Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01510 Физика мұғалімдерін дайындау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Физика ғылымының трендтері
    Несиелер: 5

    Магистрант баламалы және жаңғыртылған энергетика, функционалдық материалдар мен наноматериалдар, бұзбайтын бақылау әдістері сияқты қазіргі заманғы физикалық ғылымның трендтерінің негізгі бағыттары мен даму перспективаларын, ұғымдарын, заңдарын, түсініктерін меңгереді. Физика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда физика ғылымының трендтерін пайдаланудың авторлық технологиясын әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика бойынша компьютерлік тәжірибелер
    Несиелер: 5

    Магистранттар MathCad негізгі мәзірімен, функцияларымен және мүмкіндіктерімен танысады; осы жүйесінде есептеулер мен бағдарламалаудың негізгі принциптерін біледі. Физикадан оқу үрдісінде компьютерлік эксперименттерді қолдану технологиясын меңгереді, физиканы оқытуда оларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды. Физикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу үшін компьютерлік әдістерді қолданудың авторлық жо-баларын әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физикадан күрделі есептерді шешудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Магистрант физика курсының есептерін талдау және шешудің жалпы әдістерін, типтік есептерді шешуді оқыту әдістемесінің негізгі принциптерін меңгереді; жоғары күрделі есептерді шешуді және курстың материалын терең және саналы түрде меңгеруге ықпал ететін өзіндік физикалық есептерді өз бетінше құрастыруды үйренеді. Берілген тақырыпқа тақырыптық есептер топтамасын ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физиканы оқытуда білім алушылардың зерттеушілік іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курсты меңгеру барысында магистрант оқу физикалық экспериментін орындау кезінде білім алушының іс-әрекетәнің жалпыланған құрылымын меңгереді, білім алушыларда әртүрлі типтегі іздеу эксперименталды тапсырмаларын орындау кезінде зерттеу іскерлігін дамытудың авторлық әдістемесін әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Факультативтік физика курсы
    Несиелер: 5

    Магистрант базалық физика курсын толықтыратын және тереңдететін факультативтік сабақтардың рөлі туралы біледі. Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формалары мен құралдарын меңгереді. Білім алушыларға оқытудың жеке траекториясын таңдауға мүмкіндік беретін сараланған және жеке тұлғаға бағытталған тәсілдерді іске асыруды қарастыра отырып, факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің авторлық технологиясын әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім алушыларды физикалық олимпиадаларға дайындау технологиясы
    Несиелер: 5

    Магистрант халықаралық физикалық олимпиадалардың тарихы, Қазақстан Республикасы оқушыларының олимпиадаларға қатысу туралы біледі. "Креативтілік", "білім алушылардың креативтілігі", "сыни ойлау" ұғымдарын, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесін, білім алушыларды физикалық олимпиадаларына теориялық және эксперименттік дайындау бойынша сабақтарды өткізу әдістемесін меңгереді. 7-8, 9, 10 сынып оқушыларын физикалық олимпиадаға дайындаудың авторлық жобасын жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары білім берудегі жаңа парадигмалар. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі замағы білім беру технологиялары. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика бойынша білім алушылардың оқу жетістік-терінің мониторингі
    Несиелер: 5

    Магистрант білім сапасын басқару құралы ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру және бағалаудың мәні мен функциялары туралы біледі. Физика бойынша білім алушылардың білімі мен іскерлігін мониторингілеу әдістерін, формалары мен құралдарын меңгереді. Берілген тақырып бойынша әр түрлі оқу іс-әрекетінде білім алушыларды критериалды бағалаудың авторлық технологиясын әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Магистрант пәнді оқу барысында Қазақстан Республикасындағы білім беру мәселелерін талдайды. Білім саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды зерттейді. Физика курсының мазмұны мен құрылымын физиканы оқыту мақсаттарын талдайды. Физика бойынша оқу-танымдық үрдісті ұйымдастырудың тиімді әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын меңгереді. Берілген тақырыпқа физикадан қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасайды және қорғайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру
    Несиелер: 5

    Магистрант физиканың басқа пәндермен пәнаралық байланысын орнату әдістерін бір объ-ектіні әр түрлі ғылымдармен зерттеу кезінде, басқа ғылымдармен әр түрлі нысандарды зерттеу үшін бір ғылым әдістерін қолдану кезінде, әртүрлі нысандарды зерттеу үшін бір теориялар мен заңдарды әртүрлі ғылымдармен тарту кезінде меңгереді. Кіріктірілген сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканы оқытуда компьютерлік технологиялар
    Несиелер: 5

    Магистрант ақпараттық-компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдану кезінде оқытудың жаңа әдістері мен құралдарын меңгереді. IT-технологияларды қолдану арқылы түрлі оқу сабақтарын жобалайтын болады. Компьютерлік модельдерді, визуалды ақпаратты, мультимедианы, бейнефильмдердің фрагменттерін, шығарылатын процестер мен құбылыстардың анимациясын, техникалық құрылғылар мен эксперименталдық қондырғылардың жұмысын, берілген сабақ тақырыбы бойынша виртуалды зертханаларды әзірлейді және таңдап алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физиканы оқыту кезінде да-рынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
    Несиелер: 6

    Магистрант "балалардың дарындылығы" ұғымымен, дарындылық түрлерімен және оның диагностикасымен, дарынды бала тұлғасының ерекшеліктерімен танысады. Дарынды балалардың психоәлеуметтік және танымдық даму ерекшеліктері туралы біледі. Дарынды балалармен жұмыс, қолдау, анықтау технологиясын меңгереді. Оқушылардың жеке тұлға мен қабілеттерін дамыту үшін қолайлы оқу жағдайларын жобалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физиканы оқытуда білім беру инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Магистрант білім алушылардың оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу кезіндегі танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, білім беру тиімділігін бағалау тәсілдері туралы біледі. Физиканы оқытуға инновациялық технологияларды енгізетін, белгілі технологияға сәйкес оқыту процесін жоспарлайтын, нақты технологияның білім беру әсерлерін бағалайтын болады. Берілген тақырып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физиканы оқытуда ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыр
    Несиелер: 5

    Магистрант ғылымның қазіргі жағдайы мен дамуы, Қазақстан Республикасындағы ғылыми қызметтің құқықтық негіздері, ғылыми зерттеулердің этикасы туралы біледі. Педагог-зерттеушінің профессиограммасын меңгереді. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері және оның кезеңдері туралы біледі. Ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақала жариялауға дайындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика бойынша оқу материалдарын педагогикалық жобалау
    Несиелер: 6

    Магистрант әртүрлі типтегі сандық білім беру ресурстарын офистік қосымшалар құралдарымен жобалауды, бейне және аудиоақпаратпен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды, анимация редакторларын және сайт конструкторларын игереді. Оларды физика бойынша оқу үрдісінде қолдану әдістемесін меңгереді. Берілген тақырып бойынша оқыту, бақылау және жаттығу және басқа да сандық білім беру ресурстарын дербес жобалайды, әзірлейді және іске асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика бойынша оқу үрдісін құрастырудың ғылыми негіздері
    Несиелер: 6

    Магистрант мақсатты болжау проблемасын шешумен, оқу материалының мазмұнын таңдау, оқыту формалары, әдістері, тәсілдері мен құралдары, оқытудың заманауи технологиялары жағдайында педагогикалық жағдайларды модельдеу, физиканы оқыту нәтижелерін эксперименталды тексерумен байланысты оқытушының құрылымдық-жобалау қызметін жүзеге асыруда жүзеге асырудың бірыңғай, өзара байланысты көзқарасты тәсіл негізінде ғылыми-әдістемелік негіздері мен педагогикалық тәжірибесін игереді. Магистрант мақсатты болжау проблемасын шешумен, оқу материалының мазмұнын таңдау, оқыту формалары, әдістері, тәсілдері мен құралдары, оқытудың заманауи технологиялары жағдайында педагогикалық жағдайларды модельдеу, физиканы оқыту нәтижелерін эксперименталды тексерумен байланысты оқытушының құрылымдық-жобалау қызметін жүзеге асыруда жүзеге асырудың бірыңғай, өзара байланысты көзқарасты тәсіл негізінде ғылыми-әдістемелік негіздері мен педагогикалық тәжірибесін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады

  • Код ON2

    Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті қабілеттіліктерді игеру.

  • Код ON3

    кәсіби және жеке тұлғалық білім алуды жүзеге асырады, әрі қарай білім беру бағыттары мен кәсіби мансабын жобалайды

  • Код ON4

    білім беру қызметін ұйымдастыруды, заманауи әдістері мен технологияларын, білім беру процесінің сапасын диагностикалау мен бағалауды қолдана алады.

  • Код ON5

    пәнаралық байланыстарды іске асыруға көңіл бөле отырып, инновациялық білім беру саясатын іске асыруда қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және кәсіби білім мен біліктерді пайдаланады.

  • Код ON6

    физикадан сыныптан тыс және оқу үрдісінде оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастырады.

  • Код ON7

    физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласындағы нақты ғылыми-зерттеу мәселерін шешуге педагогикалық қоғамдастықтың тәжірибесін талдай алады, физика бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша ғылыми зерттеуді өз бетінше жүзеге асырады.

  • Код ON8

    оқытудың әдістемелік модельдерін, әдістемелерін, технологиялары мен әдістерін әзірлейді және жүзеге асырады, физиканы оқытуда оларды қолдану үрдісінің нәтижелерін талдайды.

  • Код ON9

    оқытушының конструктивтік-жобалау қызметін жүзеге асырады, физика бойынша оқу процесін педагогикалық жобалайды, оқу пәнінің мазмұнын, білім сапасын бақылаудың формалары мен әдістерін, бақылау-өлшеу материалдарының әр түрлі түрлерін жүргізеді.

Top