Инновациялық білім беру бағдарламасы

8D07111 Машина жасау өндірісін сандандыру в Satbayev University

Оқыту нәтижелері

  • Цифрлық машина жасау өндірісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолулар мен әзірлемелерді дайындай отырып, ғылыми-техникалық және ғылыми-танымал мәтіндерге, ғылыми және эксперименттік зерттеулер нәтижелеріне талдау жүргізу
  • Машина жасау өндірісін цифрландыру жағдайында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және зерттеу әдістерін таңдау қағидаттары негізінде ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерін қоюға, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуге қатысу
  • Цифрлық фабрикаларды дайындау, жобалау және өндіру кезінде ғылыми зерттеулерде және кәсіби қызметте инновациялық бизнес-модельдерді, бизнес-процестерді, компьютерлік технологияларды қолдану
  • Мақсатты бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, оңтайландырудың қазіргі заманғы әдістері негізінде машина жасау өндірісінің жобалық, конструкторлық-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерін шешу
  • Машина жасау өндірісін жобалауға, өндіруге және ұйымдастыруға жүйелі тәсіл, белгісіздік жағдайында болжау, оңтайландыру және шешім қабылдау әдістері негізінде ғылыми-эксперименттік зерттеулерге талдау жүргізу
  • Ғылыми-техникалық және эксперименттік зерттеулер жүргізу кезінде көркемдік құрастыру әдістерін, өнеркәсіптік жабдықтың техникалық эстетикасын, өнеркәсіптік дизайнның қазіргі заманғы технологияларын қолдану
  • Өнеркәсіптік өндірісті үлгілеу, автоматтандырылған жобалаудың прогрессивті бағдарламалық пакеттері, энергия және ресурсты үнемдеу қағидаттары негізінде машина жасау өнімінің өмірлік циклын басқару саласында шешімдер қабылдау
  • Машина жасау өндірісін цифрландыру саласындағы виртуалды және толықтырылған нақтылық жүйелерін, компьютерлік модельдеу әдістерін талдау негізінде жаңа білім мен технологияларды синтездеу
Top