Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02304 Филология: түркі тілдері в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Түркі тілдерінің тарихи дамуы

    Бұл курста түркі халықтарының этникалық, саяси және мәдени жазба ескерткіштері туралы мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдері дамуының тарихи кезеңдері

    Түркі тілдерінің зерттелуі мен дамуы, қалыптасуы жайынан түсінік беру арқылы түркологияның негізгі проблемалары және оның қазіргі міндеттерімен таныстыру. Бұл курсты тыңдаушыларға түркі тобына қандай халықтар мен тілдер жататыны, ондағы ірі тілдердің (не тілдік топтардың) өзіндік ерекшеліктері мен қалыптасуы жөнінде жан-жақты мағлұматтар беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қыпшақ және оғыз тілдерінің салыстырмалы фонетикасы

    Бұл пән қазіргі оғыз-қыпшақ тілдерінің фонетикасын салыстырады. Магистрант, түрік, татар, гагауыз, түркмен, әзірбайжан, қарашай, қарақалпақ, қазақ және т.б. тілдерді салыстырмалы әдістерді қолдана отырып, талдаулар жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасыр түркі әдебиеті

    Аталған курс түркі халықтарының ортағасырлық әдебиетін топтастыру арқылы магистранттарды түркі әдебиетінің тарихы, түркі халықтарының көне ескерткіштері және көне түркі классиктерінің шығармаларымен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи фонетикасы

    Қазіргі түркі тілдерінің вокализмдер мен консонантизмдері, сингармонизм, агглютинация (жалғамалылық), дауыссыздардың ассимиляциясы, ротацизм, ламдаизмдер және түркі тілдерінің дыбыстарындағы өзгерістерді салыстырмалы әдістер арқылы талдауларды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі әдебиетінің ортақ бастаулары

    Бұл курс филологтың кәсіби дайындығы үшін негізгі пән болып табылады, сондай-ақ түркі халықтары әдебиетінің заңдылықтарын зерттейтін пәндердің негізгісі болып есептеледі. Пәнде түркі халықтар әдебиеті жанрларының даму жолдары шығармалар негізінде талданады және ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курс ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Курстың мақсаты тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру. Курс академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Алтаистиканың теориясы мен әдістемесі

    Бұл пәнде кешенді ғылым саласы алтайтану туралы теориялық білім қалыптастырып, ғылыми мектептер мен заманауи алтайтанудың өзекті мәселелері, ғылыми бағыттары мен зерттеу әдістері жайлы толық мәліметтер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерін зерттеудің антропоөзектік парадигмасы

    Қазіргі таңда түркология ғылымында қолданылатын негізгі әдістер мен заманауи концепциялар теориялық тұрғыдан беріліп олардың практикалық дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Курс магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркі этнолингвистикасы

    Бұл курс түркі әдебиеті хронологиясының өзекті мәселелерін зерттейді және оның бастауы саналатын көне жазба ескерткіштерді талдауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы лексикасы

    Бұл курста білім алушының түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы ғылым ретінде: қалыптасуы, қазіргі жағдайы, даму болашағы туралы теориялық білімі қалыптастырылады. Салыстырмалы лексикология ғылымының зерттеу нысаны мен бағыттарын айқындай отырып даму тенденциялары мен қазіргі ортақ терминология мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қыпшақ және қарлұқ тілдерінің салыстырмалы лексикасы

    Бұл курс қазіргі өзбек, ұйғыр, татар, башқұрт, қазақ және басқа да тілдердің түпнұсқа мәтіндерінің композицияларына негізделген салыстырмалы талдауды қамтиды. Композицияларға сүйене отырып, даму тенденцияларын анықтап, осы салада зерттеумен айналысатын ғалымдардың еңбектерімен танысу көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркітанудың жаңа әдістемесі

    Түркітану ғылымының жаңа әдістемелері мен бағыттары жан-жақты қарастырылады. Жасанды интеллект модельдері мен әдістері түркі халықтарының тарихы мен тілін, мәдениетін зерттеуде қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының әдеби байланыстары

    Пән түркі әдебиеті тарихын зерттеудің жалпы логикасы мен парадигмаларын, әдеби танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлерін, аналогия және модельдеу, эмпириялық т.б. әдістерін, әдебиет тарихын зерттеудің жалпы әдіснамасын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ескерткіштердің семантикалық талдауы

    Түркі жазба ескерткіштері тілін семантикалық тұрғыдан талдаудың теориялық және методологиялық негіздерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі түркі әдебиеті және көркем аударма

    Пән қазіргі түркі халықтары әдебиеті мен көркем аудармасының көкейкесті мәселелерін, түркі халықтары әдебиеті дамуының қазіргі тенденцияларын, көркем жүйе динамикасын, идиостиль және оның қалыптасу сатыларын, мифтік бейне мен архетиптің мәселелерін, метамәтін және көркемдік инвариантты, нарратология және дискурсивтік талдауды, онтологиялық поэтика, мағыналық кеңістіктің құрылу механизмін, қазақ және әлем әдебиетінің көкейкесті мәселелерін, заманауи концепцияларды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі Сібір түркілерінің салыстырмалы грамматикасы

    Бұл курста қазіргі Сібір түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикалық аспектілері қарастырылады. Сібір түркі тілдерін жалпы түркі тілдерімен салыстыру арқылы грамматикалық категорияларды талдау үйретіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қараханид дәуірі түркі жазба ескерткіштерінің тілі

    Қараханид жазба ескерткіштерінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы

    Бұл пәнде қазіргі түркі тілдеріндегі жалғамалылық, сөзінің құрамы және түркі тілдеріндегі грамматикалық мағынаның берілу жолдары қарастырылады. Сонымен бірге, түркі тілдеріндегі грамматикалық категорияларына шолу жасау арқылы білім алушының теориялық және салыстырмылы әдіс-тәсілдерді меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық түркітанудың функционалдық аспектісі

    Лингвистикалық түркітанудың қолданбалы бағыттағы функционалдық аспектілері талданып, әдістемелік негіздері оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі

    Қыпшақ жазба ескерткіштерінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану; ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу.
  • Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру; оқытудың әдістері мен әдістемесін қамтитын педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясын білу.
  • Мәтіндердің тарихи, лингвистикалық, әдебиеттанулық талдауын жүзеге асыру мақсатында түркітану ғылымының тәсілдері мен құралдарын меңгеру, жасанды интеллект модельдері мен әдістерін түркі халықтарының тарихы мен тілін, мәдениетін зерттеуде пайдалану; заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын қолдану; академиялық және кәсіби ортадағы коммуникация стратегиялары мен тетіктерін меңгеру.
  • Түркі әдебиетінің және түркі халықтарының әдеби өзара қарым-қатынастарының дамуының негізгі тенденцияларын меңгерту; мәдени және әлеуметтік-тарихи тәжірибеде түркі әдеби үрдісін мәтіндік талдау әдістерін және ғылыми-зерттеулер әдіснамасын меңгеру.
  • Түркі тілдерінің жүйелеріндегі тілдік бірліктерді талдай білу; түркі тілдеріне топтары бойынша салыстырмалы талдау жасауды жүзеге асыру.
  • Тілдік бірліктіліктерге дәстүрлі ағымдар аспектісінде және лингвотюркологияның заманауи бағытында семантикалық талдау жасауды жүзеге асыру; ғылыми зерттеулер әдіснамасын меңгеру.
Top