Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01502 Физика в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Әр түрлі библиографиялық дереккөздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; өз ойын, идеяларын тұжырымдау, негіздеу және оларды мақсатты аудиторияға жеткізу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру, оларды жариялау үшін ұсыну;
  • Жоғары оқу орнында жалпы және теориялық физиканы оқытудың технологиялары мен әдістемесін қолдану, білім алушының жеке және кәсіби дамуының жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету мақсатында білім беру технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын таңдау және пайдалану, ақпараттық ағындардың тез жаңаруы мен өсуі жағдайында ғылыми және оқу-педагогикалық қызметтің әртүрлі салаларын синтездеу;
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеулер процесін ұйымдастыру, жобалау және іске асыру; таңдалған ғылыми және педагогикалық тәсілдер мен әдістердің сапасы мен нәтижелілігін талдау және сыни бағалау; эксперименттік және теориялық міндеттерді шешудің тәсілдері мен әдістерін таңдау;
  • Физиканың фундаменталды бөлімдері бойынша тереңдетілген білімдерін, физиканың заманауи мәселелері бойынша білімді пайдалану дағдыларын көрсету; физиканың таңдалған саласында дербес ғылыми зерттеулер жүргізу; эксперименттік нәтижелерді теориялық модельдермен байланыстыру.
  • Жаратылыстану-ғылыми білім берудің қазіргі жағдайын көрсететін проблемаларды, тәсілдер мен үрдістерді сыни бағалау, заманауи физика эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы және дамудың негізгі кезеңдерін зерттеу саласындағы ғылыми ақпаратты жүйелі түсінуді жобалау;
  • Білім беру процесінде білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру принциптерін негіздеу және сынақтан өткізу;
  • Білім беру жүйесінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру факторларын талдау негізінде басқару қызметін жобалау; білім беру процесін модельдеу, жүзеге асыру және бағалау;
Top