Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03101 Мәдениеттану в Торайгыров университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым, педагогика және кәсіптік қызмет саласында тұжырымдамалық білімді игерген, орта арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша курстарды оқытуда педагогикалық қызмет негіздерінің білімін тәжірибелік пайдалануға, ғылыми зерттеулерді жүгізуге қабілетті.
  • Кәсіби қызметтің мақсаттарын анықтайды, оларға жетудің дәлме-дәл әдістері мен құралдарын таңдайды, жаңа білім алу үшін ғылыми-педагогикалық және инновациялық қызметті жүзеге асырады, бөлімше деңгейінде шешімдер қабылдайды және жауапкершілік алады.
  • Іскерлік, кәсіби, ғылыми әлем саласында органикалық қоғам құру кезінде көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби және ғылыми коммуникациялардың негізгі дағдыларын меңгерген (В1, B2, С1 деңгейі).
  • Мәдени құндылықтарға тарихи аспектіге және мәдениетті зерттеудің заманауи әдістеріне сүйеніп сараптама жүргізуге қабілетті
  • Қазіргі қоғамдағы нақты әлеуметтік-мәдени және мәдениетаралық жағдайды жетілдіру бойынша түрлі тәсілдерді ұсынады
  • Әлеуметтік-мәдени мәселелерінің сыни талдауын және күнделікті тәжірибенің рефлексиясын қолдана отырып, жеке жобалар мен талдамалық есептерді әзірлейді
  • Заманауи және инновациялық әдістерді, соның ішінде цифрлық технологияларды, тарихи-мәдени мұраны сақтау және репрезентация үшін әлеуметтік желілердегі ақпаратпен жұмыс істеу әдістерін, оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулерді жүргізуді қолданады.
Top