Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04213 Азаматтық құқық және процесс в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен криминалистиканың негіздерін түсіну; қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру және дұрыс қолдану; қылмыстық сот ісін жүргізудегі қылмыстық процестің функцияларын түсіну және алдын ала тергеп-тексеру мен сот талқылауын жүргізудің заңмен бекітілген әдістерін қолдану.
  • Кәсіпкерлік құқық және жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Құқық қорғау органдарының жүйесін, құрылымын және ұйымдастырылу принциптерін түсіну; заңды іс-әрекеттердің барлық түрін жүзеге асыру; әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.Өз қызметінің мүмкін болатын салдарын және ол үшін жауапкершілік көтеру қажеттілігін сезіну.
  • Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу.
  • Құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерін реттеу ерекшеліктерін, соның ішінде міндеттемелік, авторлық, әлеуметтік қамысздандыру құқығы мен интелектуалдық меншік құқығы заң ғылымдардың негізгі ережелерін, негізгі ұғымдарымен мәнін, материалдық құқықтың әр түрлі салаларындағы құқықтық қатынастарды түсіндіре білу.
  • Мемлекет және құқық теориясының негізгі санаттарын, конституциялық және әкімшілік құқығының негіздерін, әлем елдерінің және ҚР мемлекеттік билік институттары мен механизмдерінің эволюциясын түсіну, тарихи-құқықтық мәселелер бойынша өз көзқарасын дәлелдей білу, нормативтік-құқықтық актілерді талдау.
  • Азаматтық-құқықтық ұғымдар, анықтамалар туралы білімдерін көрсету; материалдық және процестік құқық нормаларын қолдану дағдыларын көрсету; азаматтық, еңбек, отбасы, халықаралық жеке құқық салаларында заңгерлік кеңес беру, заңды құжаттарды жасау және талдау дағдыларын үйрену.
  • Жер және экологиялық құқық нормаларын қолдана білу. фактілер мен мән-жайларды заңды түрде дұрыс саралау, дәлелдеу және құқықтық талдау дағдыларын меңгеру, кейстер мен ситуациялық есептерді шешу алгоритмін құру
  • Шарттық, банктік, мұрагерлік, сақтандыру және тұрғын үй құқығының құқықтық қатынастарының жекелеген түрлерін реттеудің ерекшеліктерін білу, салалық құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, құқықтық құжаттар жасауды білу.
Top