Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01108 Эндокринология ересектердің, балалардың в Астана медицина университеті

Оқыту нәтижелері

  • ОН-1 Ауру белгілерін, объективті тексеру мәліметтерін, эндокринді без ағзалаларының аурулары бар науқастың зертханалық және функционалдық зерттеулерінің нәтижелерін талдау, клиникалық синдромдарды қалыптастыру;
  • ОН-7 Парапар (адекватты) зерттеу сұрақтарын құрастыру, эндокринді бездердің аурулары бойынша кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалау, күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалану, зерттеу тобының жұмысына қатысу;
  • ОН-6 «Ересектердің, балалардың эндокринологиясы»мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық саласы аясында әрекет ету, төтенше жағдайларда негізгі көмек көрсету, ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру бойынша кәсіптік ұжымдар құрамында жұмыс істеу;
  • ОН-8 «Ересектердің, балалардың эндокринологиясы» мамандығы аясында өз бетінше білім алу және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқыту, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысу;
  • ОН-2 Жетекші синдромды анықтау, науқастың эндокринді ағзаларының ауруларына ажырату диагнозын қоюз және клиникалық диагнозды тұжырымдау. Емдеуді анықтап, ықтимал нәтижелер мен асқынуларды болжау;
  • ОН-5 Эндокринді без ағзаларының аурулары бар науқастарға стационарлық және амбулаторлық кезеңде медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік пен сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалау және ең тиімді әдістерді қолдану;
  • ОН-3 Пациентке курация жүргізу: эндокринді без ағзаларының аурулары бар науқастардағы клиникалық диагнозды тұжырымдау, емдеу жоспарын тағайындау және дәлелді тәжірибе негізінде стационарлық және амбулаториялық кезеңдердегі тиімділігін бағалай алу;
  • ОН-4 Науқас үшін ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін пациентпен, оны қоршаған ортамен, стационарлық және амбулаторлық деңгейде медициналық қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдану және тиімді әрекеттену;
Top