңгеруге;
  • Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдиниеттік ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
  • дипломатиялық және консулдық құқықтық қатынастардың негіздерін білуі, дипломатиялық этикет пен хаттама негіздері бойынша білімін қолдануы, сондай-ақ хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жоспарлауын жүзеге асырады.
  • криминалистикалық әдістердің жалпы ережелері туралы білімді қолдану, криминалистикалық әдістерді пайдалана отырып дәлелдемелерді алу және бағалау.
Top