Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02180 Медиажурналистика в Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи-философиялық білімдерге, мәдени және әлеуметтік-саяси дүниетанымға, жаһандану және мәдениетаралық өзара әрекеттесу жағдайында кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың психологиялық және құқықтық аспектілеріне негізделген қазіргі заманның оқиғалары мен процестері туралы білімі мен түсінігін көрсетеді.
  • Мәдениет және өнер, шығармашылық индустрия саласындағы ақпаратты басқару дағдылары мен кәсіпкерлік негіздерін жетік біледі.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы процестерді модельдей алады; ақпараттық және желілік қауіпсіздік принциптерін және компьютерлік модельдеу мен компьютерлік графика негіздерін біледі, аудио және бейне материалдарды түсіріп және өңдеп, суретке түсіре алады.
  • АТ дағдыларымен интерактивті контентті құрудың шығармашылық міндеттеріне қол жеткізу үшін ерекше шығармашылық, технологиялық және техникалық шешімдерді әзірлей алады: мобильді және веб-қосымшаларды, анимация, визуалды арнайы эффектілер әзірлей алады.
  • Кез-келген жанрдағы концерттер мен бұқаралық мәдени көріністерге кәсіби журналистік қолдау көрсете алады.
  • «Дата журналистикасының» ерекшеліктерін, аналитикалық және журналистік тергеудегі деректерді пайдалану ерекшеліктерін, деректерді визуализациялау ерекшеліктері мен құралдарын тәжірибеде қолдана алады.
  • Цифрлық журналистиканың мақсаттарына жету үшін ақпараттарды жинайды, өңдейді, фактчекинг жасайды, тарату дағдылары мен құзыреттерін талдап және дамыта алады.
  • Конвергентті және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, контентті түрлендіру дағдыларын меңгереді.
  • Деректер мен дәйектерді жинай алатын, ақпарат дайындап, өңдеп, радио-теледидар арқылы тарата алатын маман біліктілігін иелене отырып, мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың хабарларына талдау жасай алады. Түрлі стильдер мен жанрдағы мәтіндерді өңдеу әдісін қолдана отырып, жинақталған ақпаратты өңдеп, ғылыми қорытынды жасай алады.
Top