Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04113 Корпоративтік қаржы в Каспий қоғамдық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Корпорацияны біріктіру, жұту және қайта құрылымдастыру мен оның тәуекелін басқаруда тиімді инвестициялық және дивидендтік шешімдер қабылдау; корпорацияның меншікті және қарыз капиталын тарту құнын есептеу және оның оңтайлы құрылымын анықтау; корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық қызметін болжау бойынша қаржы және қаржы қатынастары саласында іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар бакалаврларды дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қаржы нарығында және қаржы институттарында кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде әртүрлі қаржы құралдарымен, сақтандыру өнімдерімен, қаржы аналитикасы мен төлем жүйелерінің технологияларының заманауи тәсілдерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру
  • Басқару шешімдерін қабылдау кезінде менеджмент пен маркетингтің стратегиялары мен тактикасын әзірлеу
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде әлеуметтік өзара қарым-қатынас пен іскерлік коммуникацияны жүзеге асыру; әлеуметтік-тарихи, этикалық және философиялық контексте қоғамның мәдениетаралық әртүрлілігін ілгерілету
  • Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін басқару, ұлттық және әлемдік экономиканың әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясын бағалау кезінде экономика, статистика, бухгалтерлік есеп саласындағы базалық білімді көрсету
  • Қаржы теориясына негізделген компаниялардың қаржысын басқару, қаржылық жоспарлау және бюджеттеу, қаржылық бақылау және аудит, ішкі-сыртқы ортаның белгісіздігі мен тәуекелі жағдайында компанияның бірігу, қайта құрылымдау және банкроттық рәсімдерін басқару дағдыларын қолдану
  • Салықтық жоспарлау мен әкімшілендіруді жүзеге асыруда салық теориясы мен салық салу туралы іргелі білімді қолдану
  • Қолданыстағы құқықтық және әлеуметтік нормаларды, қолда бар ресурстар мен шектеулерді негізге ала отырып, қойылған міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелік тәсілді қолдана отырып, ақпаратты іздеуді, сыни талдауды және синтездеуді жүзеге асыру; өз уақытын басқару, командада жұмыс істеу және толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене шынықтырудың тиісті деңгейін қолдау; табиғи ортаны сақтау үшін өмір сүрудің қауіпсіз жағдайларын жасау және қолдау
  • Экономикалық - математикалық әдістерді, заманауи бағдарламалық өнімдерді және ақпаратты өңдеудің инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану
  • Қаржылық тәуекелдерді басқарудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, инвестициялау, инвестициялық талдау және инвестициялық стратегияны қалыптастыру саласындағы білімді көрсету
  • Ғылыми зерттеулер жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және өз қөзқарасын жазбаша дәлелді баяндау дағдыларына ие болу
Top