Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M06109 Кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшілендіру, бақылау және қорғау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеу әдістемесі

    Пән ғылыми білімнің әдіснамалық негіздерін, ғылыми әдебиеттермен және мәліметтер қорымен жұмыс істеу әдістерін оқып-үйренуге, қазіргі заманғы ғылыми әдістердің мәні туралы теориялық білімдер мен ғылымның қазіргі әдіснамасының теориялық тұжырымдамаларын қалыптастыруға. диссертациялық зерттеуде ғылыми әдістемені енгізу, ғылыми мақала мен магистрлік диссертация жазу дағдыларын игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Пәнің мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін басқару бойынша стандарттар

    Пән ақпараттық қауіпсіздікті басқару саласындағы негізгі халықаралық және қазақстандық стандарттарды зерделеуге бағытталған. Магистранттар АҚБЖ -ның (ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері) талаптары мен ережелерін анықтайтын ISO/IEC 27k стандарттарының тобына сәйкес АҚБЖ -ны әзірлеуге және енгізуге қойылатын нормативтік талаптарды, АҚБЖ процедураларын құжаттауды, ішкі және сертификаттау аудиттерін жүргізуді, тәуекелдерді талдау және АҚБЖ тиімділігін өлшеуді, құпия түрлері мен құпиялылық дәрежелері бойынша қорғалатын ақпаратты жіктеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Киберқауіпсіздік жүйелерінің сәулеті

    Пән киберқауіпсіздік модельдері, қауіп-қатерлер, осалдықтар және деректер ағындарын талдау туралы мәліметтерді қамтитын киберқауіпсіздік жүйелерінің заманауи архитектурасын құру негіздерін зерттеуге бағытталған.. Сонымен қатар, желілік қауіпсіздік сұрақтары қарастырылады: маршрутизация; шифрлеу;IPv6, SSL / TLS VPN; желілік қауіпсіздік мониторингі; оқшауланған орындау ортасы (құмсалғыш), зиянды бағдарламаларды анықтау технологиясы, қауіпсіз қашықтан кіру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Киберқауіпсіздікті жоспарлау және басқару

    Пән ақпараттық жүйелердегі киберқауіпсіздік бұзылуының негізгі қауіптерін зерттеуге, киберқауіпсіздікті жоспарлауға және басқаруға мүмкіндік береді. Магистранттар ақпараттық шабуылдардың алдын алу дағдыларын меңгереді, жүйелер программалары мен құрылғыларында декларацияланбаған мүмкіндіктерді, жүйелер жұмысындағы істен шығулар мен қателерді, соның ішінде аппараттық және программалық іркілістер мен операторлардың қателерін, деректер қателерін зерделейді, ақпаратты қорғау бойынша жобалық шешімдерді әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән педагогикалық ғылымның парадигмасын, тенденциясын, жоғары мектеп дидактикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби, әдістемелік құзыреттілігін және педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың педагогикалық ұстанымын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жасауға, кәсіби білім беру жүйесінде оқытушы тұлғасының субъектілік сипатының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары; қазіргі заманғы білім беру парадигмалары; жоғары мектептегі білім беру мазмұны; жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы; жоғары мектеп дидактикасы мен оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бұлттық есептеулерді қорғау

    Пән бұлттық есептеулер технологиясы туралы теориялық және тәжірибелік білімдерді және бүгінгі бизнесте бұлттық технологияларды тәжірибеде тиімді іске асыру дағдыларын қалыптастыруға бақытталған. Магистрантттар бұлттық технологияны қорғаудың құрал-саймандарын пайдану дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • IoT қауіпсіздігі

    Пән магистранттарға cloud services, жасанды интеллект, Big Data технологияларымен және олардың негізінде құрылған жүйелердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарымен тығыз байланыста болатын M2M, IoT технологияларының парадигмасы мен қолдану салалары туралы тұтас түсінік беруге бағытталған. Магистранттарда IoT ақпараттық процестерін қорғау технологиялары, IoT жүйелерінде құрылғылар мен шлюздер, желілер мен көлік, қосымшалар деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары, криптографиялық механизмдер мен хаттамалар туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігі

    Пән ақпаратты қорғау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі теориясында базалық білім алуға бағытталған. Магистранттар Webgoat қауіпсіз веб-қосымшасы арқылы веб-қосымшаға бағытталған арнайы шабуылдарды (XSS, SQL injection, сессия ауыстыру, прототип ауыстыру және т.б.) анықтауды және алдын алуды, шабуылдардан кейінгі оқиғалар мен қалпына келтіруді басқаруды, қолданылатын әдістер мен ақпаратты қорғау құралдарының қауіпсіздік саясатына сәйкестігін талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылым тарихын, ғылыми білімнің философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты-магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуын, сондай-ақ әдістемелік және педагогикалық құзыреттілікті тұтас түсінуді қалыптастыру. Пән ғылым мен философияның қарым-қатынас тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық мәселелермен, сондай-ақ олардың қазіргі жағдайындағы нақты ғылымдардың философиялық мәселелерімен таныстырады. Пән заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға, ғылыми-зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Оқу процесінде магистранттар ғылымның нақты салаларында негізгі философиялық, әдіснамалық, білім беру стратегияларын меңгереді; оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыра алады, әдістемелік құзыреттілікті дамытады; педагогикалық құндылықтар мен оқытудың инновациялық технологияларын, әр түрлі жағдайларды талдау арқылы тиісті кәсіптің құндылық қатынастарының ерекшеліктерін игереді, академиялық және кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Нақты уақыт жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді құру технологиясы

    Бұл пән нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін цифрлы ақпарат пен басқару жүйелерінде есептеу процестерін ұйымдастыру қағидаларын және осы жүйелердегі программалық және аппараттық құралдардың өзара байланысын, өзара әрекеттесу процестерін басқару және синхрондау әдістерін, технологиялық процестерді басқаратын АЖ-дегі ақпаратты қорғау ерекшеліктерін зерттейді. Нақты уақыт режимінде программалық қамтаманы әзірлеу кезінде пайдаланылатын халықаралық және мемлекеттік стандарттар да қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ақпараттық технология жүйелеріндегі тәуекелдерді басқару

    Бұл пән ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптары, тәуекелдерді сапалық және/немесе сандық бағалау әдістемесі, сондай-ақ активтерді, қауіп-қатерлерді және осалдықтарды сәйкестендіруді жүргізу үшін мамандандырылған программалық қамтама мүмкіндіктері, шабуылдардың түрлері және оларды компьютерлік жүйелерде іске асыру тетіктері, ақпараттың таралып кету арналарын анықтау әдістері зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Байланыс және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін бағалау

    Пән коммуникациялық және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік жағдайын бағалауға, ақпаратты жинау және талдауға, ақпаратты қорғау шараларын таңдауға, коммуникациялық және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік деңгейін оңтайландыру бойынша және деректердің тарлып кетуінен қорғаудың есептер дайындау және ұсыныстар әзірлеуге, қауіпсіздік саясатына сәйкестігі тұрғысынан ақпаратты қорғаудың қолданылатын әдістері мен құралдарын талдау дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық қауіпсіздік аудиті

    Пән ақпараттық қауіпсіздік аудитінің негізгі ұғымдарын мен мазмұнына қойылатын талаптарды ; процестер мен жүйелерді бақылау және тексеру негіздерін; ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) бағалау әдістерін зерттеуге бағытталған. Ақпараттық қауіпсіздік аудиті саласындағы әдіснамалар, стандарттар мен нормативтік талаптар, АҚ аудитін жүргізу әдістемесін талдау және таңдау (әзірлеу), АҚ аудит бөлімшесінің жұмысын жоспарлау, аудит объектісі программалық қамтамасының осалдықтарын анықтау, ұйым үшін тәуекел тұрғысынан АКТ инфрақұрылымын бағалау қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қауіпсіздік мақсатындағы Java

    Пәнді оқу Java программалау тілінің көмегімен әзірленген программалық қамтаманың сенімділігін, бүтіндігін және қол жетімділігін басқаруды үйретуге мүмкіндік береді. Ол Java программалау тілінде қауіпсіз кодтау ережелерінің жиынтығын ұсынатын кодтау стандарттарымен танысады. Бұл Ережелердің мақсаты-инженер-программистерді кодтаудың дұрыс емес әдістерінен қорғау. Оқу материалының негізі ретінде Java-кодтау үшін Java-CERT Oracle Secure Coding Standard стандарты қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік криминалистика

    Пән компьютерлік қылмыстарды және сараптамалық қызметті тексеруде компьютерлік технологиялар мен компьютерлік техниканы қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Магистранттар жоғары компьютерлік технологиялар мен заманауи программалық қамтаманы пайдалана отырып, компьютерлік қылмыстардың дәлелдерін жинау және талдауды, компьютерлік жүйелердің қауіп-қатер моделін және қауіпсіздігін бұзушы моделін қалыптастыруды, компьютерлік жүйелердің жеке қауіпсіздік саясатын, оның ішінде қолжетімділік пен ақпараттық ағындарды басқару саясатын әзірлеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық қауіпсіздіктің интеллектуалдық платформасы

    Пән оқиғаларды бақылау және талдау жүйелері, кіруді анықтау жүйелері, зиянды программалық қамтамадан қорғау жүйелері, ақпарат қауіпсіздігін басқаруды автоматтандыру жүйелері және сол сияқты ақпараттық қауіпсіздікке арналған интеллектуалды платформаларды құруды зерттеуге арналған. Магистранттар ақпараттық қауіпсіздіктің жіктелуін, ақпаратты тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерін, заманауи интеллектуалдық платформалардың ерекшеліктерін зерделейді, интеллектуалдық платформаларды енгізу мен жобалаудың инновациялық тәсілдерін басқару дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көпагенттік жүйелер

    Пән магистранттардың үлестірілген интеллектуалды жүйелерді программалау саласында теориялық білімдерін қалыптастыруға, көпагентті жүйелерді өңдеу технологиясымен танысуға бағытталған. Магистранттар көпагентті жүйелерді құрудың негізгі концепцияларын, агенттік архитектура түрлері және көпагентті жүйелерді басқару стратегиялары туралы білімді қалыптастыруды оқып, зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Деректер базасының киберқауіпсіздігін жобалау

    Пәнді оқу деректер базасының киберқауіпсіздігін жобалау технологиялары туралы, мәліметтер базасына байланысты қауіптер мен тәуекелдерді талдаудан бастап, деректер базасын басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, өңдеу және беру әдістері мен құралдары туралы түсінік береді. Пәнді оқытудың негізгі міндеті магистранттардың технологияны формалдауда, киберқауіпсіздік құрылымдарын құруда практикалық дағдыларды меңгеруі, желі бойынша деректерді жеткіу кезінде деректер базасын қорғаудың негізгі әдістерін және ішкі және сыртқы шабуылдарды анықтау және алдын алу әдістерін, оның ішінде аутентификация және авторизация әдістерін, мониторинг және аудит механизмдерін меңгеруі болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зиянды программаларды талдау

    Пән өзекті зиянды программалардың мүмкіндіктерін және киберқауіпсіздіктің қазіргі жағдайын айқындауға мүмкіндік береді; VMWare ПҚ базасында зертханалық стенд құруды үйретеді; кодты талдауға арналған утилиттермен жұмыс істеуге дайындайды. Магистранттар зиянды программалық қамтама әсеріне байланысты инциденттерге (жұқтырудың пайдаланылған арналары, зиянды программалық қамтама мақсаттары, шабуылданған объектілер және нақты келтірілген залалдарды тексеру) тергеу жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Киберқауіпсіздік және желілерді қорғау

    Пән құралдар мен компьютерлік жүйелерге қол жетімділікті физикалық қорғау, компьютерлік жүйені қорғау негіздерін оқытуға бағытталған. Магистранттар периметрі бойынша шабуылдардың типтерін, қауіпсіздік аймақтары мен құрылғыларын, DMZ күйін, брандмауэрлерді, Nat, VPN маршрутизаторын, веб-қатерлерден қорғауды зерттейді, желіні қорғау (NAP) және сымсыз желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білімді басқару

    Пәнді оқуда компанияның білімі барлық қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдерінің жиынтығы ретінде, сондай-ақ компанияның деректер базасы мен репозитарийлерінде сақталған формальды білімі болып табылады. Бұл ретте білімді басқарудың екі құрамдас жүйесіне баса назар аударылады: ұйымдастырушылық және технологиялық. Негізгі назар білімді басқару теориясы туралы тұтас ұғымға, жаңа ұйымдастырушылық білімді құру процесіне, сондай-ақ білімді басқару бойынша негізгі процестер мен құралдарды іс жүзінде қолдануға бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық білімді көрсету, оның ішінде пәнаралық сипаттағы және кәсіби қызметте нәтижелерді пайдалану
  • Оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын меңгеру және оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, коммуникативті дағдыны игеру
  • Нақты уақыт режимінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін тиімділеу, ақпараттық жүйелердің осалдықтарын анықтау және блоктау әдістерін пайдаланады; кәсіпорындардағы ақпаратты және программалық қамтамаларды қорғау үшін осалдықтарды тексеру және қауіпсіздік жүйелеріндегі әлсіздіктерді анықтау, вирус және вирусқа қарсы компьютерлік технологияларды және бұзу әдістерін қолдану
  • Қорғалатын жүйелерді бағалау стандарттарына сәйкес ақпараттық және коммуникациялық жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін; ақпараттық жүйені техникалық қорғаудың нормативтік құжаттарының талаптарына сəйкес ақпаратты рұқсатсыз алуға қарсы əдістер мен құралдарды қолдану, компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздік саясатын қалыптастыру
  • Ақпараттық-басқару жүйелерінің функционалдық қауіпсіздігі мен тәуекелдерін талдай білу және бағалау, ақпаратты қорғау жүйесін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу
  • Киберқауіпсіздік принциптері мен әдістерін Java, Java шифрлау кеңейтімі арқылы программалық қамтаманы әзірлеуге қолдану, компьютерлік жүйелер мен желілердің ақпаратын қорғаудың аппараттық және программалық құралдарына қойылатын талаптарды әзірлеу, программалық қамтаманың бастапқы кодын статикалық талдау және тексеру, қауіпсіз жүйелерді дамыту үшін программалық қамтаманы жобалау принциптерін қолдану
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи проблемалар мен қатерлерге терең талдау жүргізу, ақпараттық қауіпсіздіктің кешенді міндеттерін шешу үшін ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы білім мен әдістерді біріктіру.
  • Ұйымның (мекеменің) ақпараттық технологиялар (АТ) архитектурасын сипаттау, талдау және құжаттандыру, оларды талдау және жобалау кезінде технологияларды, модельдерді және кәсіпорынның (мекеменің) қауіпсіздік саясатын әзірлеу және бағалау үшін әдістерді, стандарттар мен әдістерді реттейтін негізгі халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану; қорғалатын жүйелердің теориясы мен әдістерін қолдануға негізделген кәсіпорынның (мекеменің) модельдері мен қауіпсіздік саясатын әзірлеу және бағалау; ақпаратты қорғау үшін стандартты криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды қолдану
Top