Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03107 Халықаралық қатынастар в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    «Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты-магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б.тақырыптарды қамтиды.

    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы және философиясы

    Курс ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.

    Несиелер - 4
  • Көпполярлы әлемнің қалыптасуындағы панорамдық көзқарас

    Пәннің мақсаты қазіргі халықаралық қатынастардың жағдайын талдау, оның негізгі мәні көпқырлы әлемдік тәртіпке көшу болып табылады. Білім алушылар көпполярлы тәртіпті қалыптастыруға ықпал ететін, сондай-ақ шиеленістіретін факторлар туралы білімді тереңдетуге бағытталған. Пән қазіргі халықаралық қатынастардың эволюциялық сценарийлерін түсіну және талдау, бағалау және болжау, өзіндік тәуелсіз негізделген нұсқаларын жасау, даму тенденциялары мен даму болашағын бағалау бойынша дағдыларды одан әрі дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік саясаттағы релевантты мегатрендтер

    Пән мақсаты - ағымдағы халықаралық үдерістерді және халықаралық жүйенің транспормациясын талдау, бағалау және болжау болып табылады. Курс қазіргі ғаламдық жүйенің логикасын, жаңа күн тәртібін талдауға және оларды басқаруға арналған тиісті практикалық ұсыныстарды әзірлеуге арналған. Пән ақпаратты креативті және сыни тұрғыдан түсінуге, сондай-ақ мегаатрендтерді мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің ұлттық мүдделері тұрғысынан бағалауға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді жобалау

    Курстың мақсаты – халықаралық қатынастардағы зерттеулерді жобалау тәжірибесін озық деңгейде меңгеру. Бұл зерттеу сұрақтарының, жобалаудың және зерттеу әдістерінің әртүрлі таңдауын қалыптастыратын факторларды түсінуге мүмкіндік береді. Курстың соңында магистранттар себеп-салдарлық талдауды, интерпретациялық талдауды, нормативтік және сыни саяси теорияны және т.б. пайдалана отырып, өз зерттеу жобасын жасап, қорғай алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықаралық қатынастарды зерттеу әдістері

    Бұл курстың мақсаты - әдістердің кең спектрін қолдану дағдыларын дамыту, ақпараттық және уақыттық шектеулер аясында белгілі бір зерттеу бағдарламасына негізделген ғылыми болжаулар мен дағдыларды таңдауда әдістерді ұтымды қолдана білу түсінігін қалыптастыру. Курс магистранттарда ғылыми зерттеулер әдіснамасын дәйекті түрде қалыптастыруға, сондай-ақ өздерінің зерттеу жобаларын ауыспалы жағдайда енгізуге дайын болуға бейіндеуге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастардағы акторлық

    Пән мақсаты халықаралық қатынастарда акторлардың теориялық және әдістемелік мәселелерін дербес талдау дағдыларын тереңдетуге бағытталған. Пән жаңа ғылыми мәселелерді тұжырымдау, стратегияларды кешенді талдау және бағалау әдістерін қолдану, халықаралық және аймақтық форматтағы мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің саяси процестерге әсер ету дәрежесін дамытуды қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаһандану және тұрақты даму: сыни ойлау

    Курстың мақсаты – тұрақты даму тұжырымдамасының теориялық негіздерін, тұрақты даму мен жаһандану проблемаларын талқылаудың негізгі әдіснамалық тәсілдері туралы білімдерін тереңдету, теориялық негіздеуде орын алған кемшіліктерді анықтау. Магистранттар ақпарат іздеу дағдыларын жетілдіреді, жаһанданған әлемдегі мемлекеттер мен топтардың әлеуметтік, географиялық және экономикалық жағдайлары олардың даму динамикасын қалай анықтайтынын, жаһандану процестерінің әсерін сыни тұрғыдан бағалайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Келіссөздер процесі: шешім қабылдаудың адекваттылығы

    Пәннің мақсаты мәселені шешуге бағытталған және ахуалды талдаудан, балама түрлерді қалыптастырудан, олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алудан, оны жүзеге асырудан тұратын тиімді келіссөздерді ұйымдастырудағы тәсілдерді дамытуға бағытталған. Курсты зерделеу барысында магистранттар келіссөздерде жеңіске жетудің оңтайлы шешімдерін анықтайды, олардың прагматикалық мүдделері мен келіссөздердегі әріптестерінің менталитетін ескере отырып, олардың әрекеті мен серіктесінің мінез-құлқын талдайды, ұтымды шешім шығару үшін компромис табады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаһандық басқару

    Пән мақсаты - жаһандық басқарудың дамуының қазіргі жағдайы мен келешегінің мәселелерін жан-жақты түсіну. Пән халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық басқару арасындағы теңгерімді талдау, жаһандық басқару жүйесінің трансформациялау үдерістерін болжау, магистранттардың диссертациялық зерттеу объектісі мен пәнін жаһандық басқару мәселелерімен байланыстыру дағдыларын дамытуды көздейді. Магистранттар мәселелерді шешуде басқарудың ғаламдық тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін сыни тұрғыдан бағалай алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Еуропалық дипломатияның эволюциясы (Ж.Моне бойынша)

    Оқу курсының мақсаты еуропалық дипломатияның негіздері мен құралдарының даму үрдісі, оның эволюциясының мағынасын түсінуге арналған ойлар мен көзқарастарды талдау болып табылады. Осы пәнді оқу барысында білім алушылар интеграциялық үдерістердің әр түрлі кезеңдерінде еуропалық дипломатияны институционализациялау тәсілдерін түсінуге және талдауға, жақын және орта мерзімді сценарийлерді құруға мүмкіндік береді. Еуропалық мемлекеттердің дипломатиялық дәстүрлері мен ЕО шеңберіндегі дипломатиялық қызмет тәжірибесі де зерттелетін болады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастар теориясы

    Бұл пәннің мақсаты халықаралық қатынастарды зерттеу шеңберіндегі негізгі идеяларды, аналитикалық дәстүрлер мен теориялық тәсілдерді апелляциялау болып табылады. Курс аясында бәсекеге қабілетті бағыттармен қатар доминантты парадигмалар зерттелетін болады. Теориялық пікірталастарға, соның ішінде жаһандық трендтер мен қазіргі заманғы мәселелер саласына шолу жасайтын пән теориялық мектептер өкілдерінің дәлелдерін бағалау арқылы сыни ойлауды дамытуға, білім алушыларға халықаралық қатынастарды талдауға байланысты құралдармен қамтамасыз етуге арналған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаһандық проблемаларды шешуде қолданылатын әдістер

    Пәннің мақсаты себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға бағытталған аналитикалық және болжамдық қабілеттерді дамыту, проблемаларды шешудің тәсілдерін ұлттық мүдделер мен жаһандық басқару тұрғысынан салыстыру және пікір-таласқа қат, мемлекеттер мен институттардың жаһандық проблемаларды шешуге көзқарастарының айырмашылығын, күшті және әлсіз жақтарын бағалайды, сондай-ақ тәуекелдерді ескере отырып оларды басқаруға қатысты өзіндік ұсыныстар жасау болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қауіпсіздіктегі ядролық фактор

    Пәннің мақсаты ядролық қатерді жаңғырту дәуірінде ядролық мәселелер бойынша негізгі халықаралық ойыншылардың мүдделерін талдау және салыстыру, ядролық державаларды саралау дағдыларын тереңдету, ядролық проблемаларды кәсіби талқылау, жаһандану жағдайында ядролық қарсыласудың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеуді талап етілді. Магистранттар халықаралық ядролық күн тәртібіндегі өзгерістер дәрежесін сыни тұрғыдан бағалай алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өркениеттік даму контекстіндегі халықаралық терроризм

    Пәннің мақсаты халықаралық лаңкестік ерекшелігі қазіргі халықаралық қатынастардың феномені және факторын сараптау болып табылады. Курс магистранттардың халықаралық терроризмнің мәнін өркениеттік сәйкестікпен күресу тәсілі ретінде түсінуін тереңдетеді. Пәнді оқу терроризмді жаңа геосаяси шындыққа интеграциялау, оның экстремизм және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен бірігу мәселелерін талдау мен бағалау дағдыларын тереңдетуге бағытталған. Білім алушылар терроризмнің ошақтарын жою үшін шаралар жүйесін ұсынып, талқылай алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қауіпсіздік саласында бейбітшілік пен бейбіт құрылысты қамтамасыз ету

    Курс мақсаты бітімгершілік қызметін заманауи халықаралық қауіпсіздік жүйесінде құбылыс ретінде талдау мен оған қатысты ақпараттарды іздеу дағдыларын жетілдіруді, халықаралық қауымдастықтың жаңа халықаралық саяси шынайылықтағы бітімгершілікке деген рөлін бағалау болып табылады. Курс өзгермелі әлемдік тәртіпте бейбітшілікті құру идеялары мен бастамаларын сыни тұрғыдан бағалауға, қатерлерді бағалау негізінде дағдарыстық жағдайлардың алдын-алу және шешу бойынша ұсыныстарды, аналитикалық материалдарды дайындауға бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастардағы қақтығыс әлеуетін талдау және болжау

    Оқу пәнінің мақсаты шиеленістердің әлеуетін талдау, бағалау және болжау, сондай-ақ оның өршуі мен жойылу ықтималдылық дәрежесін, сонымен қатар халықаралық қатысушылардың қазіргі заманғы соғыстар мен қақтығыстарға қатысты саясатын зерттеу. Курс магистранттарға теорияларды нақты мысалдармен сынауға, алғышарттарды салыстырмалы талдауға негізделген халықаралық қақтығыстардың ықтимал ошақтарын анықтауға және олардың алдын-алу бойынша практикалық ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейбітшілік пен қақтығыстарды зерттеу

    Курс мақсаты - зорлық-зомбылық және зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық, зорлық-зомбылық, этникалық қақтығыстар мен геноцид себептерін анықтау және талдау. Соғыс пен бейбітшілік динамикасын анықтау, орны мен рөлін, мүдделі тараптарды, соның ішінде Біріккен ұлттар ұйымын анықтау дағдыларын дамытады. Курс бейбітшілік мәдениетін дамытуға бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қақтығыстардың алдын алу, трансформациялау және жанжалдан кейінгі қайта құру

    Пәннің мақсаты халықаралық қақтығыстардың түрлерін талдау, олардың пайда болу себептері мен сипаттамаларын сараптау, бағалау және болжау. Зерттеу нысаны - жанжалдарды шешу мақсатында әлемдік қоғамдастық субъектілері мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастығы. Курс қақтығыстарды оң өзгеріс бағытында маңызды нүктеге жеткенге дейін қалай өзгерту керектігі туралы түсінік береді. Магистранттар қақтығыстардың алдын алу бойынша ұсыныстар ұсыну және қолдану шараларын жасау дағдыларына ие болады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қауіпсіздіктің сыни түйіндері: кешенді тәсіл

    Пәннің мақсаты – халықаралық қатынастардағы қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін талдау, сонымен қатар оларды бағалау және болжау. Курс қауіпсіздіктің сыни мәселелеріне теориялық көзқарастарды, олардың пайда болу себептерін, салдары мен шешімдерін, саяси, экономикалық және әлеуметтік қауіптерді ескере отырып зерттейді. Пән жедел әрекет етуді талап ететін бастапқы проблемалар мен тапсырмаларды анықтауда студенттердің дағдыларын қалыптастыруға арналған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық қауіпсіздік зерттеулері

    Курс мақсаты - мемлекеттің басты мақсаты және халықаралық өзара әрекеттестіктің негізгі объектісі ретіндегі қауіпсіздіктің синтезделген талдауы. Курс соңғы онжылдықтардағы қауіпсіздік туралы ғылыми және практикалық идеялардың эволюциясын көрсетеді, «қауіпсіздіктің» тұжырымдамалық және эмпирикалық мағынасын, қауіпсіздікке жаңа көзқарастардың дәстүрлі тәсілдермен байланысын анықтауға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ақпараттық қауіпсіздік және сандық дипломатия

    Пәннің мақсаты - ақпараттық революция жағдайындағы жаңа дипломатияны және оның қоғамға тигізетін әсерін зерттеу, ақпараттық- коммуникативтік ағындардың халықаралық қатынастардағы процестерге әсер етуіне, кибер-қауіптердің пайда болуына және қоғамдық сананы айла-шарғы жасауға жүйелі талдауды қолдану. Магистранттар ақпараттық ізденіс дағдыларын жетілдіреді, әртүрлі қауіптерді ескере отырып қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық дипломатияны қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтай және бағалай алады, цифрлық дипломатияны қолданудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Уақыт пен ақпараттық қашықтықты ескере отырып, тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде теория мен әдіснамалық білімді, сонымен қатар халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін қолданбалы талдау дағдыларын қолдану; теориялық гипотезаларды сыни тұрғыдан түсінуге және қазіргі заманғы халықаралық жүйені және аймақтық ішкі жүйелерді зерттеуде инновациялық тәсілдерді қолдануға негізделген нәтижелердің сенімділігі, толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету
  • Саяси шешімдерді әзірлеу мақсатында халықаралық қатынастардың, жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша аналитикалық материалдар дайындау, қауіп-қатерлерді болжау және оларға жауап қайтарудың жолдарын анықтау
  • Оқу-әдістемелік, оқу-көмекші және оқу-аналитикалық қызметті жүзеге асыру, халықаралық қатынастарды зерттеу бойынша жаңа курстарды әзірлеу және енгізу
  • Ынтымақтастық мақсатында серіктестермен сындарлы диалог құру, әртүрлі позицияларды талдау негізінде іскери хат алмасу және тиімді келіссөздер жүргізу және қолайлы шарттар бойынша келісімге келу үшін ымыраға келу
  • Ғаламдық және аймақтық деңгейде саяси, әлеуметтік және экономикалық оқиғалардың ықтимал дамуын ғылыми талдау, бағалау және болжау әдістерін пайдалану, Қазақстан Республикасының мүдделерін ескере отырып, халықаралық қатысушылардың стратегиясы мен тактикасын бағалау үшін әртүрлі құралдарды қолдану
  • Қазіргі халықаралық ахуалда еркін жүріп, жаһандық үрдістерді талқылауға қатысу және қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының міндеттерін іске асыру үшін практикалық ұсыныстар жасау
  • Халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге саналы баға беру, қақтығыстардың әлеуетін және оның өршуі мен өршіп кету ықтималдығын анықтау, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және шешу бойынша шараларды ұсыну, медиация дағдыларын және тараптарды қолдану
Top