Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04110 Қаржы және несие в Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • гуманитарлық және әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдарының негіздері саласындағы білімді, іскерлікті, құзыреттілікті жіктеу, әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болу, ақпаратты өңдеу, талдау және ұсыну, оның ішінде ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану, жасанды интеллект негіздерін білу, ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу, экономика және құқық негіздерінің теорияларын білу, қаржылық сауаттылықтың негіздері, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық санаға ие болу;
  • қазіргі заманғы техникамен жұмыс істеу дағдыларын анықтау, компания қызметіне техника мен технологияның жаңа түрлерін енгізе отырып, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды таңдау;
  • әр түрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бағдарлай білу, компания қызметінің нәтижелілігінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдаудың арнайы әдістерін қолдану;
  • қаржы-бюджеттік және ақша-кредиттік реттеуді ұйымдастыру негіздерін, қаржы-банк жүйесінің жұмыс істеуінің теориялық, практикалық аспектілерін, мемлекеттік қаржы және корпорациялардың қаржысын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін, сондай-ақ нарықты реттеу үшін қаржы-кредит құралдарын пайдаланудың әлемдік тәжірибесін қолдану;
  • сақтандыру, банк қызметі, есепке алу және бақылау саласындағы бюджеттік, салықтық, валюталық қатынастарды реттейтін нормаларды қолдану, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін басшылық пен командада жобалау қызметін жүзеге асыру;
  • басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында қаржылық ақпаратты талдау үшін кәсіби міндеттер мен бағдарламаларды шешуде тиісті цифрлық технологияларды, құралдарды, базалық әдістерді, теорияларды қолдану;
  • фирманың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету және бизнес ауқымын кеңейту мақсатында инвестициялардың тиімділігін бағалай білу, бизнес-жоспар және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасай білу;
  • қазақстандық және әлемдік бағалы қағаздар нарығының проблемалары мен даму үрдістерін анықтай білу;
  • шешендік өнерге, ауызша және жазбаша сөйлеу сауаттылығына, өз жұмысының нәтижелерін көпшілік алдында ұсынуға, білім алушылардың мотивациялық саласын дамыту мақсатында презентацияның барабар нысандары мен әдістерін іріктеуге, олардың экономикалық пәндерді қызығушылықпен оқуға деген ұмтылысына ие болу;
  • мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру және қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдайларында тиімді қолдану; сөйлеу этикетінің нормаларын сақтау, Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну;
  • тіршілік қауіпсіздігі мәдениетінің негіздерін зерттеу, экологиялық сананы қалыптастыру, яғни табиғи ортаның қауіпсіздігі мен сақталу мәселелерін адам өмірінің маңызды басымдықтары ретінде қарастыру;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін негізгі аналитикалық көрсеткіштерді есептеу әдістерін анықтау.
Top