7M04118 Есеп және аудит 1 ж в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білім беру бағдарламасының мақсаты - қаржылық, басқару, салық есебі, талдау және аудит саласында жоғары білікті, құзіретті және еңбек нарығында сұранысқа ие кең бейінді мамандарды дайындау. Бағдарлама білім алушыларда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, бизнесті басқаруда талдау нәтижелерін пайдалану үшін талдау жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, аудит объектісінің негізгі бизнес-үдерістерін сипаттау және сыни тұрғыдан түсіну, аудиттелетін тұлға бизнесінің негізгі тәуекелдерін анықтау, тиімді басқару шешімдерін әзірлеу саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастырады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M073 Аудит және салық салу
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Шетел тілі (кәсіби)
Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Менеджмент
Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Басқару психологиясы
Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Бизнес-талдау (ілгерлемелі)
Пәннің мақсаты: аналитикалық есептеулердің терең теориялық білімі мен практикалық дағдыларын талдау технологиясын сақтай отырып, басқарушылық мәселелерді шешудің заманауи әдістерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде: 1. аналитикалық есептермен байланысты теориялық білімдерін көрсетуге; 2. бизнес құнын талдаудың негізгі әдіснамалық принциптерін қолдануға; 3. компанияның құнын талдау және бағалау технологиясын қатаң сақтауға; 4. кәсіпорынның нарықтық құнын анықтауға, бизнесті бағалау бойынша зерттеу жобаларын әзірлеуге қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Салық аудиті: әдістемесі және тәжірибесі
Пәннің мақсаты: салықтық тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, аудиторлық қорытынды жасау бойынша терең теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Магистрант қаблеттілігіне ие болады: -салық аудитінің даму тұжырымдамалары мен теорияларын түсіндіру; -салық есебі мен есеп беру деректерінің дұрыстығын бағалау; - ішкі аудит объектілерін, тәуекелдерді, ақпарат элементтері арасындағы тәуелділікті талдау және объективті қорытындылар жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
Пәннің мақсаты: магистранттарда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының теориялық негіздерін және қаржылық есептілікті жасаудың концептуалды негіздеріне сәйкес бухгалтерлік есеп пен есеп беру саласындағы практикалық дағдыларды қалыптастыру. Магистрант қаблеттілікке ие болады: -ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасау тұжырымдамасы мен принциптерін ашу; - бухгалтерлік есеп құжаттарындағы қаржылық есеп беру элементтерінің бухгалтерлік тіркелуін бағалау; - есеп беру ақпаратының қалыптасуының негізділігін тексеру; -ХҚЕС талаптары негізінде есеп берудің негізгі нысандарын жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Аудиттің халықаралық стандарттары
Пәннің мақсаты: аудиттің әдістемесі және әдістер саласындағы білімді қалыптастыру, халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларды дамыту және заңнамамен қамтамасыз ету. Магистрант қаблеттілікке ие болады: - халықаралық аудит стандарттарының нормалары мен талаптарын талдау және түсіндіру; - стандарттардың негізгі топтарының жіктелуін, құрылымын және ерекшеліктерін түсіндіру; -аудиторлық дәлелдемелерді, аудиторлық тәуекелдер мен маңыздыларды, аудиторлық процедураларды жинау және бағалау жоспарлау және жүргізу. - аудиторлық дәлелдемелердің сенімділігін бағалау және жұмыс құжаттарын дайындау; - аудиторлық есепті дайындау әдістемесін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тереңдетілген басқару есебі
Пәннің мақсаты: басқару есебінің мәні, ерекшеліктері мен критерийлері, жалпы принциптері құрылудағы, прогрессивті нысандары мен әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру. Магистрант қаблеттілікке ие болады: - бухгалтерлік және аналитикалық ақпаратты алудың, өңдеудің және қалыптастырудың өзіндік әдістерін меңгеру; - бизнес-процестерді басқаруды есеп -аналитикалық қамтамасыз ету үшін ақпарат құрамын зерттеу; - шығындар есебін және өзіндік құн калькуляциясын жүргізу; - ұйым қызметін басқару тиімділігін талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Стратегиялық есеп
Пәннің мақсаты: Заманауи стратегиялық басқару есеп жүйелерін енгізуде теориялық білімді қалыптастыру және практикалық дағдыларды меңгеру. Магистрант қаблеттілікке ие болады: -стратегиялық есеп, жоспарлау, болжау және талдау, есеп беру процестерін қорытындылау; - стратегиялық басқару шығындарын жіктеу және олардың есебін жүргізу; - компанияның құнын, қоршаған орта факторларын, тәуекелдерді анықтау және бағалау және стратегиялық бюджеттерді құру дағдыларын меңгеру; - ұзақ мерзімді инвестициялар мен инновациялар, бизнес сегменттері бойынша шешім қабылдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ақпарат алу, ақпаратты жинау, өңдеу және кәсіби қызметте өз көзқарасын дәлелді баяндау дағдыларын практикалық пайдалану мақсатында мемлекеттік және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін көрсетеді
- Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын талдау, оның негізгі элементтерін анықтау және олардың ұйымға әсерін бағалау үшін басқарудың негізгі функцияларын қолданады;
- Психологиялық білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолданалуы, сонымен қатар әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени мұраларды төзімділікпен қабылдай отырып, ұжымды басқарару;
- Бизнес-процестердің тиімділігін арттыру, әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлерін, тәуекелдерді және ықтимал әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында қаржылық есептілік пен бухгалтерлік және аналитикалық деректерді талдау үшін заманауи өңдеу әдістері мен бизнес-аналитика құралдарын қолданады
- Бухгалтерлік және салықтық есептің ақпараттық деректері негізінде жасалған салықтық тексеру жоспары мен бағдарламасының негізінде салықтық тексеруді жүргізу, оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптары негізінде өңдеуді жүзеге асыру;
- Қаржылық есептілікті ХҚЕС сәйкес және ұйым қызметінің ерекшеліктерін, әртүрлі меншік нысандарын, салалық тиістілігін және функционалдық мақсатын ескере отырып жасау;
- «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа ала отырып, халықаралық аудит стандартын қолдану тәртібі мен әдістемесіне сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізуі;
- Ұйымның қаржылық жағдайын, ағымдағы және болашақтағы қаржылық нәтижелерін жақсарту мақсатында шығындарды есепке алу, бақылау, жоспарлау, бюджеттеу теориялары мен практикалық дағдыларын пайдалана отырып, ұйымның бухгалтерлік және аналитикалық жүйесін оңтайландыруға бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру;
- Ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы ортаны бағалай отырып, стратегиялық тәуекелдерді және ұйым қызметінің мақсатты көрсеткіштерінің жүйелерін талдай отырып, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді анықтау;