Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01732 Ағылшын тілі және медиадидактика в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру үдерісіндегі коммуникация міндеттерін шеше отырып, білім алушыларды, олардың ата-анасын, әріптестерін және басқа да мүдделі тұлғаларды тарта отырып, көптілді және көпмәдениетті қоғамда өзара әрекеттеседі.
  • Жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды тарата отырып, білім алушылардың білім беру және медиа кеңістікте тұлғалық дамуын мақсатты жүзеге асыра отырып, командадағы жұмысты ұйымдастырады және талдайды.
  • Әртүрлі мәдениет пен аймақтың ағылшын тіліндегі медиа контентті қолдана отырып, білім алушыларға әртүрлі көзқарас және идеямен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік бере отырып, мәдени хабардарлық пен жаһандық перспективаларды қалыптастырады және дамытады.
  • Салыстырмалы-салғастырмалы, дескриптивті талдау, Lesson Study, Case Study және Action Research және басқа дағдыларын дамыту мақсатында оқытылатын тіл және медиа сауаттылық саласындағы зерттеулерге бастамашылық жасайды және жүргізеді.
  • Оқытылатын тілдің әртүрлі аспектісін: грамматикалық құрылымдарды, сөйлеу дұрыстығын, синтаксисті, фразеологиялық және лексикалық бірліктерді қолдана отырып, ағылшын тілін кәсіби меңгергендігін көрсетеді.
  • Креативтілікті, коммуникативтілікті, сыншылдықты, көшбасшылықты барабар пайдалана отырып, педагогикалық әдапті сақтай отырып және оларды онлайн мен офлайн ортада пайдалана отырып, жұртшылық пен кәсіби қоғам алдында деректерді сындарлы және статистикалық талдау мен оларды көрнекілендіру негізінде алынған өзінің кәсіби және зияткерлік қызметінің нәтижелерін көрсете отырып, цифрлық технологияларды медиа сауаттылыққа сәйкес қолданады.
  • Цифрлық ортада нормативтік талаптарға және құжаттамаға сәйкес келетін заманауи білім беру және медиа технологияларды, шет тілін оқыту әдістерін пайдалана отырып, тілдік пәндер және арнайы курстар бойынша әдістемелік сауатты оқу процесін қамтамасыз етеді.
  • Қазақстандық шындықты ескере отырып, оқыту бейнероликтерін, подкасттарды, цифрлық таныстырылымдарды және интерактивті веб-сайттарды құрастыра отырып, ағылшын тілін мультимедиялық материалдарға әзірлейді және біріктіреді.
  • Ақпарат пен дереккөздерді біржақтылыққа, сенімділікке және мақсатты аудиторияға сыни тұрғыдан талдай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін және олардың мәдениет пен коммуникацияға әсерін түсінуді корсетеді және үйретеді.
  • Курстар, семинарлар, workshops, вебинарлар өткізу, білім беру блогтарын, білім алушылар, ата-аналар, оқытушылар мен стейкхолдерлердің team-buildingін жүргізу арқылы медиапедагогика әдістерін қолдана отырып, жұмыс тәжірибесін масштабтайды.
Top