Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Биология в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы, жүйелі және қолданбалы экология негіздері туралы базалық түсініктерді, табиғатты оңтайлы пайдалану және табиғатты қорғау, табиғи ортаның жай-күйін мониторингтеу, бағалау және тірі табиғатты қорғау қағидаттарын қолдану
  • Білім беру мекемесін тиімді басқару үшін білім берудегі менеджмент жүйесін талдау және әзірлеу
  • Биологиялық объектілердің әртүрлілігі туралы негізгі түсініктерді, биосфераның тұрақтылығы үшін биоәртүрліліктің маңыздылығын түсіну, биологиялық объектілерді бақылау, сипаттау, сәйкестендіру, жіктеу, культивациялау әдістерін пайдалану
  • Жаңартылған жүйе бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін базалық білім мен дағдыларды пайдалану, оның ішінде оқушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, цифрлық білім беру технологияларының дағдыларын пайдалану
  • Кәсіби қызметтегі экологиялық міндеттерді шешу үшін табиғатты ұтымды пайдалану принциптерін пайдалану, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халық пен аумақтарды инженерлік қорғау негіздерін қолдана отырып, қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету есебін жүргізу
  • Өзінің болашақ педагог кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, өмір бойы білім беру қағидаттары негізінде өз уақытын басқару, өзін-өзі дамыту траекториясын құру және іске асыру
  • Далалық және зертханалық жағдайларда биологиялық объектілермен жұмыс істеудің заманауи эксперименттік әдістерін, заманауи аспараттарымен жұмыс істеу дағдыларын қолдану
  • Қоғамның биологиялық-экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында биологияны оқытуда, халық арасында ағарту қызметінде психология және педагогика негіздері білімін пайдалану
  • Биологиялық объектілерді көбейту және жеке дамыту заңдылықтары туралы базалық түсініктерді, эмбрионалдық объектілерді алу және олармен жұмыс істеу әдістерін пайдалану
  • Педагогика және психология саласындағы терең кәсіби білім мен түсініктерді, сондай-ақ биология мұғалімінің кәсіби және жеке қасиеттерін практикада қолдану
  • Цифрлық технологияларды, инновациялық технологияларды және оқыту нәтижелерін критериалды бағалау технологияларын қолданып, қазіргі заманғы педагогикалық процесті, оның ішінде жалпы және инклюзивті білім беру жағдайында жүзеге асыру үшін білім мен дағдыларды көрсету
  • Биологиялық дүниетанымдағы эволюциялық идеяның рөлін негіздеу, эволюциялық теорияның негіздері, микро және макроэволюция туралы қазіргі идеялар
  • Микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің молекулярлық механизмдерін зерттеудің биотехнологиялық әдістерін, кәсіби терминологияны, молекулярлық биологияны, цитологияны және гистологияны зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен талдау жүргізе отырып, тәжірибиде қолдануға қабілетті
  • Биологиялық объектілерді жасушалық ұйымдастыру қағидаларын, биофизикалық және биохимиялық негіздерді, мембраналық процестерді және тіршілік әрекетінің молекулалық механизмдерін білу
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде экономика және кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы ескере отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ қаржылық шешімдерді қабылдай алады және сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілік қатынасты қалыптастыру
Top