Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11301 Тасымалдауды,қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану в Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану ББ бағдарламасының мақсаты еңбек нарығының әр түрлі деңгейдегі орындаушылар немесе басшылар ретінде сұраныстарын қанағаттандыру үшін тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігі саласында ұйымдастыру-басқару, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қызметіне бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету. Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
  • Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану пәндері бойынша базалық білім алу
  • Инженерлік графика дағдыларын игеру, сондай-ақ кәсіби қызмет саласында жасанды интеллект теориясы мен алгоритмдерін пайдалану
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, автокөлік техникасының құрылысы, көлікте басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша білім алу
  • Көлік логистикасы туралы, жылжымалы құрамның өнімділігіне көрсеткіштердің әсері туралы, тасымалдауды ұйымдастыру, қауіпсіздік және қозғалысты басқару әдістері туралы білімге ие болу
  • Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін талдау, қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын ұтымды пайдалану дағдыларын игеру
  • Ішкі және халықаралық тасымалдарда көлік жұмысын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін білімді пайдалану, маршруттық желінің және тасымалдау қашықтықтарының сызбаларын әзірлеу
  • Технологиялық және ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру саласында біліктілік сипаттамасының, мамандық бөлінісінде білім мен іскерліктің талаптар деңгейіне қол жеткізу
Top