Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01700 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • ОН 2.Академиялық жазылымның негізігі қағидаларын меңгеру, ғылыми жұмыстар, эссе жазуға дағдыландыру, ғылыми басылымдарға мақала жариялау, ғылыми мақалалар жазу қабілетін жетілдіру, білім берудегі жаңа идеяларды өз бетінше игеру дағдыларын қалыптасыру, педагогикалық ұйымдастырудың қыры мен сырын терең меңгеру,
  • ОН 7. Қазақ әдебиетінің барлық тарихи кезеңдерін саралау және әдеби-танымдық көзқарас қалыптастыру, әдеби шығармаларды теориялық талдау, Абай және Алаш қайраткерлерінің мұрасы негізінде жаңа идеяларды салыстыру және зерттеу, өнер туындыларын бағалау, пікірталастар, өнер туындыларын оқыту арқылы дүниетанымды қалыптастыру.
  • ОН 5. Әдебиеттану ғылымы, оның әдістері мен методологиясын меңгеру, әдеби процесс, эстетикалық заңдылықтарын салыстыру, әдеби шығармаға баға беру, көркем туындыларға рецензия, эссе жазуға дағды қалыптастыру, көркем шығарманы талдау, Шетел әдебиеті шығармаларын ұлттық әдебиетімізбен салыстыру, әдеби шығармалардың көркемдік-эстетикалық сапасын саралау, әдебиетті рухани-эстетикалық құндылық тұрғысынан қарастыру, мәтіндерді жазбаша, ауызша аудару қабілетіне ие болу, мәтінді аудару барысында аударма сапасын жақсарту.
  • ОН 4. Қазақ тіл білімінің салалары және олардың өзара байланысын меңгеру, оларды тарау-тармақтарға жіктеу, оның даму зандылықтарын айқындау, тіл туралы қорытындылар, болжаулар жасау және зерттеу. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізінде сөздіктер құрастыру, тіл мәдениетінің дамуына, сауаттылықты арттыруға, әдеби тіл мен оның нормаларына, жазу емлесін қатаң сақтауға дағдыландыру, кәсіби және әлеуметтік мазмұндағы мәтіндерді дайындау мен редакциялау, мәтінді филологиялық талдау және интерпретациялау.
  • ОН 8. Тіл біліміне қатысты фактілерді жинау, меңгеру, қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисінің құрылымын, даму кезеңдері мен ерекшелігін айқындау, күрделі ұйымдастырылған мәтіндермен жұмыс жасау, тіл білімінің теориясын салыстыру арқылы талдау жасау, зерттеу жұмыстырын жүргізу, БАҚ-та жариялауға арналған қолжазбаларды талдау және редакциялау.
  • ОН 3.Білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын меңгеру және зерттеу, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әртүрлі талаптарды анықтау, Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын тиімді жүргізу, бағалау қағидаттарын, құрылымы мен мазмұнын меңгерту.
  • ОН 6. Жаңартылған білім мазмұны бойынша білімдерін жетілдіру, оқу процесінде заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану, оқытудың маңызын тереңдету, алған білімін тәжірибеде қолдануға дағдыландыру, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру.
  • ОН 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
Top