Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01534 Математика-Информатика в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жеке тұлғалық тұрғыда жетілуде өзін-өзі ұйымдастырады, өз бетінше білім алу дағдыларын қолданады, бүкіл белсенді өмірі бойында өзін-өзі жетілдіреді және дамытуға ат салысады, математика және информатиканы оқытудың негізгі әдістемелік мәселелерін талдайды, гипотеза жасайды, тапсырманы қояды, мәселелерді шешеді.
  • Кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдыларын ауызша-жазбаша, цифрлық формаларда қолдана алады, жеке тұлғалық, қоғамдық қатынастарда қазақ, орыс және шет тілін (ағылшын) меңгереді, ұжымда жұмыс жасауда әлеуметтік, ұлттық, діни және мәдени ерекшеліктерге төзімділік көрсетеді, қоғамдық қатынастарда әлеуметтік-этикалық құндылықтарды, іскерлік әдеп негіздерін сақтайды.
  • Заманауи модельдеу әдістері мен компьютерлік технологиялар негізінде алынған нәтижелерді талдайды, педагогикалық эксперименталды зерттеулерді жоспарлайды, қойылған мәселелерге қатысты шешімдерді өңдейді, қажетті құралдарды таңдайды.
  • Математика және информатикалық қолданбалы мәселелерді шешуде және кәсіби қызметте теориялық білімді қолданады, заманауи компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді сауатты шешеді, тиімді оқыту әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-педагогикалық қызметті табысты жүзеге асырады.
  • Жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыруда өз білімін қолданады, азаматтық ұстанымын қоғам дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарына талдау жасау арқылы қалыптастырады, математикалық білімін және ақпараттық сауаттылығын білім берудің барлық деңгейлерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылым мен білім беру мекемелерінде қолданады.
  • Заманауи бағдарламалық өнімдер, техникалық құралдарды және технологияларды кәсіби салада пайдаланады, қызмет ету барысында туындайтын мәселелерді түрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерді іздейді, талдайды және қолданады, кәсіби қызметін ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүзеге асырады, математикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
  • Магистрлік диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазба және т.б. түрінде ақпараттық ресурстармен қамтылған эксперименттік зерттеулер мен аналитикалық жұмыстың нәтижелерін қорытындылайды, қолданбалы математика, математикалық модельдеу және жүйелік программалау, математикалық экономика, математика салаларындағы білімді жетілдіруде мониторинг жүргізеді, математикалық модельдеуден және компьютерлік технологиядан ғылыми-зерттеу жүргізеді.
  • Магистрлік кәсіби қызметте жаңа білім алу дағдыларына ие болады, заманауи техникалар мен технологияларды, жаңалықтар мен өнер табыстарды енгізуде ғылыми және консалтингтік зерттеулерді өздігінше жүргізеді.
  • Ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, қойылған мақсатқа жету үшін жедел жұмыстық топтар құрады және басқарады, қабылданған шешімге байланысты жауапкершілікті өзіне ала білуі және ұйымдастыру-басқару қызметіндегі өз көзқарасын білдіреді, басқару қызметіне өндірістік үдерістерді жоспарлайды, ұйымдастырады, үйлестіреді және басқарады.
Top