7R01107 Пульмонология ересектердің, балалардың в Астана медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы мамандандырылған медициналық көмектің әртүрлі кезеңдерінде кәсіби қызметті дербес жүзеге асыратын білікті, бәсекеге қабілетті пульмонологтарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Астана медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R007 Пульмонология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-1, балалар
Пән амбулаториялық кезеңдегі балалар пульмонологиясында жиі кездесетін ауруларды халықаралық дәлелдеу қорына сәйкес сараланған диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 12
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-1, ересектер
Пән пульмонологияда функционалды диагностикалық әдістерді орындауға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларын, тыныс алу жолдарының инфекциялары мен бронх-обструктивтік аурулары бар науқастарды амбулаториялық сатыда халықаралық дәлелдеу қорына сәйкес сараланған диагностикалау мен емдеуді қалыптастырады,
Оқу жылы - 1
Несиелер - 18
-
Стационардағы пульмонология-1, ересектер
Пән тыныс алу жүйесіндегі тыныс алу ағзаларының аурулары бойынша лабораторлы және визуалды диагностика әдістерін, пульмонологиядағы патоморфология мен фармакотерапиясын, дифференциальды диагностикалауыдың, одан әрі жүргізу мен емдеу тактикасын анықтау білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 22
-
Стационардағы пульмонология-1, балалар
Пән тыныс алу жолдарының әртүрлі патогендік факторларымен байланысты ауруларының, аллергиялық аурулардың диагностикасын, фармакотерапиясын және визуалды әдістері, одан әрі жүргізу мен емдеу тактикасын анықтау бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Несиелер - 18
-
Стационардағы пульмонология-2, балалар
Пән бронхопульмональды жүйенің туа біткен ауытқулары, генетикалық аурулары және балалардағы интерстициальды аурулар мен балалар жасындағы қарқынды пульмонология бойынша халықаралық дәлелдеу қорына сәйкес сараланған білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Несиелер - 16
-
Пульмонологиядағы қарқынды терапия
Пән пульмонологиядағы шұғыл жағдайлардағы диагностикалау, дифференциальды диагностикалау және халықаралық дәлелдеу қорына сәйкес сараланған қарқынды ем жүргізуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-2, балалар
Пән орфандық ауруларды, бронх-өкпе жүйесінің туа біткен ақауларын, балалардағы өкпе және бронхтардың тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалау және емдеу, бронх-өкпе аурулары бар балаларды реабилитациялау бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 10
-
Өкпе туберкулезін диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері
Пән өкпе туберкулезін заманауи уақытылы диагностикалау, дифференциалды диагностикалау мен халықаралық дәлелдеу қорына сәйкес сараланған емдеуге, науқастарды әрі қарай дифференциалды жүргізу мен емдеуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Сомнологияның өзекті сұрақтары
Пән ұйқының бұзылуымен науқастардың диагностикалау мен халықаралық дәлелдеу қорына сәйкес сараланған емдеуге, науқастарды әрі қарай дифференциалды жүргізу мен емдеуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-2, ересектер
Пән өкпенің аллергиялық және кәсіптік аурулары бар науқастарды диагностикалауға және емдеуге, ұйқының бұзылуына, өкпені реабилитациялауға және амбулаторлық сатыда тыныс алуды қолдауға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 12
-
Стационардағы пульмонология-2, ересектер
Пән фтизиопульмонология, онкопулмонология, өкпенің интерстициальды және орфанды аурулары, бронх-өкпе жүйесінің даму аномалиялары және өкпедегі іріңді процестер, қарқынды және интервенциялық пульмонология бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 26
Оқыту нәтижелері
- ОН-1 Ауру белгілерін, объективті тексеру мәліметтерін, тыныс алу ағзалаларының аурулары бар науқастың зертханалық және функционалдық зерттеулерінің нәтижелерін талдау, клиникалық синдромдарды қалыптастыру;
- ОН-3 Пациентке курация жүргізу: ықтимал нәтижелер мен асқынуларды болжау, емдеу жоспарын тағайындау және дәлелді тәжірибе негізінде стационарлық және амбулаториялық кезеңдердегі тиімділігін бағалай алу;
- ОН-5 Тыныс алу жүйесі аурулары бар науқастарға стационарлық және амбулаторлық кезеңде медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік пен сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалау және ең тиімді әдістерді қолдану;
- ОН-6 «Пульмонология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық саласы аясында медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда негізгі көмек көрсету, ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру бойынша кәсіптік ұжымдар құрамында жұмыс істеу;
- ОН-7 Парапар (адекватты) зерттеу сұрақтарын құрастыру, тыныс алу жүйесінің аурулары бойынша кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалау, күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалану, зерттеу тобының жұмысына қатысу;
- ОН-2 Жетекші синдромды анықтау, науқастың тыныс алу ағзаларының ауруларына ажырату диагнозын қою және клиникалық диагнозды тұжырымдау.
- ОН-4 Науқас үшін ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін пациентпен, оны қоршаған ортамен, стационарлық және амбулаторлық деңгейде медициналық қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдану және тиімді әрекеттену;
- ОН-8 «Пульмонология ересектердің, балалардың» мамандығы аясында өз бетінше білім алу және пікірталастарға, конгрестерге және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне, оған қоса пәнаралық конференцияларға белсенді қатысу