7M03126 Халықаралық қатынастар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Шетел тілдерін меңгерген, сараптаулардың барлық дәрежелеріндегі халықаралық акторлардың өзара әрекеттесулерін бағалауға қабілеттенген, сонымен қатар еңбек нарығындағы бәсекелестікке сай білікті мамандар даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M064 Халықаралық қатынастар
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
Менеджмент
Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Қазіргі ХҚ саяси және экономикалық тұжырымдарын зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты: қазіргі ХҚ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының және саяси зерттеу технологиялары мен әдістерінің инновациясын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру Пәнде оқытылады: қазіргі хқ әлеуметтік-экономикалық тұжырымдарының теориялық-әдіснамалық негізі, экономикалық ойлардың даму тарихындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу әдіснамалары, шешім қабылдау үрдістерін талдау амалдары; әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қазргі үлгілерін салыстыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі халықаралық қатынастардағы тұрақты даму мәселелері
Пәннің мақсаты: тұрақты даму теориясы, тәжірибесі, оның ХҚ ықпалы жөніндегі қазіргі түсініктерді зерттеу қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: тұрақты даму тұжырымдамасының тарихи даму аспектілері, пайда болу алғышартын, оның мақсаттарына (адами қажеттіліктерді қамтамасыз ету), міндеттеріне және қағидаларына, талдау дағдыларына сай кәсіби қызметте, тұрақты дамудың сараптамалық, сыни салаларына сай құрылған инновациялық стратегиялар
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жаһандану дәуіріндегі қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері
Пәннің мақсаты: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін сипаттау, бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Пәнде оқытылады: жаһандану жағдайындағы қауіпсіздіктің қазіргі халықаралық жүйесінің жаңа өлшемдерін зерттеу барысында қолданылатын өзіндік түсініктері мен бағыттарының мазмұны, негізгі халықаралық мәселелерге қатысты ҚР ұстанымдары, жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік саласында болып жатқан үдерістер
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Халықаралық қатынастар теориясы (ағылшын тілінде)
Халықаралық өмірдің қарама-қайшылығын тануға мүмкіндік беретін басты санаттар мен тұжырымдамалардың мазмұнын талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу: негізгі парадигмалар мен теориялық мектептерді түсіндіруге, халықаралық қатынастарды талдаудың негізгі теориялық тәсілдерін түсіндіруге; халықаралық қатынастардың құрылымдық және функционалдық аспектілерін ашуға; халықаралық тәртіптің мәселелерін ашуға; жалпы және жеке теориялардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шетел тілі (кәсіби)
Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Халықаралық қатынастар және жаһандану үрдісі
Пәннің мақсаты – жаһандану рөлі жөніндегі әлемдік ғылымдағы қолданылатын түсініктер, тәсілдер мазмұнын түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы жаһандық дамуға ықпал етуші факторлар, жаһандану ұғымы туралы бас түсініктемелер туралы білім береді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: жаһанданудың әлемдік саясаттың салаларына әсер ететін бағыттарын зерттеу, халықаралық қатынастардың дамуына жаһандық тенденциялардың енуін зерттеу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Басқару психологиясы
Кәсіби өзара әрекеттестікте менеджменттің аса маңызды аспектілерін тәжірибеде қолдану үшін басқару психологиясының іргелі концепциялары туралы білімді қалыптастыру. Пән мазмұны: басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы, мотивация және практикалық рефлексия.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау
Пәннің мақсаты - халықаралық саяси оқиғаларды болжау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы қойылымды-сараптамалы болжау әзірлеу, халықаралық мәселелер мен үдерістерді қолданбалы зерттеу дағдысы, әдіснамалық сараптау дағдылары жөнінде білімді жүйелейді. Пән келесі дағдыларды меңгеруге бағытталған: халықаралық оқиғалардың қазіргі сараптамасы ортақ теориялық-әдіснамалық негіздерін, халықаралық-саяси ақпараттар сараптамасы, оларды іріктеу әдіснамасын игеруді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Басқару психологиясы, менеджмент және кәсіби шетел тілінің теориялық-әдіснамалық қағидаттарын кәсіби мақсатта қолдану
- ХҚ қазіргі жүйесіндегі инновациялық, интегративті үдерістерді қолданбалы талдауды, теориялық-әдіснамалық синтездеу, ойын теориясының әдістерін, кәсіби халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау, қолданбалы талдау және үлгілеу арқылы саралау
- Кәсіби біліктілік ауқымында жаһандық құрылымдардың трансформациясы жағдайындағы әлемдік жетекші акторлар артықшылықтары мен келешегін, тұрақты дамудың негізгі тұжырымдарын қабылданған саяси шешімдердің экономикалық және саяси тәуекелдерінде бағалау
- Қауіпсіздіктің жаңа өлшемдеріне сай жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті зерттеу міндеттерін енгізу
- Мемлекеттік қызмет және ғылыми-зерттеу белсендігі ауқымындағы салыстырмалы интеграциялық үдерістерді, мәдениеттердің өзара әрекеттесуін, тұрақты даму мәселелерін қолданбалы сараптаудың дағдыларын қазіргі әлемдік саясаттың негізгі оқиғаларын сараптауда шет тілдерінде меңгерген теориялар мен тұжырымдарды қолдана білу
- Әр түрлі деңгейдегі қауіпсіздік қатерлерінің қауіптерін анықтау үшін қауіпсіздіктің жаңа өлшемдеріне стратегиялық талдау арқылы ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелерінің арақатынасын талдау