Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07202 Мұнай газ ісі в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мұнай және газ кен орындарын игерумен, өндірумен және тиімді пайдаланумен айналысатын бәсекеге қабілетті және жоғары білікті, сұранысқа ие мұнай мамандарын дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B271 Мұнай-газ ісі
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Мамандыққа кіріспе
Математика
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
Экономика және кәсіпкерлік негіздері модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері)
Физика
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
-
2 Оқу жылы
Мұнай-газ ісі негідері
Инженерлік геодезия
Сызба геометриясы және инженерлік графика
Химия
Термодинамика және жылу техникасы
AutoCAD
Жалпы мұнай геологиясы
Қаржылық сауаттылық негіздері
Инженерлік механика
-
3 Оқу жылы
Газ және газконденсат кен орындарын игеру
Өндірісті автоматтандыру негіздері
Мұнай кәсіпшілігінің құрал-жабдықтары
Кәсіпшілік геофизика
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
Мұнай-газ саласындағы стандарттау, сертификаттау және метрология
Мұнай газ саласында өндіріс жұмыстарын автоматизациялау
Бұрғылау қондырғылары мен агрегаттары
Электротехника
Машина мен механизмдер теориясы және машина бөлшектері
Ұнғыма құрылысының технологиясы және жабдығы
Жерасты гидромеханикасы
Қабаттың мұнай бергіштігін арттырудың техникасы мен технологиясы
Гидромашиналар мен компрессорлар
Мұнайгаз кен орындарды игеруде компьютерді қолдану
Қабат флюидтерінің физика-химиялық қасиеттері
Ұңғыны жөндеу
Тау жыныстарын талқандау
Мұнай кен орындарын игеру
Ұңғыны көлденең бұрғылау
-
4 Оқу жылы
Өндірістегі скважина құрылысының жұмысын ұйымдастыру
Ұнғы өнімдерін жинау және дайындау
Мұнай газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау
Мұнай өндіру техникасы және технологиясы
Шельфті кен орындарын меңгеру
Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану
Бұрғылау қондырғыларын жабдықтау және бұрғылау кешендері
Кәсіпшілік және магистралды құбырлар
Жер асты және жер үсті жабдықтары
Бұрғылау процесстерінің тәсілдері мен әдістері
Мұнай газ қондырғыларын коррозияға қарсы қорғау
Мұнай базалары мен газ сақтау қоймалары
Бұрғылау жабдықтарын және мұнайгаз құрылғыларын пайдалану және монтаждау
Мұнай өңдеу технологиясы
Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау
Жер үстілік жөндеу жұмыстары
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Гуманитарлық мәдениетті, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетін және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуді меңгерген. Экономика негіздерін, өндірісті ұйымдастыру, еңбек, басқару, ғылыми зерттеу әдістерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін біледі.
- Мұнай-газ өндірісін технологиялық жүйе ретінде жобалау негіздерін түсіну үшін жалпытехникалық пәндердің іргелі бөлімдерінің білімін пайдаланады.
- Мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарының геологиясы мен кәсіби геофизикасының негіздерін, геофизикалық, геологиялық, гидродинамикалық және басқа да зерттеу технологияларын біледі. Ұңғымалардың құрылымын жобалауды, қашаудың ұтымды түрін және бұрғылау режимінің негізгі параметрлерін таңдауды, бұрғылау қондырғысы мен жабдықты басқаруды және пайдалануды біледі. Газ-мұнай құбырларын (құрлықта және қайраңда), мұнай базалары мен газ-мұнай қоймаларын, мұнай мен газды айдауға арналған сорғы және компрессорлық станцияларды жобалауды және салуды меңгереді, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу техникасы мен технологиясын біледі.
- Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын (құрлықта және қайраңда) игеру технологиясын таңдауға, жабдықты таңдауға және кен орындарын, құбырларды, газ-мұнай қоймаларын пайдалану үшін оның жұмыс режимін белгілеуге және олардың экономикалық тиімділігін есептеуге қабілетті. Мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтары мен құрылыстарын, мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймаларын, қалдығы аз, энергия үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, мұнай мен газды бастапқы және қайталама өңдеу қондырғыларын салу, пайдалану, ұстау, жөндеу бойынша негізгі технологиялық операцияларды орындау.
- Көмірсутек шикізатын теңізде өндіруді арттыру үшін ұңғымалардың түп маңы аймағын өңдеудің және қабаттық қысымды ұстап тұрудың тиімді технологияларын қолдана алады, ұңғымалар жұмысының сипаттамасын алып, ажыратып, газ-мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру технологиясын таңдай алады.
- Кәсіпшілікте мұнай, газ және су жинау және оларды тасымалдауға дайындау схемасын, жөндеу жұмыстарын, аз қалдықты, энергия үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, өнімнің берілген ассортиментін алу мақсатында мұнай мен газды терең өңдеу схемасын таңдай алады.
- Ұңғымаларды салу технологиясын біледі. Технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен экологиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындай алады, қоршаған ортаны қорғау, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтары мен құрылыстарын, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын (құрлықта және қайраңда) коррозиядан қорғау жөніндегі технологияларды таңдай алады.
- Алынған білім мен техникалық әдебиеттерді пайдалана отырып, мұнай өндіру процесінде туындайтын проблемаларды шеше алады, қабаттан келетін ағынды бағалау бойынша технологиялардың тиімділігін бағалай алады.