Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04236 Кеден ісі в Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Заңнама негіздерін және саланың нормативтік базасын қолдану, экономика, құқық, экология және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерінде құзыретті болу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау.
  • Кәсіби терминологияны қолдану, нақты заңды жағдайда қолданылатын норманы дұрыс анықтау
  • Материалдық және іс жүргізу құқығы саласында терең теориялық білімге ие болу.
  • Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін кедендік-тарифтік реттеу әдістерін меңгеру, кедендік инфрақұрылымды және көлік логистикасын білу.
  • Сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі, кеден органдары қызметінің құқық қорғау құрамдас бөлігі ретінде кеден саясатына сәйкес кәсіби функцияларды орындау.
  • Кеден саласындағы халықаралық құқық санатын, мемлекеттер геосаясатының негізгі бағыттарын білу және кәсіби қызметте қолдану.
  • Құқық саласы ретінде іс жүргізу құқығының ерекшелігін, оның ішінде оны реттеудің мәні мен әдісін, принциптері мен құрылымын білу, сондай-ақ кедендік қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша іс жүргізу құжаттарын анықтау.
  • Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мен жедел міндеттері туралы білімді қолдану, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін нормативтік реттеуді жүзеге асыру.
  • Жедел-іздестіру іс-шараларын, криминалистикалық сараптамаларды, контрабандаға және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес әдістерін жүзеге асыру дағдыларын меңгеру.
  • Құқықтарды бұзу фактілерін белгілеу және оларды саралай білу, құқық бұзушылар үшін жауапкершілік пен жаза шараларын айқындау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау.
  • Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау, кедендік іс қағаздарын жүргізу, кедендік сараптама тағайындау, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру, кедендік сараптама объектілерін талдау және бағалау, салықтар мен кедендік төлемдерді сәйкестендіру кезінде заманауи технологияларды пайдалану туралы білімдерін меңгеру.
Top