Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D03105 Халықаралық қатынастар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және бағалауға, ғылыми-зерттеу және практикалық тапсырмаларды шешуде жаңа идеяларды қалыптастыруға , жоғары білікті ғылыми-педагогикалық, басқарушылық, сараптамалық-талдамалық кадрларды; халықаралық қатынастар саласындағы білімдерін пайдалана отырып, ішкі және халықаралық еңбек нарығының және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес докторанттардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру арқылы докторанттардың сұраныстарына сәйкес және осы саладағы стандарттардың, елдің және аймақтың даму болашағының сұраныстарын ескере отырып, жоғары дәрежелі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D064 Халықаралық қатынастар
  • Дайындық бағыты 8D031 Әлеуметтік ғылымдар

Пәндер

  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Пәннің мақсаты - халықаралық бейіндегі әлеуметтік ғылымдар саласында өзіндік ғылыми шығармашылық жұмысты жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру, Халықаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу кезінде ғылыми таным әдістерін қолдану. Курс теориялық және қолданбалы әдебиеттермен жұмыс істеу, ағымдағы оқиғаларды талдау, ғылыми ақпаратты іздеу және өңдеу, ғылыми нәтижелерді рәсімдеу қабілетін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Академиялық жазу

    Пәннің мақсаты: академиялық ортада ғылыми және білім беру коммуникациясы саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пән ақпараттық кеңістіктегі мәтіндерді аналитикалық өңдеу, академиялық және ғылыми еңбектерді, халықаралық бейіндегі жоғары рейтингті шетелдік және отандық басылымдардағы дискурстарды жариялау саласындағы ғылыми-әдістемелік және әдіснамалық білімді пайдалану қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • ХҚ және ақпараттық-сарапатамалық технологиялар

    Пәннің мақсаты ХҚ-ның заманауи жүйесін оқытудағы ақпараттық-аналитикалық технологиялар қолдану қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесі туралы біртұтас түсінікке ие болу; халықаралық қатынастарды зерттеуде ақпараттық-сараптамалық технологиялар дағдыларын қолдану қабілетін қалыптастырады. Пән ақпараттық-сараптамалық технологиялар негізінде халықаралық үдерістерді одан әрі дамыту болжамын құру қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық үдерістердің теориясы мен тәжірибесі

    Пәннің мақсаты әлемнің түрлі аймақтарындағы интеграциялық үдерістер эволюциясының негізгі теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік тәсілдерін жүйелеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы интеграциялық үдерістерді зерттеудің негізгі тұжырымдамалық тәсілдерін талдау қабілетін қалыптастырады. Пән интеграция феноменін зерттеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдерін; әлемнің түрлі аймақтарындағы интеграциялық үдерістердің сипаты мен динамикасын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері

    Пәннің мақсаты – қауіпсіздік пен тұрақты дамудың жаһандық мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы халықаралық қауіпсіздік пен тұрақты даму арасындағы байланыс туралы жүйелі түсінікке ие болу қабілетін қалыптастырады. Пән сыни ойлауды дамытуға, халықаралық қауіпсіздік мәселелерінің заманауи парадигмалары, тұрақты даму және жаһандық қауіпсіздік сын-қатерлері шеңберінде зерттеу әдіснамасын зерделеуге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік саясаттың өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты – әлемдік саясаттың маңызды мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлемдік саясаттағы үдерістер мен құбылыстарды салыстыру және бағалау, алынған теориялық білімді ХҚ-дың нақты мәселелерін талдай отырып, іс жүзінде қолдану қабілеттерін қалыптастырады. Пән әлемдік саясатты зерттеудің заманауи әдістерін игеруге, оның дамуының негізгі тенденцияларын талдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық ұйымдар және халықаралық басқару: қолданбалы талдау

    Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты: ХҚ қазіргі заманғы жүйесінде реттеу тетіктері ретінде халықаралық ұйымдардың рөлін талдау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы халықаралық ұйымдардың қызметін зерттеу әдіснамасын талдау және әлемдік саясат тұрғысынан олардың ұйымдастырушылық қызмет әдістерін талдау, әлемдік басқарумен байланысты проблемаларды сыни тұрғыдан сараптау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орталық Азияның геосаяси айналасындағы күштер тепе-теңдігін сценариялық-болжамдық талдау

    Пәннің мақсаты - Орталық Азиядағы негізгі акторлардың геосаяси мүдделерін талдай білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы халықаралық қатынастардың келешектегі дамуының сценарийлерін құрудың және болжау дағдыларының негізгі элементтерін игеруді қалыптастырады. Пән Орталық Азиядағы жетекші державалардың құралдары мен саясатын, олардың геосаяси мүдделерін, олардың ймақтағы күштер тепе-теңдігіне әсерін зерттеуге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық қатынастар саласында сараптамалық және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін диссертация, ғылыми есеп, мақала, сонымен қатар рейтингтік журналдардағы басылым түрінде айғақты және дәлелді көрсету, ғылым, жоғары білім мен еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз етуіне, халықаралық қатынастар жайындағы қазақстандық ғылымның дамуына ерекше зерттеулермен үлес қосу
  • Заманауи ақпараттық-аналитикалық технологияларды қолдана отырып, ХҚ-дың және әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін жүйелік талдауы негізінде қазіргі халықаралық-саяси парадигмалардың негізгі идеясын жеткізу; салыстырмалы, сценариялық-талдау және т.б. әдістер негізінде қазіргі әлемдік саясаттың халықаралық ахуалы мен үрдістерінің дамуын болжамдау
  • Қазіргі әлемдік құрылымның қалыптасуының жаңа тенденцияларын талдау, сын көзбен бағалау, жаһандық қауіпсіздіктің және қарулы қақтығыстардың жаңа факторларын талдау барысында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі теориялары мен тұжырымдамаларының әдіснамасын қолдану; халықаралық қауіпсіздіктің жаңа қауіп қатерлерінің алдын алу бойынша жеке ұсыныстарды тұжырымдау.
  • Орталық Азиядағы қазіргі қатерлер, мүмкіндіктер және сын-тегеуріндерді зерттеудегі танымал ғылыми мектеп өкілдерінің зерттеу тәсілдеріндегі ерекшеліктерін айқындау; жетекші акторлардың мүдделерінің серпінісін сын көзбен талдау; Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуының сценариялық-болжамдық талдауын жүргізу және кәсіби қызмет шеңберінде ұсыныстар беру
  • Халықаралық қатынастар туралы заманауи білімін жинақтау, тұрақты дамумен өзара байланыста жаһандық дамудың кешенді үрдістеріне салыстырмалы және пәнаралық талдауды жүзеге асыру, оларды ЖОО-да халықаралық қатынастар бойынша пәндерді оқыту барысында қолдану және білім алушылардың зерттеу дағдыларын қажетті деңгейде дамыту
  • Ғылыми зерттеу бағдарламасын өздігінен дамыту, халықаралық қатынастардың, әлемдік саясаттың, ғаламдық және аймақтық, ұлттық дамудың өзекті мәселелері бойынша ғылым-білім және сарапшы-талдаушы кәсіби қызметте қолданбалы маңыздылығы бар мәселелерді шешуге бағытталған ерекше зерттеу міндеттерін құру.
  • Халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау; экономикалық, әлеуметтік, мәдени, халықаралық-саяси жаңа үдерістер мен құбылыстарды ұлттық, аймақтық, ғаламдық деңгейлерде жүйелі түсінікті көрсету және олардың негізінде халықаралық үдерістерді қолданбалы саяси талдаудың әдістерін білуге негізделген халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеудің жаңа тәсілдерін құру.
  • Халықаралық қатынастардың реттеу тетігі ретінде халықаралық ұйымдардың рөлін талдау барысында жалпы теориялық тәсілдерді түсіндіру, халықаралық ұйымдардың өзрегуі мен дамуы мәселелерін өздігінен талдау қабілетіне ие болу және оларды тиісті мекемелерге ұсыныстарды беру үшін қолдану.
  • Интеграциялық үдерістер туралы ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан бағалау, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардағы кәсіби қызмет аясында қолданбалы ұсыныстарды әзірлеу үшін интеграциялық бірлестіктердің қызметінің тәжірибесін зерделеу барысында қолданылатын ұғымдар мен тәсілдер туралы білімді қалыптастыру.
Top