Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02311 Филология: қазақ филологиясы в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – Заманауи қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымына негізделген іргелі филологиялық, лингвистикалық, әдеби және аударма құзреттіліктері бар бакалаврларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Фольклор және әдебиеттану ғылымына кіріспе
Филологияға кіріспе
Балалар әдебиеті
Қазақ тілінің лексикологиясы мен ономастикасы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, графика және орфографиясы
-
2 Оқу жылы
Әдебиет тарихы мен теориясы
Қазақ әдебиетінің тарихы (ХІ-ХІХ ғасыр)
Қазақ жазуының тарихы
Бауыржантану
Әдеби шығармашылық
Қазақ тілінің сөзжасамы
Қазақ тілінің грамматикасы
Шешендік өнер және мәнерлеп оқу
Тіл және коммуникация
Лингвистика тарихы мен теориясы
Қазақ тілінің диалектологиясы.
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Қазақ тілінің терминологиясы және лексикография
Қазақ әдебиетінің тарихы (ХХ ғасыр және Алаш әдебиеті)
Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі)
-
3 Оқу жылы
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Қазақ әдебиетінің тарихы (1930-1960-2000жж.әдебиет)
Тәуелсіз қазақ әдебиеті
Түркі әлемі және Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының шығармашылығы.
Түркі филологиясына кіріспе
Ғылыми жобалау әдістемесі
Стилистика және тіл мәдениеті
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет
Қазақ әдебиеті ХХ ғасыр
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және инновация
Қазақ тілінің синтаксисі (жай және құрмалас сөйлем)
Қазіргі қазақ тілінің морфонологиясы
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі және технологиясы
-
4 Оқу жылы
Шығыс әдебиеті
Жалпы тіл білімі
Әдеби редакциялау теориясы
Аударманың теориясы мен практикасы
Когнитивті лингвистика.
ҒЗЖ коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Әдебиеттанудың мәселелері
Қазақ әдебиеті сынының тарихы
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Әдебиет теориясы және ұлтаралық әдеби байланыстар.
Шетел әдебиетінің тарихы
Әлемдік әдеби процесс ХХ ғасыр
Оқыту нәтижелері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Тарихи-әлеуметтік оқиғалардың (араб, латын, кирилл жазуларындағы мәтіндер) салдарынан өзгерістерге ұшыраған мәтіндер және зерттеулермен жұмыс жасайды, фонемалық қағидатқа негізделген қазақ дыбыс жазбасының тарихын айқындайды, қазақ тілінің сөзжасамдық, грамматикалық жүйесінің тарихи кезеңдеріне салыстырмалы талдау жүргізе біледі, сөздіктермен және түрлі каталогтармен кәсіби жұмыс істеу қабілетіне ие болады.
- Лингвистикалық ғылым мен әдебиеттану терминологиясын біледі, тілдік және әдеби процестердің даму заңдылықтарын ажырата алады, әлемдік тарихи-мәдени, тарихи-әдеби тенденцияларды ескере отырып, теориялық лингвистика мен әдебиеттану бағыттарын айқындайды, фонетиканың қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдайды.
- Көркем шығармаларға сыни шолулар жасайды, мәтінмен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында веб-сервистерді және басқа құралдарды тиімді пайдалана алады, әлемдік әдебиет тарихының даму және қалыптасу кезеңдерін біледі, әдеби теория мен тұжырымдамалар мәселелерін анықтау қабілетіне ие болады, аударылған материалды редакциялайды және түзете алады.
- Қазіргі қазақ тілі терминологиясының ерекшеліктерін талдайды, тілдік қарым-қатынаста және мәтінмен жұмыс істеуде тілдік және стильдік нормаларды сақтайды, кәсіби және гуманитарлық мазмұндағы мәтіндерді редакциялайды, тілдің типологиялық зерттеулері мен функционалдық ерекшеліктері бойынша салыстырмалы жұмыс жүргізу қабілетіне ие болады..
- Педагогикалық қызметте инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана отырып, ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, кәсіптік-қолданбалы құралдар арқылы филологиялық ақпаратты өңдей алу қабилетіне ие болады.
- Ғылыми қоғамдастықтардың озық әлемдік талаптарына сәйкес ғылыми жұмыстардың академиялық мәтіндерін жасайды, шетелдік рейтингтік журналдарда ғылыми жұмыстар жариялайды, ғылыми зерттеулерге сілтеме жасайды.
- Әдістемелік материалдар арқылы ғылыми-техникалық, ақпараттық деректерді талдай алу қабілетіне ие болады, филологиялық мәтінді бағалап және редакциялау саласындағы кәсіби қызметте ғылыми және шығармашылық дағдыларды көрсете біледі, тіл мен әдебиетке қатысты әдістемелік материалдарға сараптама жүргізеді.
- Мәтіннің бастапқы нұсқасының мағынасын сақтай отырып, орыс тіліндегі ғылыми, ресми-іскерлік және көркем мәтіндерді жазбаша аударуды жүзеге асырады, рухани және әдеби шығармаларды зерттейді және түзету жұмыстарын жүргізеді, жергілікті тілдің ерекшеліктеріне байланысты мәтіндерді талдайды.
- Қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі даму ерекшеліктерін меңгереді, әлемнің әдеби, мәдени мұрасын қарастырады, Жамбыл өңірі ақындары мен жазушыларының, сондай-ақ тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби қайраткерлердің көркем шығармаларына негізделген жаңа идеяларды анықтайды, ғылыми мәселелерді бағалап, талдау барысында шығармашылық шешімдер қабылдайды.
- Шешендік өнердің талаптары мен ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді, балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларына, сондай-ақ Б. Момышұлының шығармаларына тілдік және көркемдік талдау жасайды, көркем шығармалардың көркемдік-эстетикалық маңыздылығын саралайды, қазақ әдебиетінің үлгілерін Шығыс әдебиеті шығармаларымен салыстыра отырып, әдеби білім туралы тұжырымдама жасау қабілетіне ие болады.
- Әдебиеттанудың теориялық негіздерін ескере отырып, шығармашылық қиял қабілеттілігін көрсетеді, шетел әдебиеті тарихы кезеңдерінің даму ерекшеліктерін салыстырады, әдебиет теориясының негізгі компоненттерін анықтай алу қабілетіне ие болады, әдеби терминдер мен мәтіннің прагматикасын ескере отырып, дереккөздерді зерттейді.
- Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисінің құрылымын, даму кезеңдерін және ерекшеліктерін анықтайды, әртүрлі ұйымдастыру кезеңдеріндегі күрделі мәтіндерге талдау жасайды, тіл білімінің іргелі принциптерін ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, лингвистикалық мәтіндерді құрастыра алатын қабілетке ие болады.