Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04109 Қаржы нарықтары және корпоративтік бизнес в Yessenov University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін математикалық-статистикалық әдістер мен медиасауаттылық дағдыларын пайдалана отырып, маркетингтік зерттеулер, отандық және әлемдік қаржы ғылымы саласындағы зерттеулер негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді.
  • Өз ісін ұйымдастыру және жеке тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік дағдыларды, менеджмент негіздерін және салық заңнамасын пайдалана отырып, кәсіби құзыреттерді жетілдіреді.
  • Психология және эмоциялық интеллект саласындағы танымдар арқылы кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасайды, жеке қаржылық мақсаттарды іске асыру мәселелерінде негізделген шешімдерді қабылдау дағдыларын, сондай-ақ тиімді кәсіби қарым-қатынас үшін коммуникацияның ауызша, жазбаша тілдік дағдыларын көрсетеді.
  • Жаһандық және ұлттық рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтарға, әлеуметтік, құқықтық және корпоративтік жауапкершілікке ие бола отырып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді.
  • Қаржылық есептілік және есеп стандарттарын, статистикалық әдістерді қолдана отырып, компанияның бюджетін құру және тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін төлем қабілеттілігін, өндірістің рентабельділігін есептеуді жүзеге асыратын компанияның қаржы-шаруашылық қызметін талдайды.
  • Ішкі аудит рәсімдерін және құралдар мен әдістер жүйесін пайдалана отырып, фирманың қаржылық стратегиясының ресурстарын, индикаторлары мен көрсеткіштерін пайдалану нормативтерінің орындалуын және бюджет қаражатын мемлекеттік басқаруды қадағалаудың тиімділігін бақылайды.
  • ҚР банктік, сақтандыру, салық және бюджеттік заңнамаларына, бухгалтерлік есептің ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкес банктік, сақтандыру қызметін ұйымдастыруда, бюджет қаражатын қазынашылық басқаруда, бухгалтерлік және салықтық есепке алуда теория мен әдіснаманы пайдалана отырып, қаржылық операциялардың толық спектрін уақтылы жүзеге асырады.
  • АКТ және экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып, қаржылық және басқарушылық есептілік негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде инвестицияларды тиімді жүзеге асыру және компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік тәуекелдер жағдайында бизнесті дамытудың болжамдары мен қаржылық модельдерін жасауға қабілетті.
  • Әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, қаржы ресурстары саласына, мемлекеттер мен компаниялардың қаржылық саясатына, микро, макроэкономика саласындағы қаржы институттарына қатысты негізгі ұғымдар мен теорияларды түсіндіреді.
  • Компанияның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сату жоспарларын, өнімнің өзіндік құнын, күрделі салымдарды, рентабельділікті, ғылыми зерттеулер мен жобалардың әзірлемелерін, сондай-ақ перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарларды, болжамды баланстар мен ақшалай қаражат бюджеттерін әзірлеу негізінде компанияның техникалық-экономикалық жоспарларының, қаржылық стратегиясының жобаларын дайындауға қатысады.
  • Компанияның есеп саясатын, бюджеттеудің заманауи әдістерін, инвестициялық жобалардың қаржылық тәуекелдерін сапалық және сандық бағалау әдістерін, бағалы қағаздарға қаржылық салымдардың тиімділігін бағалауды, фирма активтерін қалыптастыру және пайдалану принциптерін қолдана отырып, фирманың тиімді инвестициялық саясатын жүргізу және жеке бюджетті жоспарлау үшін қаржы нарықтарын талдайды.
  • Есеп беру құжаттамасын жасау және ресімдеу үшін компанияның барлық қызмет түрлері бойынша қаржы қаражатының, активтерінің, кірістерінің, шығыстары мен пайдаларының қозғалысын есепке алады және олардың бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есеп стандарттарына сәйкестігін тексеру үшін аудиторлық процедураларды қолданады.
Top