Жаңа білім беру бағдарламасы

7M06103 Информатика және компьютерлік ғылымдар в Мирас

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары мектеп дидактикасының негіздерін базалық білімдерді, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін, сондай-ақ жоғары мектепте сабақ өткізу дағдыларын меңгерген
  • Осалдықтарды мониторингтеу жүйелерін, ақпараттық қауіпсіздікті мониторингтеу жүйелерін және ақпараттың жылыстауын болдырмау жүйелерін әкімшілендіруді жүзеге асырады
  • Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімдерін көрсетеді; ғылым философиясының ұғымдық аппаратын, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгерген
  • Аппараттық-бағдарламалық, перифериялық және желілік ресурстарға қойылатын талаптарға сәйкес есептеу жүйелерінің архитектурасын жобалайды
  • Жеке модульдерді тестілеуге валидация және верификация әдістерін қолданады, соның ішінде тестілеу деңгейлері мен деректердің кіріс және шығыс мәндерінің өлшемдері
  • Білім беру сапасын басқару құзыреттілігі негізінде кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдерді қабылдауда, бағалауда және талдауда басқару психологиясының жүйелі білімін қолданады
  • Халықаралық кәсіби ортаға интеграциялануға және кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға қабілетті
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау дағдыларын, бөлінген есептеу және желілік технологиялар технологиясын меңгерген, оларды түсіндіре алған, жүйелік талдау әдістерін және зерттеу контексі шеңберінде жүйелерді іске асыру кезінде тестілеу тәсілдерін қолдана алады
  • Жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытудың технологияларын, әдістері мен құралдарын әзірлейді және қолданады, оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес оқу процесін ұйымдастыра білу
  • Ғылыми зерттеулер жүргізудің және тұжырымдамалық модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгергенін көрсетеді; бағдарламалық жүйелерді жобалау міндеттерін шешу кезінде өзіндік ерекшелігін, дербестігін және шығармашылық ойлауын көрсетеді
  • Компьютерлік жүйелерді әзірлеуге, енгізуге, тестілеуге, орналастыруға және қызмет көрсетуге сәйкес келетін басқару әдістерін зерттейді және сипаттайды
  • Заманауи ақпараттық және зияткерлік таратылған жүйелерді құрудың теориялық және практикалық мәселелерін анықтай алады, сонымен қатар олардың сапасы мен өнімділігін қамтамасыз етеді
  • Заманауи ақпараттық технологияларды, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жандандыру үшін инновациялық педагогикалық әдістемелерді меңгерген
Top