Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11311 Логистика және қозғалысты ұйымдастыру в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқыту бағдарламасының мақсаты - қазіргі замандағы талаптар мен шарттраға сай келетін, еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап бере алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіби материалдарды, технологияларды, көліктік қызметтерді және көлік құралдарын ұйымдастырудағы инновациялық әдістерді қолдануға қабілетті көліктік қызметтерді көрсетудегі талаптарды қанағаттандыруға лайықты теориялық білімдерге ие көліктік қызметтер аясындағы практикалық дағдылар мен заманауи инновациялық технологияларды қолдануды игерген мамандар дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математика
Инженерлік графика
Химия
Физика
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі
Инженерлік механика
Бірыңғай көлік жүйесі
-
2 Оқу жылы
Қалалық көлік
Жүргізушілерді даярлаудың әдістемелік негіздері
Отын, майлау материалдары және техникалық сұйықтар
Логистика негіздері
Автокөлік құралдары
Жол қауіпсіздік ережелері
Отын және жағармай материалдары химмотологиясы және трибологиясы
Жылу техникасы және термодинамика негіздері
Автокөлік энергетикасы
Автокөлік құралдарының қозғалтқыштары
Компьютерлік графика
Автокөлік құралдарының динамика негіздері
-
3 Оқу жылы
Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздігі
Автомобиль көлігіндегі техникалық реттеу және лицензиялау
Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы
Ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдау
Жолаушылар тасымалы логистикасы
Жүк және коммерциялық жұмыстардың негіздері
Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жол қозғалысын ұйымдастыру
Көлік құралдарының қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау
Көлік - қойма кешені
Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
Автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет
Жол қозғалысының қауіпсіздігі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жылу техникасының негізгі заңдарын, теоремаларын, принциптерін, жанар-жағармай материалдары мен техникалық сұйықтықтардың физикалық-химиялық қасиеттері мен өнімділігін, көлік құралдарын пайдалану кезінде олардың көрсеткіштерінің өзгеру заңдылықтарын білу. Отын шығынын үнемдеуге арналған қарапайым тапсырмаларды шешу.
- Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.
- Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
- Жүк және коммерциялық жұмыстың негіздері мен міндеттерін; кәсіпорындағы басқару және басқару тәсілдерін; тиеу - түсіру жұмыстарының сипаттамаларын; Көлік және көлік қызметтері саласындағы сертификаттаудың мәнін; халықаралық логистикалық жүйедегі көлік аспектілерін; көлік логистикасының міндеттері мен функцияларын білу.
- Логистикалық операциялар бойынша сапалы және уақтылы қызмет көрсету, жүк және жолаушылар сипатындағы уақтылы тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері, көлік желісі қызметкерлеріне қатысты еңбекті қорғау және гигиена нормаларын сақтай отырып, жүк және жолаушылар ағындарының маршруттарын синхронды реттеуді жүзеге асыру, жол парақтары, жүкқұжаттар, қозғалыс кестелері және режим сияқты тасымалдау құжаттамаларын толтыру.
- Көлік құралдарының жалпы орналасуын, автокөлік құралдарының жұмыс процесі және негізгі параметрлерін, заманауи көлік құралдарының жіктелуін және олардың негізгі құрылымдық бөліктерін, механизмдердің жұмысындағы ақаулардың себептерін, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу әдістерін білу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Математика, химия және физиканың негізгі бөлімдері туралы негізгі түсініктерді білу және түсіну, оларды инженерлік-техникалық мазмұнға қатысты мәселелерде қолдану. Сызу білімін машина бөлшектері эскиздерін, нұсқаларын, жалпы көрінісін жасауда пайдалана білу. Инженерлік сызбаларды маман ретінде оқып-тани білу
- Көлік құралдарының көліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты негізгі объектілер мен процестерді, әртүрлі жол жағдайындағы көлік қозғалысының түрлерін зерттеуді, автомобиль жолдарын тексеруді, қозғалыс тығыздығы мен қауіпсіздігін бағалау мәселелерін білу;
- Механизмдердің схемаларын таңдау немесе құру және оның параметрлерін анықтау мүмкіндігін, машина бөлшектерінің негізгі критерийлері мен олардың істен шығу түрлерін білу; Механиканың негізгі заңдарын, теңдеулерін және теоремаларын, құрылымдық элементтер мен машина бөлшектерін беріктікке, қаттылыққа және тұрақтылыққа есептеу әдістерін білу.
- Логистикалық сипаттағы карталарды жылдам жобалауды, жоспарлауды, тексеруді және уақтылы басқаруды іс жүзінде жүзеге асырады, логистикалық ақпаратты жинау, сақтау, беру үшін цифрлық технологиялардың неғұрлым озық нәтижелерін пайдаланады, мәліметтерді жинау, сақтау және өңдеу тәсілдерін, сондай-ақ іске асыру жоспарындағы ақпараттық және инфрақұрылымдық процестердің тәсілдерін талдайды.