7M02205 Исламтану в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті, білікті, ғылыми дінтану мәдениеті мен қоғамдық санасының деңгейі жоғары, ислам саласында іргелі білімі бар, исламтану саласында бәсекеге қабілетті, белсенді азаматтық ұстанымы бар, білім беру, мәдениет, бұқаралық ақпарат кұралдары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары салаларында заманауи әдістеме негізінде практикалық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыратың, көпконфессиялы қазақстандық қоғамды дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосатын құзыретті исламтану мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M052 Исламтану
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәнің мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру, өйткені шет тілі арқылы болашақ магистрант академиялық білімге, жаңа технологияларға және заманауи ақпаратқа қол жеткізеді, болашақ магистранттың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламдағы заманауи өзекті мәселелер
Пән классикалық діни мәтіндерге сәйкес Исламның өзекті мәселелерін зерттеуге, пайда болған құбылыстарға баға бере білуге, діни мәселелерді шешудегі ғылым мен техника жетістіктерінің рөлін нақтылауға, әлемдік ғылыми фиқһ орталықтарының қызметімен таныстыруға, діни басқармаларда пәтуа бөлімдерінің функцияларын игеруге, қазіргі үрдістегі мәселелерді талқылау тәртібін игеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламтанудағы әдіснамалық мәселелер
Курс сараптама жүргізу және оның қорытындыларын рәсімдеу машықтарын қалыптастырады, соттық істер материалдарымен таныстырып және талдау, исламтанулық сараптама жүргізу әдістерін талдайды. Ислам туралы ғылымның әдіснамалық негіздері, исламды интерпретациялаудағы теориялық әдістер негіздері мен айырмашылықтары, ислами ақпараттық материалдар сараптамасы, өкілетті құжаттар ерекшеліктері, ислами білім беру бағдарламаларын сараптау, БАҚ-дағы діни тақырып сараптамасы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты: дамыту менеджмент психологиясының іргелі концепцияларын жүйелі түрде білу, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау.Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы болашақ маманның зерттеушілік мәдениетін қалыптастырады. Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, филологияда қолданылатын заманауи әдістерді зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламдық дереккөздерді интерпретациялау әдістері
Пәннің мақсаты – Құранды тәпсірлерудің, интерпретациялау әдіс-тәсілдерін ғылыми негізде жасау қабілеттілігін қалыптастыру; Құран тәпсірлерінің түрлерін әдіс-тәсілдеріне қарата ажырата алу. Пән Құран аяттары мен хадистерді интерпретациялаудың ғылыми тәсілдерін үйретеді. Құранда мутлақ (шексіз) мағынасында келген үкімдерді муқайяд (шектеулі) мағынасына, ғам (жалпы) мағынада келген үкімдерді хас (жалқы) мағынасына ауыстырудың жолдары мен шарттарын, олардың өзара айырмашылықтарын түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ислам экономикасының құқықтық аспектілері
Бұл пән ислам құқығы бойынша адамдар арасындағы сауда-саттық және басқа да ақша қатынастарымен байланысты болған мәселелерде толық білім алуға мүмкіндік береді. Келесі мәселелер қарастырылады: Сауда және саудадағы келісім-шарттардың түрлері, оларды пайдалану шарттары, қарыз алу және қарыз беру мәселелері, экономикалық келісім-шарттар бойынша өкіл тағайындау, әріптестік қатынастарды орнату, мудараба және исламдық экономикалық құқықтарға байланысты басқа да тақырыптар қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламтанулық зерттеу әдіс-тәсілдері
Бұл пәнде, Құран, сүннет аяттары мен хадистерін түсіндірудің ғылыми тәсілдерін зерттеуге бағытталған. Оны зерттеу барысында келесі аспектілер қарастырылады: ауыспалы мағынасына қатысты сөйлемдердің берілу жолдары мен шарттары, ұғымдары (дұрыс пайымдау) және басқа тәсілдері, мазһабтар мен ағымдардың ережелері, Мұхаммед пайғамбардың хадистері ақиқаттың қайнар көзі ретінде және оларға жеткізілу жолдары (сахих, хасан, дағиф).
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты – жоғары мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық құзіреттілігін дамыту, болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орындары педагогикасының жалпы мәселелерімен, әдістемелік және теориялық негіздерімен, қазіргі заманғы талдау, жоспарлау және ұйымдастыру технологияларымен таныстыру. оқыту мен тәрбиелеу, университеттің оқу үдерісінде оқытушы мен студенттердің субъекті-субъектілік өзара әрекетінің коммуникативті технологиялары
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Усул ад-дин классикалық мәтіндері
Пән - исламның классикалық мәтіндерін, соның ішінде сүнниттік ислам үшін маңызды болып табылатын имам Әбу Мансур әл-Матуридидің «Китабут таухид» еңбегін терең зерттеуге бағытталған. Оларды зерттеу барысында Матуриди сенімінің үш қырын, атап айтқанда: (Илаһият, Нубууат, Самият) саласындағы білім кеңейіп, тереңдей түседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты - магистранттардың бойында рационалды-теоретикалық талдаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы, сонымен қатар ғылым дамуының заңдылықтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің стратегиясы мен әдістері туралы пікір-таластар мен негізгі мәселелерді жан-жақты сараптамалық білім қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шариғаттағы жалпы қағидалар
Жүйелілік шариғаттағы үкімдерді түсіну қабілетін қалыптастырады. Оның мазмұны: шариғаттың жалпы негіздері, олардың теориялық және практикалық аспектілері, түрлері, әдістері, негіздері, қолдану шарттары, себептері, тарихи кезеңдері, алғы шарттары, жалпы шариғат негіздерінің дамуы мен болашағы. Бұл тақырып бірнеше шариғат қағидаларына тоқталып, олардың әрқайсысын түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Хадис методологиясы
Пән хадистің әдістемесін түсіну қабілетін дамытуға бағытталған. Бұл пәннің мазмұнында: хадис құрастырудың жалпы негіздері, оның құрылымы, теориялық және практикалық аспектілері, хадис түрлері, сенімді және сенімсіз хадистерді анықтау әдістері, иснад мәселесі және хадистанудың басқа да әдістемелік аспектілері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құрандағы құқықтық негіздер
Бұл пәннің мақсаты – магистрантқа Ислам дініндегі барлық құқықтардың басты дереккөзі Құран кітабында келген үкім алынатын аяттарды, адамдардың қоғамдағы әртүрлі жағдайларға қатысты шариғатқа сай өзін құқықтық тұрғыдан қалай ұстау керектігін үйрету. Магистрант бұл пән арқылы әртүрлі жағдайларға қатысты Құранда келген үкім аяттарын үйреніп, соның негізінде исламтанушылық талдау жасауға машықтанады. - Магистрантты Құран аяттарының мазмұнына қарай түрлерін ажырата алу және Құранның үкім аяттарын тәпсірлей білу; Құранның үкім аяттары негізінде қалыптасқан шарғи ережелерді меңгеру; - Құран Кәрімнің үкім аяттары негізінде пайда болған көзқарастар мен мазһабтар ұстанымын үйрену; - Құранның үкім аяттары негізінде пайда болған құқықтық құндылықтар мен қағидаттарды меңгеру; - Құранның үкім аяттарын қоғамдағы орын алатын жаңдайларға дәлел ретінде пайдалана алу; - Үкім аяттарына тәпсір жасаған арнай еңбектерді жүйелеу, олард мазһабтар негізінде сұрыптау. Құран кәрім кітабы – ислам дініндегі барлық шарғи үкімдер мен заңдардың басты қайнар көзі. Ислам заңдары тек қана діни мәселелерді ғана емес, қоғамдағы орын алатын түрлі жағдайларға қатысты мұсылмандардың ұстанымын қамтиды. Құран кәрімде келген аяттардың ішінде үкім, яғни шарғи заңдарға негіз болатын аяттар да бар. Бұл пәнде осы үкім аяттарының түсу себебі, мақсаты, сол аяттың тәпсірі, ғалымдар мен мазһабтардың аталған аят негізінде шығарған шарғи үкімдері үйретіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шариғат мақсаттары (Макасид аш-шариа)
Курстың мақсаты: Ислам құқығындағы діни үкім шығару құралы болып табылатын шариғаттың мақсаттарын, оның түрлерін оқып білу, оларды дұрыс қолдана білу. Курс шариғаттың мақсатын, оның түрлерін зерделеуге, олардың адам өмірін, қадір-қасиетін, ар-намысын, меншігін және басқа да құқықтарын қорғауға бағытталған усул әл-фикһ ережелерімен, шариғат қаулыларымен өзара байланысын ашуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Шариғаттағы мирас мәселесі
Пән мақсаты – ислам шариғаты негізінде мирасты мұрагерлер арасында бөліске алу тәсілін меңгеру. Ислам шариғатында адамның артында қалған мүлкін алуға, оның мұрагері болуы лайықты адамдар Құранда және Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде анық айтылған. Шариғат заңы бойынша, осы аталған адамдарға мұрадан үлес алу үшін белгігі шарттар қойылады. Бұл пәнде осы адамдардың әрқайсысына тоқталып, олардың мирастан алатын үлесі үйретілетін болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі кездегі фиқһ зерттеулері
Пәннің мақсаты – қазіргі кездегі қоғамда орын алып жатқан әртүрлі жағдайларға, техниканың жетістіктерінен туындаған жаңа құбылыстар (қолдан ұрықтандыру, дене-мүшені ауыстыру, вакцина салдыру және т.б.). Пән адамның өзіне тиесілі құқықтарды және өзінен талап етілетін міндеттердің мәселелерін заманауи тұрғыдан зерттеуге түсінік қалыптастырады. Мысалға: бұрын соңды болмаған жасанды ұрықтандыру, трансплантация, жынысты ауыстыру, т.б. мәселелері сияқты. Сондай-ақ, қоғамдық өмірдегі азаматтық және мал-мүліктік қатынастарды реттейтін үкімдерді зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Исламдағы муғамалат мәселелері
Пән исламдағы муғамалат мәселелеріне кешенді талдау жүргізу қабілетін қалыптастырады. Оның мазмұны сауда, кепілгерлік, жалға беру, сыйға тарту, өкілдік ету, қарыз және серіктестік сияқты келісімдердің әртүрлі түрлерін зерттеуді қамтиды; шарттардың түрлері мен талаптары; келісімдерді іске асыру, жалғастыру және аяқтау туралы қорытындылар. Ислам шариғатымен рұқсат етілген және тыйым салынған келісімдердің түрлері де қаралатын болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Орта Азия және қазақ ойшылдары мұрасындағы сенім мәселесі
Пән мақсаты – қазақ және Орта Азия ойшылдарының еңбектері мен шығармаларындағы "сенім" мәселесіне талдау жасау. Әл-Фараби, әс-Сығнақи, Махмуд Қашғари, Баласағұн, Бұхар, Абай Шәкәрім, және т.б. қазақ даласының ойшылдары мен әл-Бұхари, әт-Тирмизи, әс-Самарқанди әш-Шәши сынды Орта Азияның ортақ тұлғаларының еңбектеріндегі сенім мәселесін зерттеу. Олардың басты ұстанымдарын, қай сенім мектеп өкілі екенін анықтау және олардың еңбектеріне ғылыми талдау жасау осы пәннің негізгі мазмұны болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Классикалық кәлам мәтіндері
Пәннің мақсаты – классикалық кәләм мәтіндерін үйрену, оларға талдау жасау. Пәнді игеру барысында келесі мәселелер қарастырылады: имам Матуридидің "Китәб әт-таухид", имам әт-Тахауидің "Ақида әт-тахауия", имам ән-Нәсәфидің "Әл-Ақаид ән-нәсәфия" және т.б. кәләм ілімінің басты классикалық мәтіндерін оқу, оларға діни-ғылыми талдау жасау, қазіргі қоғамда пайда болған мәселелерге сол мәтіндер негізінде жауап таба алу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Шариғаттағы неке-отбасы қатынастары
Бұл пән ислам шариғатындағы ерлер мен әйелдердің отбасылық құқықтарын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде келесі мәселелер бойынша білім алынады: Екі жақтың келісу құқығы (Құда түсу), некенің шарттары мен заңдары, сенім білдірілген тұлғаға қойылатын міндеттер мен талаптар, некені бұзудың түрлері, баланың құқықтары және әйелге қатысты мәселелер (хайз, нифас және идда).
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Ислам ілімдерінің қазіргі заман мәселелері
Пәннің мақсаты – ислам ілімдерінің қазіргі өзекті мәселелерін меңгеру. Бұл пән заманауи исламдық оқытудың даму үрдістерін, олардың исламның дәстүрлі ілімдерімен байланысын, бүгінгі талаптарға сәйкес исламды жаңарту қажеттілігін, отандық және шетелдік ғалымдардың шығармаларында мұсылман мәдениетінің өкілдері ретінде осы идеяларды көрсетуін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі қоғамдағы діни және исламдық құбылыстардың маңызын талдау үшін қазіргі исламтану мәселелерінің сипаты мен ерекшелігін анықтау.
- Мектептер мен бағыттардың өкілдерінің арасындағы айырмашылықтарды анықтау, сонымен қатар қазіргі замандағы исламдық пікірталастардың мазмұнына бағдарлау мақсатында дүниежүзілік және қазақстандық исламтанудың негізгі заманауи тұжырымдамаларында кәсіби дағдыларды қолдану
- Терең кәсіби білімді қажет ететін ғылыми-зерттеу іс-әрекеті барысында туындайтын мәселелерді тұжырымдау
- Белгілі бір зерттеудің мақсаттарына сүйене отырып, бар әдістерді өзгерту үшін қажетті зерттеу әдістерін таңдау
- Қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдени даму тенденцияларын ғылыми талдау негізінде исламтану, дінтану, философиялық, әлеуметтік-саяси және ғылыми әдебиеттерге талдау жасау.
- Түрлі ұлттық дәстүрлердегі ислам тәжірибесінің құбылысын академиялық исламтану тұрғысынан бағалау.
- Атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қазіргі заманғы редакциялау құралдарын пайдалана отырып, қолданыстағы талаптарға сәйкес құрастырылған баяндамалар, рефераттар, мақалалар түрінде ұсыну
- Исламтануды оқыту әдістемесі, қазақстандық және шетелдік исламтану тарихы бойынша кәсіби білімдерін пайдалану.
- Батыс пен Шығыстың исламдық және діни-философиялық ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктерін, атап айтқанда, ислам және діни философияны салыстырмалы аспектіде түсіндіру, исламның қасиетті мәтіндерін талдау
- Бұқаралық ақпарат құралдарына, әртүрлі бейіндегі мемлекеттік ұйымдарға, қоғамдық ұйымдарға, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдарға ислам туралы кеңестер өңдеу беру.
- Тиісті бағытта құзыретті, кәсіби білім мен дағдыны талап ететін исламтану саласындағы ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысу.