Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B02118 Әскери үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тіршілік қауіпсіздігі және әскери қызмет, экология, менеджмент және кәсіпкерлік, ғылыми зерттеу негіздері және қаржылық сауаттылық бойынша базалық білімін көрсетеді.
  • Компьютерлік технологияларды, ұлтаралық коммуникация нормаларын меңгереді және кәсіптік қызмет қажеттіліктері үшін тілдерді білуді қолданады.
  • Әскери-үрмелі оркестрдің репертуарын, әскери салт-жоралары мен дирижерлеу техникасын меңгергендігін көрсетеді.
  • Әскери-үрмелі оркестрге арналған шығармаларды аспаптауды көрсете алады, жеке аранжировкалар жасай алады.
  • Сольфеджиялау техникасын, музыкалық шығармалардың орындаушылық талдау әдістерін, түрлі дәуірлер, стильдер мен жанрлардағы шығармаларды гармониялық және стилдік талдауды меңгергендігін көрсетеді.
  • Түрлі дәуірлердегі, стильдер мен жанрлардағы әлемдік және қазақ музыка өнерінің туындыларын орындаудың тарихи контексі мен дәстүрлерін еркін меңгергендігін көрсете алады.
  • Фортепианода және үрмелі (туыстас) музыкалық аспапта музыкалық шығармаларды орындай алады.
  • Үрмелі аспаптар оркестрінде (ансамблінде) ұжымдық музыка ойнау дағдыларын көрсете алады, оркестрлік партитураларды оқи алады.
  • Командирлердің күнделікті тіршілік әрекетінде жалпы әскери жарғылардың практикалық игерілуін, топографиялық карталарды, атыс қаруын пайдалана білуін, күнделікті қызметінде әскери бөлімшелерді басқара білуін көрсетеді.
  • Қазіргі заманғы ұрыс талаптарына сәйкес дене төзімділігін көрсете алады, әскери-қолданбалы дағдыларды меңгергендігін көрсетеді.
Top