Жаңа білім беру бағдарламасы

7M06203 Электроника және коммуникациялық технологиялар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • ғылым тарихын, қазіргі қоғамның мәдениеті мен білімін дамытуды теориялық зерттеулерді ескере отырып, электроника және телекоммуникация саласындағы озық технологияларды жасау мен қолданудың халықаралық тәжірибесін талдау, сондай-ақ алынған нәтижедерді инженерлік мәселелерді шешу кезінде жаңғырту және түсіндіру
  • электроника және коммуникация саласындағы жаңа құрылғыларды жасау және оңтайландыру үшін сигналдарды өңдеудің, электронды құрылғыларды жобалаудың, телекоммуникациялық жүйелерді модельдеудің заманауи әдістерін қолдану
  • озық коммуникациялық технологияларды, соның ішінде байланыстың оптикалық, радиотолқындық және кванттық түрлерін бағалау және салыстыру, сонымен қатар әлемдік ғылыми орталықтардың зерттеулері мен қолдану нәтижелерін талдау
  • деректерді қорғау және шифрлеу, деректерді жылдам өңдеумен қамтамасыз ететін, сондай-ақ байланыс желілеріндегі әртүрлі кедергілерге төзімді телекоммуникациялық желілердің оңтайлы құрылымы мен жұмысын таңдау және қамтамасыз ету
  • ақылды жүйелердің архитектурасы мен желілерін ұсыну және сынақтан өткізу, сондай-ақ сенсорлар, наноэлектроника және Заттар Интернеті саласындағы заманауи технологиялық шешімдерді енгізу
  • объектілерді және ұшқышсыз ұшу аппараттарын тануды және нейрондық желілерді пайдалана отырып, автоматтандырылған және роботтандырылған электрондық жүйелерді сынақтан өткізу және эксперименттік жұмыстарды жүргізу
  • заманауи басылымдарда жарияланған ғылыми-зерттеу нәтижелерін түсіндіру және үйрету, ғылыми-технологиялық мәселелерді тұжырымдау және ғылыми семинарлар мен конференцияларда талқылау арқылы ықтимал шешімдерді ұсыну
  • тәжірибелік өнеркәсіптік жобаларды басқару және қолдау, өнеркәсіпте жаңа әзірлемелерді технологиялық енгізуді жүзеге асыру, телекоммуникациялық жүйелерді автоматтандыру
  • ғылыми жобаларға қатысу, заманауи ақпаратты өңдеу және озық сандық электроника әдістерін пайдалана отырып, электроника және коммуникациялық технологиялар саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу
  • электромагниттік толқындардың таралу теориясы, сенсорлық желілер және кванттық электроника саласындағы іргелі дағдыларды қолдана отырып, телекоммуникациялық жүйелердің, сондай-ақ жеке электрондық және байланыс модульдерінің тиімділігін бағалаудың заманауи құралдарын пайдалану
  • мемлекеттің азаматтық және қорғаныс өнеркәсібінде тұрақты байланыс жүйелерін, интеллектуалды жүйелерді қамтамасыз ететін ақпаратты қорғаудың заманауи әдістерін қолдану
  • тәжірибелік-өндірістік жұмыстардың ғылыми-техникалық есептерін, халықаралық жоғары дәрежелі ғылыми басылымдарда зерттеу мақалаларын жазу, озық технологияларды зерттейтін ғылыми әдебиеттерге жан-жақты талдау жүргізу
Top