Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02101 Аспаптық орындаушылық - фортепиано в Қазақ ұлттық өнер университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларын қолдануға және сақтауға дайын болу. Бизнес-жоспар құра білу, оны жүзеге асыру жолдарын табу. Кәсіпкерлікті қаржыландыру және мемлекеттік реттеу негіздерін білу. Қауіпсіздік негіздерін білу, қоршаған ортаға қатысты білімді меңгеру.
  • Фортепиано музыкасын кәсіби интерпретациялау дағдыларын меңгеру, музыкалық шығармамен жұмыс істей білу, репертуарды стилистикалық нормаларды сақтай отырып, жоғары техникалық және көркемдік деңгейде орындай білу.. Өз бетінше ойлана білу, әр түрлі жанрдағы музыканы кәсіби талдай білу, музыкалық стильдер мен бағыттарда жүру, үнемі кәсіби өсуге деген тұрақты ұмтылысқа ие болу. Концерттік қызметті солист ретінде жүргізу (МҚА-да 100 балл болған жағдайда).
  • Стилистік және бейнелі міндеттерді ұғыну арнасында концертмейстердің солистпен жұмыс істеу ерекшелігін, солистің техникалық ерекшеліктерінің спектрін білуді, орындаушылық дыбыстық және техникалық шешімдердің бірлігін меңгеру. Концертмейстер ретінде репетициялық-концерттік қызметін өткізу.
  • Камералық ансамбльге арналған репертуар туралы білімді меңгеру. Камералық ансамбльде ойнау білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға қабілетті болу. Камералық ансамбль құрамында солист ретінде концерттік қызметін жүргізу. (МҚА-да 100 балл болған жағдайда).
  • Екі фортепианода және төрт қолмен бір фортепианода ансамбльдік ойынның ерекшелігін, алған білімдерін, фортепианолық дуэтте ойнау шеберлігі мен дағдыларын педагогикалық және орындаушылық қызметте практикалық қолдану білу.
  • Аспаптың құрылымын, әр түрлі дәуірлер мен композиторлардың орган музыкасының антологиясын білу; әр түрлі стильдер мен бағыттардағы музыканы орындай білу; органда ойнау техникасын, пернетақта мен педальда ойнау дағдыларын меңгеру.
  • Орындаушылық және ғылыми қызметте шығармашылық пайдалану мақсатында музыкалық-тарихи білімді меңгеру; кәсіби қызметте пайдалану мақсатында музыкалық туындыларды талдаудың жүйеленген теориялық және практикалық білімін меңгеру; орындаушылық өнер тарихын білу және көркем-орындаушылық талдау негізінде туындыны өзіндік интерпретациялау.
  • Музыкалық шығармалардың ноталық мәтінінің редакцияларында, "Композитор-ноталық мәтін-редактор-орындаушы-тыңдаушы" жүйесіндегі әртүрлі стильдер мен бағыттардағы аспаптық музыканы интерпретациялау мәселесіне әртүрлі тәсілдердің даму тенденцияларында бағдарлану
  • Кәсіби қызметте пайдалану мақсатында музыкалық шығармаларды талдаудың жүйеленген теориялық және практикалық білімдерін меңгеру.
  • Орындаушылық өнер тарихы туралы білімді меңгеру. Көркем-орындаушылық талдау негізінде туындыға өзіндік интерпретацияны жүзеге асыру.
  • Фортепиано педагогикасы мен музыкалық білім саласындағы психологияның әдістемелік қызметтің ерекшелігін білу; фортепиано сыныбында оқу процесін жоспарлай білу, педагогикалық репертуарды білу, жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушының жеке жоспарын сауатты құрастыру, оның музыкалық қабілетінің даму үрдісін талдау, олардың өсуін ынталандыру. Стильдік тәсілді, сондай-ақ оны фортепиано сыныбында жүзеге асыру техникасын меңгеру.

Ұқсас БББ

Top