Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04111 Қаржы в Қазақ-орыс халықаралық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • экономиканы ақша-кредитпен реттеу құралдарын, қаржы институттарын бақылау және қадағалау жөніндегі шараларды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін фискалдық саясатты дамыту бағыттарын қолдануға қабілетті
  • Өзіндік оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге, жеткіліксіз немесе шектеулі ақпаратпен шешім қабылдауға қолдануға үйрету
  • тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіби және академиялық адалдық тұрғысынан статистикалық және қаржылық, салықтық есептілікті қалыптастыруға қабілетті
  • экономика және бизнес, қаржы және құқық, менеджмент және есеп саласында нарықтағы өзгерістерге жауап беру және жаңа мүмкіндіктер табу қабілетімен бизнестің сауатты өкілдерін қалыптастыруға ықпал ететін іргелі дағдылар мен білімдерді қолдануға қабілетті
  • тәуекелдерді талдауға және бағалауға, оларды төмендету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, қаржылық шығындарды азайту үшін қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалауға қабілетті
  • қаржы-несие органдарында және бизнесте қолданылатын арнайы бағдарламалық құралдар мен қаржы технологиялары ортасында тиімді жұмыс істей алады
  • Ұлттық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау үшін микро және макро деңгейде экономикалық дамудың статистикалық көрсеткіштерін қолдануға қабілетті
  • қаржы органдарында, қаржы институттарында, мемлекеттік және жеке секторлардың қаржы қызметтерінде жұмысты жетілдіру жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға қабілетті
  • мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін басшылық пен командада жобалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті
  • қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға, қаржы аналитикасының заманауи тұжырымдамаларын пайдалануға, қаржы саласында инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізуге қабілетті
  • орындалатын операциялар шеңбері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдаудың дәлелді негіздемелерін дайындауға қабілетті
  • Қазақстан Республикасында қаржы-неисе тетігін жетілдіру мақсатында шетелдік тәжірибені пайдалануға қабілетті
  • құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық, мәдени ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы қоғамдық әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен процестерді түсінуде зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалауға және қолдануға қабілетті.
  • бизнестің құны мен тиімділігін бағалаудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдана отырып, ұйымдардың қаржылық ақпаратын талдауға, қаржылық көрсеткіштерді есептеуге қабілетті
  • халықаралық қаржы жүйесінің ерекшеліктерін, қазіргі заманғы төлем жүйелерінің жай-күйін, ақша, кредит, депозит, валюта, сақтандыру, зейнетақы нарықтары мен бағалы қағаздар нарығы қызметінің тиімділігін бағалауға қабілетті

Ұқсас БББ

Top