8D04203 Құқықтану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мақсаты - кәсіби педагогикалық шеберлік қабілеттеріне, ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа құқықтық идеяларды дәлелдеу және синтездеу дағдыларына ие құқықтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D078 Құқық
-
Білім беру саласы 8D04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 8D042 Құқық
Пәндер
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәннің мақсаты: кәсіби саладағы зерттеу міндеттерін алдыға қою мен шешу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімді қолдануды қамтамасыз ететін құзіреттерді қалыптастыру. Қарастырылады: дербес және ұжымдық жоспарлау әдістері; зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруды және өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; нәтижелерді апробациялау және ғылыми рәсімдеу; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуді және коммерциализациялау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дербес деректерді мемлекеттік-құқықтық қорғау
Мақсаты - дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін талдау қабілетін қалыптастыру; заңнамадағы құқықтық олқылықтарды анықтау; дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің бағытын айқындау. Қаралатын болады: адамның дербес деректерді қорғау құқығын қамтамасыз ету тетігі; мемлекеттік органдардың дербес деректерді қорғау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі; дербес деректерді қорғау жөніндегі шетелдік тәжірибе.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заңдық конфликтология: теориялық және практикалық аспектілер
Мақсаты - әлеуметтік қақтығыстарды анықтау және жіктеу қабілетін қалыптастыру; әлеуметтік қақтығыстарды шешудің құқықтық құралдарына баға беру; әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бағыттарын дәлелдеу. Қаралатын болады: заңдық конфликтологияның негізгі санаттары мен институттары; әлеуметтік қақтығыстардың себептері мен түрлері; әлеуметтік қақтығыстардың алдын алудың құқықтық құралдары; медиация институты, татуластыру рәсімдері; құқықтық қақтығыстардың түрлері және олардың жіктелуі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Латенттік қылмыстылықты зерттеу және талдаудың теориялық негіздері
Мақсаты - латенттік қылмыстылықтың ерекшеліктерін жүйелі түрде талдау қабілетін қалыптастыру; латенттік қылмыстылықтың қазіргі жағдайын бағалау; латенттік қылмыстылықтың мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер әзірлеу. Қаралатын болады: латенттік қылмыстылықтың жіктелуі мен дифференциациясы; латенттік қылмыстылыққа қатысты криминологиялық тұжырымдамалар; латенттік қылмыстылықтың себептері мен салдары; қылмыстылықтың сандық-сапалық параметрлері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминопенологияның теориялық және қолданбалы мәселелері
Пәннің мақсаты - криминопенология мәселелерін жүйелі түрде талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру; қылмыстылықтың себептері мен түрлерін бағалау; қылмыстылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер әзірлеу. Қаралатын болады: Криминопенологияның өзекті мәселелері; қылмыстық жазаларды атқару кезінде криминалдық құбылыстардың алдын алу; пенальды қылмыстылықтың себептері мен шарттары; жазалардың криминопенологиялық параметрлері; қылмыстардың заңдылықтары; қылмыстылықтың алдын алу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамаларының модернизациясы
Мақсаты - жаһандану жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы модернизациялау процестерін бағалау қабілетін қалыптастыру. Қаралатын болады: әлеуметтік қамсыздандыру ғылымын дамытудың негізгі кезеңдері; жаһандану жағдайындағы әлеуметтік - қамсыздандыру қатынастары саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары; әлеуметтік-қамсыздандыру заңнамасын қолданудың құқықтық практикасы; әлеуметтік-қамсыздандыру заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуразиялық экономикалық одақ аясында қаржы және кеден заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері
Мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржы және кеден заңнамасының дамуын жүйелі бағалау қабілетін қалыптастыру; проблемаларды анықтап, қаржы және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Қаралатын болады: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын қаржы және кеден заңнамасының негіздері; Қазақстан Республикасының қаржы және кеден заңнамасын іске асыру тәртібі мен ерекшеліктері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері
Мақсаты - азаматтық процестік құқыққа қатысты ғылыми тұжырымдамаларды жүйелеу және түсіндіру қабілетін қалыптастыру; ұлттық және шетелдік азаматтық процестік заңнаманы салыстыру; Қаралатын болады: азаматтық процестің негізгі мәселелері; азаматтық процестік заңнаманы қолдану; азаматтық процестік құқықтық қатынастардың субъектілерін жіктеу, соттың азаматтық процестік құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретіндегі рөлі; дәлелдеу құралдарына қатысты жаңа идеялар; дәлелдемелерді жіктеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың виктимологиялық профилактикасының теориялық мәселелері
Пәннің мақсаты - қылмыстылықтың виктимологиялық алдын алудың ерекшеліктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру; қылмыстылыққа әсер ететін криминогендік факторларды талдау, қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы реформалау үшін ұсыныстар әзірлеу. Қаралатын болады: профилактиканың негізгі мәселелері және қылмыс құрбандарын қорғау; қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық философиясы
Мақсаты - құқықтың мағынасын, мәні мен ұғымын зерттеу, құқықтың адам, қоғам және мемлекет үшін маңыздылығын бағалау қабілетін қалыптастыру. Қаралатын болады: құқықтың онтологиялық, гносеологиялық және аксиологиялық мәселелері ерекше рухани құбылыс және қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде; құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы құқықтың рөлі; құқықтық онтология, құқықтық аксиология, құқықтық герменевтика, құқықтық логика.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғатты қорғау қызметін жетілдірудің теориялық және әдістемелік мәселелері
Пәннің мақсаты - табиғат пайдалануды құқықтық реттеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекет қызметінің бағыттарын жүйелі түрде түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; заңнамадағы олқылықтарды анықтау; құқықтық практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлеу. Қаралатын болады: қазіргі жағдайда табиғатты қорғау қызметін жетілдіру мәселелері; табиғат қорғау қызметінің құқықтық тәжірибесі; табиғат қорғау қызметінің объектілері мен субъектілері; экологиялық жауапкершілік мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академикалық жазу
Пәннің мақсаты: белгілі бір ғылыми бағыттағы өзекті мәселелердің ұсынылатын шешімдері бойынша ғылыми жарияланымдар мен жобаларды жазуда іргелі білімдерді қолдану. Қарастырылады: ғылыми мәтіндерді жасау және редакциялау ерекшеліктері; ресми, бейтарап және бейресми қарым-қатынас тіркелімдері; қазіргі ақпараттық және библиографиялық мәдениет; ғылыми құжаттаманы жасау және ресімдеу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
Профессии
Оқыту нәтижелері
- 1.Ғылыми бағыт бойынша өзекті мәселелерді шешуде іргелі білімнің қолданылуын көрсету; шет елдердегі ғылыми қызметтің ерекшеліктерін талдау, бағалау және салыстыру; диссертация тақырыбы бойынша зерттеу процесін құру; ғылыми мәтіндерін құрастыру және редакциялау.
- 2. Заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру, коммуникативтік қабілеттерге ие болу, білім беру ортасы мен ұйымдастырушылық мәдениетті қолдау және дамыту; кәсіби салада зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді пайдалану; зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау; зерттеу нәтижелерін ғылыми ресімдеу.
- 3. Әлеуметтік қақтығыстарды шешудің жаңа тәсілдерін жүйелеу; дауларды баламалы реттеу тәсілдерінің бірі ретінде медиацияны жүргізу тәртібін талдау; әлеуметтік қақтығыстардың алдын алудағы құқықтың рөлін анықтау; құқықтық тәрбие тұжырымдамаларын синтездеу.
- 4.Ұлттық және шетелдік азаматтық процестік заңнамаларын салыстыру; азаматтық процестік құқығының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру.
- 5. Латенттік қылмыстылықты талдау; латенттік қылмыстылықтың түрлерін бағалау, жіктеу және дифференциациялау; заманауи теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларын әзірлеу.
- 6. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде заңнаманы біріздендіру процесін дамытудың негізгі теориялық және практикалық проблемаларын жүйелендіру; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржы және кеден заңнамасы саласындағы проблемаларды анықтау және бағалау; Қазақстан Республикасының қаржы және кеден заңнамаларын іске асыру практикасын жүйелеу.
- 7. Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздерін жүйелі түсінуді көрсету; құқықтық түсіністік тұжырымдамаларын талдау және жүйелеу, құқықтың адам, қоғам және мемлекет үшін маңыздылығын бағалау; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау; сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
- 8. Қылмыстылықтың виктимологиялық алдын алу ерекшеліктері туралы біртұтас түсінікті дәлелдеу; қылмыс құрбандарының құқықтарын қорғау және алдын алу мәселелеріне қатысты заңнамадағы өзгерістерді бағалау.
- 9. Дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін талдау; дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарын айқындау; дербес деректерді қорғау құқығын қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу; дербес деректерді қорғауға қатысты ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстыру.
- 10. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жаңғырту үдерістерін бағалау; әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми мектептердің әлемдік үрдістері мен даму серпінін сыни бағалау; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамасын жаңғыртуға қатысты ғылыми ұстанымын түсіндіру және дәлелдеу.
- 11. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық тетігін жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелеу; табиғат қорғау қызметін құқықтық реттеу мәселелері бойынша ғылыми тұжырымдамаларды бағалау; халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық тетігін дамыту үрдісін айқындау.
- 12. Жазалардың криминопенологиялық параметрлерін және олардың түрлерін, қылмыстық және криминопеналдық құбылыстарды жүйелі түрде түсіну және жіктеу; қылмыстық сот ісін жүргізуді реформалау процестерін талдау; қазіргі қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, қылмыстық заңнаманы реформалау жолдарын анықтау.