Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01712 Ағылшын және неміс тілдерінің оқытушысы в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Бастауыш және орта мектепте шет тілін оқытудың заманауи әдістерін және педагогикалық практикада арнайы бағытталған инновациялық әдістерді қолдану.
  • Ағылшын және неміс тілдерінің В1-В2 деңгейі бойынша негізгі вокабуляр мен сөз тіркестерін қолдана отырып, формальды және бейресми сөйлеудің арасындағы айырмашылықты анықтау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Зерттеуді жоспарлау, зерттеу нәтижесінде студенттерге сауалнама құрастырып, жиналған мәліметтер негізінде болжамды әрекеттерді анықтайды.
  • Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды көрсету; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын сипаттау және талдау тәсілдерін меңгеру. Қазақ тілінің латын әліпбиін пайдалана отырып жазу және оқу дағдыларын меңгеру.
  • Қарым-қатынас мақсатында ағылшын тілінің кәсіби грамматикасын қолдана отырып ағылшын және неміс тілдерінде, тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде көрсету.
  • Ағылшын тілінің лексикасы мен терминологиясын қолдана отырып, тілдің төрт бағыты халықаралық емтихан IELTS құрылымымен танысады.
  • Педагогика және психология ғылымының теориялық негіздерін ескере отырып, инклюзивті процестерді ұйымдастыру әдістерін және тәрбие жұмысын жүргізу технологиясын қолданау
  • Ағылшын және неміс тілдерінің теориялық негіздерін анықтай отырып, лексикологиялық құрылымын, ағылшын және неміс тілдерінің кәсіби лексикасын қолданады.
  • Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін талдау.
  • Ағылшын және неміс тілдерінің лексикасын, әдебиеттері мен функционалдық стильдерін, Ұлыбритания мен АҚШ-тың даму ерекшеліктерін ескере отырып қолданады.
Top