Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04143 Қаржы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстандағы, сондай-ақ шетелдердегі қаржылық-бюджеттік статистика, ақша-несиелік реттеу, баға белгілеу және биржа ісі көрсеткіштерінің жүйесін өңдеуге қабілетті, алынған мәліметтерді талдайды, сәйкес қорытындылар мен ұсыныстар жасайды
  • Қаржылық-несиелік жүйе ұйымдарындағы қаржылық және валюталық операцияларды, банктік тәуекелдерді талдау негіздері бойынша білімдерді көрсетеді. Банктерде қаржылық талдауды, қаржылық нарықтарда іргелі талдауды жүргізеді, банктің несиелік және электронды операцияларын басқарады, сонымен қатар банктерде маркетинг пен менеджмент әдістерін қолдануға қабілетті.
  • Корпоративті қаржылық басқару, жоспарлау және бағалау, инвестицияларды қаржыландыру және салық салудың өзекті мәселелерін анықтай біледі. Корпорацияның мүліктік және қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштерін таңдауды жүзеге асырады, қаржылық жағдай көрсеткіштерін есептеу әдістерін, сонымен қатар өндірістік және қаржылық леверджді анықтау әдістерін қолданады, дивидендтік саясатты қалыптастырудың негізгі көрсеткіштеріне есептеу жүргізеді.
  • Өзінің ұлттық мәдени мұрасы саласындағы білімдерді меңгерген; «оқып жатқан тілге қатысты елдің мәдениетін қайталаушы» бола біледі; өзге мәдениеттерді құрметтейді; қазақ халқының мәдени құндылықтарын түсіну және оған қатысы бар екендігін сезінеді. Білім беру саласындағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі мен мәнін сезіну, оларды оқу процесі мен қаржы-несиелік салада қолданудың негізгі қағидаттары мен технологияларын біледі
  • Қаржы теориясының мазмұнын анықтайды, елдегі және кәсіпорындағы болып жатқан қаржылық процестерді талдайды, объективті баға беру, дағдарысты жағдайлардан шығу жолдарын табады, қаржы саласында дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін теориялық білімді қолдану дағдыларын иеленеді
  • Жан-жақты көзқарасы мен экономикалық ойлау мәдениеті бар жоғары білімді бітірушіні қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану ғылыми пәндері саласындағы, экономикалық пәндер (микро-, макроэкономика, экономикалық теория және т.б.) әлемдік экономикалық, қаржылық процестерді, өмірқауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі нормативті актілерге қатысты білімдерді көрсетеді
  • Негізгі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды, институттар мен процестерді білу саласында жан-жақты ғылыми түсінігі бар, әкімшілік заңнама нормаларын талдап, тәжірибеде қолдана алады
  • Ұйымның қаржыларын басқарудағы қаржылық талдау әдістерін, қаржылық жоспарлау және болжау әдістерін қолданады, компанияның инвестициялық қызметін оңтайландыруды жүзеге асырады. Қаржылық жағдайға жедел және кешенді бағалау жүргізу әдістемесін, инвестициялық жобалардың тәуекелін талдау әдістемесін игерген.
  • Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бюджеттеріне есеп айырысуларды қоса алғанда, ұйымдардың бюджеттері мен қаржылық жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қаржылық бақылаудың әдістері мен нысандарын қолдану қабілеті
  • Тереңдетілген қаржылық талдау үшін қажетті басқарушылық ақпаратты талдау, кәсіпорынның (мекеменің) қаржылық жағдайын болжау үшін тереңдетілген қаржылық талдау нәтижелерін пайдалану, кәсіпорынның (мекеменің) қаржылық тұрақтылық дәрежесін айқындау қабілеті
Top