Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04133 Экономика (2) в Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М04133 "Экономика" білім беру бағдарламасының мақсаты ғылым, білім беру және басқару саласында терең кәсіби құзыреттіліктері бар, сондай-ақ экономика және бизнес саласындағы практикалық инновациялық міндеттерді шешуге қабілетті экономикалық бейіндегі ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыру болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Академиялық ғылыми жазу
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
Басқару психологиясы
Жоғарғы мектеп педагогикасы
Шет тілі (кәсіби)
Қазақстан және Еуразиялық кеңістігіндегі экономикалық интегрция
Инновациялық жобаларды бизнес жоспарлау
Жобаларды талдау
Ғылым тарихы мен философиясы
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістемесі және методологиясы
Микро-макроэкономикалық талдау
Табыс және жалақы саясаты
Фирманың экономикалық қауіпсіздігі
Инвестициялық-инновациялық қызметті ұйымдастыру
-
2 Оқу жылы
Қазақстан экономикасының стратегиялық даму мәселелері
ҚР аймақтық экономикалық дамуы
Білімнің инновациялық технологиялары
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Жаһандану жағдайындағы экономикалық саясат
Жаңа экономикалық даму жағдайларында институттардың модернизациясы
ҒЗЖ негіздері мен әдістемелері
Бизнес шешімдерін талдау және модельдеу
Ғылыми зерттеулер жүргізу теориясы
Экономиканың өзгеруі жағдайларындағы әлеуметтік даму
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Бизнес және басқару саласындағы ғылыми және кәсіби терминологияны пайдалана отырып, кәсіби қызметтегі тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін шет тілінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасау қабілетін көрсету;
- Ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кезінде проблемаларды шешу және қорытындыларды қалыптастыру үшін заманауи технологияларды қолдану қабілетін көрсету;
- Алынған теориялық білімді ғылыми-зерттеу қызметінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясының дамуының негізгі проблемалары мен қазіргі тенденцияларын талдай білу;
- Макро - және микроэкономикалық объектілерді талдау және басқару шешімдерін қабылдау, қазіргі нарықтық экономиканы, кірістер мен жалақы саясатын модельдеу және болжау әдістерін білуді көрсету;
- Экономиканы трансформациялау және еуразиялық кеңістікті интеграциялау жағдайында өңірлік және республикалық деңгейлерде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы заңдарын білу мен түсінуді көрсету;
- Экономиканың нақты секторындағы инновациялық және инвестициялық процестерді, инвестициялық және инновациялық қызметті бизнес-жоспарлау негізінде жобаларды ұйымдастыру және басқару туралы білімді қолдану;
- Кәсіпорынның (фирманың) шаруашылық қызметін ұйымдастыру және басқару, жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуге креативті ойлау және шығармашылық көзқарас, заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу саласындағы күрделі және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау білімі мен іскерлігін көрсету;
- Ғылыми этикаға сәйкес Халықаралық ғылыми деректер базасының ақпаратын пайдалана отырып, ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу тетігі туралы білім мен түсінікті көрсету, Академиялық адалдық қағидаттарының, ғылыми қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл нормаларының, педагогикалық және ғылыми этиканың маңыздылығын түсіну;
- Кәсіби қызметте және жоғары кәсіптік білім беру педагогикасы саласында заманауи психологиялық-педагогикалық теориялар мен әдістерді қолдану қабілеті мен дайындығын, өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту қабілетін, тұлғааралық қарым-қатынас және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу, аргументациялау, пікірталас пен полемика жүргізу дағдыларын, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты көрсету.
- Оқу және ғылыми үдерісті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптарын, білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу тәртібін білу.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу және ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру.