Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02313 Қазақ филологиясы в ABU

Пәндер

  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Курс барысында фонетика туралы түсінік, тілдің қызметі, фонетика, оның нысаны, қазақ тілі фонетикасының зерттелуі, дыбыс, әріп, фонема, транскрипция мен транслитерация, дыбыстарды қарастырудың аспектілері, дыбыстардың түрлері, дауыстылар, дауыссыздар орфоэпия, графика, орфография ассимиляция, синхронизм заңы, ғылым, фонология, дыбыстың құрамы мен қазақ тілінің ерекшеліктері тақырыптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тіл біліміне кіріспе

    Курсты оқып-үйренуде тіл білімі ғылымы және зерттеу обьектісі, тілдің қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны, тілдің шығуы және ол жайлы теориялар, тілдің дыбыстық жүйесі, тіл білімінің фонетика саласы, сөздік құрам және оның дамуы, грамматика, салалары мен түрлері, тілдің грамматикалық құрылысы, формасы, лексика-грамматикалық категориялар, дүние жүзі тілдеріне классификация жасауды, тілдердің морфологиялық типтерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әдебиеттану пәніне кіріспе

    Әдебиеттануды ғылыми пән ретінде енгізеді. Әдебиеттің өнер түрі ретіндегі мәні туралы түсінік береді. Әдеби-көркем шығарма мәтінін оқытуда сипаттау, талдау, түсіндіру. Әдеби стиль. Әдеби-көркем шығарманың формасы мен мазмұнының мәселелері. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігін нақтылау және әдеби процесті нақты тарихи кезеңге бөлу мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономикалық-құқықтық білім негіздері

    Пән студенттердің экономика, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет салаларында жүйелі білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курстың аясында нарықтық экономиканың жұмыс істеу механизмдері, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу қағидаттары қарастырылады, сондай-ақ қаржылық құралдарды пайдалану және жеке қаржыны басқаруда негізделген шешімдер қабылдау арқылы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелеріне назар аударылады. Ерекше мән азаматтық, қылмыстық, еңбек және әкімшілік заңнаманың негіздерін оқып үйренуге, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамытуға, кәсіби этиканы сақтауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді. Бұл пәннің мазмұны кәсіби және күнделікті қызметте пәнаралық тәсілді қолдана отырып, мәселелерді шешуге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән студенттерде тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында тұрақты дамудың теориялық және қолданбалы аспектілері, соның ішінде климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың құлдырауы, биологиялық алуандылықтың жойылуы, сондай-ақ ұлттық және жаһандық экологиялық сын-қатерлер қарастырылады. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық және басқарушылық негiздерiне, табиғи, техногендiк және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезiндегi iс-қимылдарға және кәсiби және күнделiктi қызметтегi мiндеттердi шешуге пәнаралық дайындықты қамтамасыз ете отырып, тұрақты және қауiпсiз мiнез-құлықты қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

    Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық-саяси жағдайдағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдай. Жырау және жыршы. Қазақ әдебиеті тарихында жыраулар поэзиясының алатын орны. Жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы. Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Толғау жанрының табиғаты, ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Пәнді оқытуда қазақ тілінің грамматикалық құрылысын, тарихи дамуын, бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымын, эволюциясын тарихи-салыстырма әдіс негізінде түсіндіреді. Қазақтың халық болу процесі кезіндегі тіл құрылымы туралы қағидаларды меңгереді.Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеп, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы

    Пән тілдің лексикалық жүйесіндегі сөз орнын, шығу тарихын, тілдің құрамы мен сөздік қорын, лексикологияның негізгі бірліктерін, сөздердің негізгі ерекшеліктері мен функцияларын меңгеруге бағытталған.Лексикалық жүйедегі сөздердің рөлі, шығу тегі, әрекет ету қабілеті, сөз құрамы және сөздік қоры қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ журналистикасының теориясы

    ХІХ ғасырдан бастау алған қазақ баспасөзіне ықпал еткен тарихи тұлғалардың еңбектері мен қазақ даласында жарық көрген «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналынан басталатын қазақ журналистикасының даму кезеңдерi мен тарихы жайлы ақпаратты меңгеру. Қазақ журналистикасына тән шығармашылық ерекшелiктерді тұжырымдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Мақсаты: талдау және дағдыларын одан әрі дамыту және қалыптастыру әдеби көркем мәтінді түсіндіру және шығармашылық сөйлеу дағдыларын дамыту, студенттердің тілдік, коммуникативтік, мәдени, аймақтық және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Мазмұны: Мәтіннің негізгі терминдері мен категориялары; мәтін жүйесі оның әр түрлі деңгейінде – фонетикалық, лексико-фразеологиялық, туынды, морфологиялық, синтаксистік; көркем мәтінді талдаудың жаңа әдістері; мәтінді концептуалды және лингвокогнитивтік талдау әдістерін; мәтін түрлері мен жанрлары, тақырыбы мен идеясы, тілі мен стилі, мәтін құрылымы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Бұл пәнді оқу бүгінгі күнге дейін сақталған фольклорлық мұра туралы бірыңғай түсінік қалыптастыруға бағытталған. Оқу барысында мынандай проблемалар қарастырылады: халық әдебиетінің тарихын және оның көшпелі мәдениетпен байланысын, фольклорды жанрлар бойынша жүйелеу, әрбір жанрдың сипаттамаларын түсіну, рухани және әдеби мұраның тарихи мәнін, мазмұнын және көркемдік шығу тегін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шешендік өнер негіздері

    «Шешендік өнер негіздері» – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат етіп, зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулиды. Қазақ шешендік өнерінің тарихы ерте замандардан бастау алатыны сөзсіз. Ежелгі, көне дәуірлердегі түркі шешендігі қазақ шешендік өнерінің негізі, би-шешендер мен ақын-жыраулар шешендігінің қайнар бұлағы. Шешендік өнердің тарихы, оқыту әдістемесіндегі зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Әдеби тілге тән негізгі белгілер мен нормаларды, әдеби тілдің тарихи кезеңдерде қалыптасу, даму дәрежесі мен оның стильдік тармақтарын меңгеру. Әдеби тіл ұғымы, сипаты, оның арналары, нормалары, қоғамдық қызметі, әдеби тілдің функционалдық стильдермен арақатынасы жөнінде білім және әдеби тілдің ерекшеліктеріне талдау жасай білу, коммуникативтік, әдеби тіл нормасына сай сөйлеу, әдеби тілдің стильдеріне сай тілдесім т.б. дағдыларын қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Аталған курс студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістемелік-теориялық негіздерін меңгертуді, қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдап көрсетуді, оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілтаным негіздері

    Жалпы тілтану мәселелерінің қалыптасып, дамуы диалектика мен динамика заңдылықтарына сүйенетін құбылыстардың бірі ретінде танылатын қарапайымнан күрделіге, жалқыдан жалпыға қарай айқындалатын, үнемі толығу, өзгеру үстіндегі тұжырымдар тізбегі жайлы мәлімет беру. Жалпы және жеке лингвистиканың зерттеу бағыттарын, барлық тілдерге тән қағидаларды сұрыптау мақсатында лингвистикалық салаларды, категорияларды сипаттайтын жеке тілдік деректерді салыстыра-салғастыра қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы және сөзжасам

    Грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма, грамматикалық құрылым, негізгі грамматикалық ұғымдар туралы ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің бағыт-бағдарын ұсыну. Қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны құрастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы теориялық білім беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Отарлау дәуіріндегі әдебиет

    Отарлық дәуіріндегі әдебиеттің мәні мен мазмұны, қазақ әдебиетіндегі орны, отарлық дәуіріндегі әдебиет пен ояну дәуіріндегі әдебиет тарихының өзара сабақтастығы, аталмыш дәуірдегі әдеби бағыттар мен ағымдар, жанрлары мен түрлері, көркемдік дамуы мен поэтикалық өрнектері, әдебиет өкілдерінің өмірі мен әдеби мұрасы, ұлт азаттығын бейнелейтін шығармалардың сыр-сипаты, болмыс бітімі, эстетикалық, көркемдік өлшемдері оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Этнолингвистика

    Осы пәнді оқу барысында мынандай мәселелер қарастырылады: этнолингвистиканың даму және қалыптасу тарихы, тіл біліміндегі этнолингвистикалық ғылым, этнолингвистика және оның ерекшеліктері мен этнолингвистикалық арналары, этнолингвистика және зерттеу объектілерінің мақсаттары мүдделері, этимология, терминология, лексикология және лексика-семантикалық тақырыптар, стильдері мен олардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөз құрамының теориясы

    Пәннің мазмұны студенттерге жүйенің тілі ретінде маңызды аспектілер туралы негізгі мәліметтер жинағын беруге және оларды лингвистикалық пәндерді оқып үйренуге қажетті ұғымдар мен терминдерді қамтамасыз етуге бағытталған. Әлемдік өркениеттің адам, қоғам, тарихы мен мәдениетіндегі қарым-қатынастарында табиғи тілдің пайда болуы, дамуы және жұмыс істеуі туралы жалпы заңдарын көрсету; диалектикалық дүниетанымның қалыптасуына ықпал ету; бастапқы лингвистикалық талдау дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

    Курс барысында студенттер XIX ғасыр әдебиетіндегі жанрларды, ақын жыраулардың әдеби дәстүрлері, Ы.Алтынсарин шығармашылығы, Абай шығармашылығының орны, жазба әдебиеттің дүниеге келуі туралы мәлімет алу. Әдеби ағымдар мен бағыттар, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын түсіну. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті ақындарының поэзиялық жинақтарымен танысып, XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің зерттелу деңгейін меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріне дейінгі кезеңі. Шығармашылық ғұмырбаяндар. Әдеби мұралар. Ұлт азатшыл бағыттағы көрнекті қайраткерлер. XX ғасырдағы әдебиеттің көркемдік сипаты, ХХ ғасырдағы әдебиеттердің үлгілері зерттеледі. Осы тұстағы қазақ әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра, дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баспасөз қызметінің ерекшеліктері

    Жұртшылықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге үұйрету. Жоспарлау және іске асыру, теле-радио хабарларын, репортаждарды, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарларды дайындау кезінде телекомпаниялармен шығармашылық ынтымақтастықты дамыту. Мерзімді басылымдарға мақалалар, шолулар, жазбалар дайындау, бұқаралық ақпарат құралдары үшін пресс-релиздер дайындау, журналистерге, бұқаралық ақпарат құралдарының корреспонденттеріне практикалық жұмыстарына жәрдемдесу, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге баулу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Пәнді оқыту барысында қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттері дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастырылады. Пән ежелгі дәуір әдебиетінің, орта ғасырдағы әдебиеттердің жанрлық ерекшеліктерін, Қайта Өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттарын, ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ., ХІХ-ХХ ғғ. әлем әдебиетінің дамуы, шет елдер әдебиетінің даму кезеңдерін, әдеби бағыттарын, жекелеген авторлар шығармаларын көркемдік-идеялық тұрғыдан талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің негіздері

    Білім алушыларды ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау әдістерін білу. Қазіргі заманғы қолданбалы компьютерлік-ақпараттық бағдарламаларды және жасанды интелектіні пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер үшін қазіргі заманғы әдістерді қолдана білуді меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шығыс және түркі халықтарының әдебиеті

    Шығыс және түркі халқы ақын-жазушылар шығармашылығын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау. Шығыс және түркі ақын-жазушылары жөнінде түсініктері болуы. Әдебиет пен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға, әрі әдеби үрдістің құбылыстарына сыни баға беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Постмодернизм әдебиеті

    Қазақ әдебиетінің үдерісін осы тұстағы саяси-әлеуметтік ахуалмен біртұтастықта қарастыра отырып, әдеби шығармалардың көркемдік-идеялық табиғаты, жанрлық түрлену ерекшеліктері, ұлттық әдебиеттің идеялық-көркемдік бағыттары, ақындық мектептер мен ағымдар, әдебиет өкілдерінің: Т.Әбдік, Д.Амантай, Д.Рамазан, Б.Қарағызұлы, т.б. шығармаларының ерекшеліктері мен жаңашылдық сипаты, постмодернистік әдебиеттің мазмұны, ұлттық поэзияның өлең өрнегі мен отаншылдық рухы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теле және радио журналистика негіздері

    Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің қазіргі жағдайы туралы, телевизиялық және радиожурналистика саласындағы кәсіби журналистік шығармашылық үрдістері туралы, қазіргі заманғы конвергенттік редакциялардың жұмысын ұйымдастыру және олардың практикалық қызметін оңтайландыру әдістерін қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Журналистикаға кіріспе

    Оқу барысында студенттер журналистика мамандығы жөнінде толық танысу. Журналистиканың қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдің бір бөлігі ретінде басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктерін жете түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

    Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бағдарламасы болашақ филолог мамандардың ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге қажетті әдісі мен тәсілдерімен таныстыру. Тіл біліміндегі, әдебиеттану саласындағы шетелдік ғылыми басылымдар, тың зерттеу еңбектерді пайдалана отырып, ғылыми ортадағы өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми мақала, ғылыми баяндамалар жазу дағдысын қалытастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пәнді оқу барысында студенттер әдеби және теориялық түсініктер, көркем шығармалар, прозалық жұмыстар мен поэзияны оқыту әдістемесі, әдістемелік ғылымның өзекті мәселелері, оқытудың принциптері мен міндеттері, теориялық тұжырымдамалардың оқыту технологиялары, теориялық тұжырымдамаларды ұйымдастыру, жоспарлауды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Редакциялық баспа қызметінің негіздері

    Кітаптарды баспаға дайындаудың, оларды шығару мен таратудың заманауи технологиясын, редакциялық-баспа ісі туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Басылым жобасын өңдеу мен қалыптастырудың тікелей қатысушысы және орындаушысы ретіндегі редактордың қызметі жайлы мәлімет беру. Соңғы жасанды интелектінің дамуын ескере отырып, басылымдарды өңдеу мен дайындауда шығармашылық көзқарас қабілетін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    Кәсіби тіл адам қызметінің белгілі бір саласына қызмет ететін тәртіптік құбылыс ретінде (мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып). Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны кәсіби жағдайларда қолдану. Қазақ (орыс) тіліндегі мамандық бойынша пәндік аймақ мазмұнының сипаттамалары. Кәсіби құзыреттілік: қазақ (орыс) тіліндегі мәтіндердегі бағдар, кәсіби мазмұн монологы және т.б.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Эссе жазуды ұйымдастыру

    Эссенің қара сөзбен жазылатын шағын көлемді прозалық мәтін, жеке адманың өзіндік еңбегі екендігін білу. Эссенің теориялық негізін ұғынады. Эссе жазуға қойылатын талаптарды, эссенің түрлерін ажыратып, құрылымдық талдау жолдарын меңгереді. Эссе жазуға қойылатын басты талаптар, эссе жазудағы стиль, әдеби стильдің түрлерін ажыратады. Эссе жазуда сөз қолданысын шебер, айтар ойдың нақтылығын ескереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби өлкетану

    Курс Абайдың ақындық айналасын, өңірдің ақын-жазушылар шығармашылығын, сол арқылы халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың өзгеріс әкелгендігін үйретуді мақсат етеді. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығы оқытылады. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиеті

    Пәнді оқу барысында студенттер М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Молдағалиев, Т. Молдағалиев және т. б. шығармашылығымен, әдеби мұраларымен танысады. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі әдебиеттің көркемдік даму кезеңдері қарастырылады. Студенттерге ұлттық сөз өнеріне енген көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптерін теориялық негіздеу ұсынылады, әдебиеттің қоғамдық оймен байланысы зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәнерлеп оқу

    Пән төмендегі мәселелерді оқытады: көркем шығарманы мәнерлеп оқу, көркем мәтіннің болмысына терең бойлау. мәнерлеп оқу – сөйлеу техникасын, дауыс сапасының даму жолдары, эстетикалық талғамға үйренеді, мәнерлеп оқу арқылы көпшілік алдына еркін сөйлеу, мәтіндегі астарлы ойларды, әрбір бөлшегін, керек болса әр сөз тіркесі мен сөзіне дейін іштей оқу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    «Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан ары тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатын тану арқылы оларға ақын шығармашылығының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Сонымен қатар Абай шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының игерілуі, жариял

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті

    Тәуелсіздік жылдары жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін, проза жанрының тақырыптық тенденциялары, драматургияның поэзияның дамуына қатысты ілгері зерттеулер мен еңбектер оқытылады. Студенттер М.Мағауин, Ш,Мұртаза, Д.Исабеков, Қ.Жұмәділов, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, Қ.Жұмәділов А.Алтай, Р.Мұқанова ақын-жазушылар, драматургтардың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стилистика және сөйлеу мәдениеті

    Пән тілдік құралдарды олардың функционалдық мүмкіндіктері бойынша жүйелеу саласындағы теориялық даярлыққа бағытталған; стилистикалық және нормативтік сипаттамаларды білу орыс тілінің барлық деңгейлерінің нұсқаларын меңгеру; дұрыс, мәнерлі және түсінікті сөйлеуді, оның ішінде мәтінді сөйлеу әрекетінің өнімі ретінде қалыптастыру және қабылдау заңдылықтарын меңгеру; деңгейді көтеру қажеттілігін түсіну және кәсіби ынталандыру қоғамдық тіл мәдениеті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік тіл таным

    Пәнді оқытуда келесі міндеттерді шешуді қарастырады: студенттерге қазіргі қазақ тілінің әлеуметтік жүйесін, осы жүйені тіл құрылымымен өзара байланыста меңгеруіне қол жеткізу, студенттерді мәтіннің пішінін, мазмұны, құрылымы, әлеуметтік-лингвистикалық қарым-қатынас процесіндегі функцияларын бөліп көрсетеді, социолингвистика бойынша әдебиетті өңдеуге үйрету, қазіргі қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жобалар мен идио жобалардың қызметі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шет тілі

    Кәсіби тіл адам қызметінің белгілі бір саласына қызмет ететін тәртіптік құбылыс ретінде (мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып). Шет тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны кәсіби жағдайларда қолдану. Мамандық бойынша шет тіліндегі пәндік аймақ мазмұнының сипаттамалары. Кәсіби құзыреттілік: шет тіліндегі мәтіндердегі бағдар, кәсіби мазмұндағы монолог және т.б.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Синтаксис саласының зерттеу нысаны, сөз тіркесі және оның басқа тілдік бірліктерден ерекшелігі, сөздердің өзара байланысу тәсілдері мен түрлері саралау. Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері анықталып, сөз тіркестерін құрауға сөз таптарының қатысын анықтау. Есімді сөз тіркестерінің байланысу жолдары мен ерекшеліктері, сөз тіркестері сыңарлары арасындағы мағыналық қатынасын түсіндіру. Етістікті сөз тіркестері де байланысу түрлері мен сыңарлары арасындағы мағыналық қатынасқа қарай жіктеп көрсету. Сөйлем, сөйлемнің түрлері, жай сөйлем, күрделенеген жай сөйлемдер және құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғатын таныту. Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі

    Пәнді оқытуда шығармашылық жұмысқа баулудың педагогикалық негіздерін бағыттарын қарастырады. Шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда алдымен жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға бағыт-бағдар беру жұмысын жоспарлайды. Логикалық ойды дамытатын тапсырмалар жүйесін ұсынудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Тапқырлық пен шеберлікке шыңдау жұмыстарын жүйелеу білуге машықтанады. Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар жүйесін топтастырудың жоспарын жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ жазу тарихы

    Болашақ мұғалімдер дыбыс-таңба, дыбыс-әріп, әріп-таңба туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ жазуының тарихын білумен қатар қазақ жазуының қалыптасуын дамытады. Олар қазақ әліпбиінің бұрынғы және қазіргі түрлеріне теориялық талдау жасайды. Болашақ мұғалімдер оқушыларына қазақ жазуының қалыптасуы туралы мағлұмат беріп, қазақ жазуының дамуындағы тарихи кезеңдерді түсіндіріп, талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өлең теориясы

    Пәнді оқытуда студенттер поэтикалық шығармалар мазмұнының ерекшеліктерімен, өлеңнің теориялық аспектілерімен танысады; қазіргі күнге дейін өлең теориясының дамуы мен қалыптасуы туралы біледі, қазіргі поэзияны жан-жақты зерттеу және Абайдың қазақ өлеңіне қосқан үлесі сараланады. Студенттер өлеңді талдаудың ғылыми принциптерін, өлеңді құраудың тілдік тәсілдерін, халық поэзиясының тілін, өлең құрылымын, әдебиеттегі өлең құрылысының жүйесін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Курс барысында студенттер эстетикалық ойдың даму кезеңдері, әдебиет теориясының методологиясы, көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі, әлеуметтік сипаты туралы қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. Сонымен қатар әдеби тұлға, орта және автор, шығарманы пайымдау, әдеби туынды, әлем және шығарма, көркем сөз бен мәтін, шығармашылық әлем және әдеби болмыс жайында толық ғылыми мәлімет алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби үрдіс

    Заманауи әдеби үдерістің жаңашыл тенденцияларын қарастыру. Қазіргі модернистік және постмодернистік әдебиетке тән поэтикалық жүйе, эстетикалық қағидаттарын меңгеру. Заманауи әдеби үдеріс бағытын айқындап отырған ақын-жазушылар туындылары, шығармашылық тұлғаларына тән сипаттарын талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлихан әлемі

    Қазақ әдебиетінің сан ғасырлар бойындағы дамуына үлес қосқан, ұлт әдебиетінің ауыр жүгін арқалаған Әлихан Бөкейханұлының ғұмырын, еңбегін, көрнекті шығармаларын, әдеби мұраларын білу. Әлихан Бөкейханұлының ел егемендігі жолындағы іс-әрекеттері, шығармашылық еңбектері, адамгершілік қасиеттері, әріптес-достарымен қарым-қатынастары, өскен ортасы мен туған-туыстары туралы тарихи да тың деректермен зерттеу еңбектерді қарастыру. Ұлт ұстазының елді-жерді сүю, Отанға қызмет ету, халқын қадірлеу – патриоттық, адамгершілік тәрбие беру мақсатында жазылған еңбектерін оқып-үйрену арқылы жалпы ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі жайлы баяндау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Емле ережелері

    Бұл пән қазақ тілінің емле заңдылықтары жайлы жан-жақты лингвистикалық түсінік қалыптастырып, білім беру мәселелерінен мағлұмат береді. Орфография мен орфоэпия мәселелерін ажыратып, қазақ тілі емле ережесінің зерттеу нысаны мен оның салаларына тоқталады. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен кейбір сөздердің жазылуы және сөздердің жазылуындағы сапалық өзгерістер, олардың айырмасы мен ұқсас жақтарын анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби редакциялау теориясы

    Редакциялаудың теориясымен, əдістемесімен қаруланып, тəжірибе жинақтауларына мүмкіндік жасау. БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білуге білімгерлерді баулу, машықтандыру. Автор мен редактордың арасындағы шығармашылық түсіністікке қол жеткізудің жолдарын үйрету. Автор материалдарын стилін сақтай отырып редакциялаудың жəне оған өзіндік бақылау орнатудың мəн-маңызына тоқталу, оны іс жүзіне асыруға машықтандыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орфография және пунктуация

    Осы пәнді оқу барысында студенттер келесі бөлімдерді меңгереді: тілдің қалыптасуы және емле ережелері, орфоэпиялық, орфографиялық ережелер, сөздер және олардың айтылуы мен жазылуы, тыныс белгілер мен интонация, емле мен тыныс белгілерінің тарихын зерттейді, сонымен қатар ғалымдардың лингвистика мәселелері туралы көзқарастарын талдайды, жаңа инновациялық технологиялар көмегімен оқыту әдісін қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алаштану

    Алаштану пәнін оқу барысында білім алушылар Алаш тарихына арналған ғылыми еңбектерді оқып үйренеді, тарихи талдау жасап, ғылыми монографиялар мен құжаттық материалдармен танысып, осы негізде Алаш тарихын жете меңгереді. Отан тарихын мен туған өлке тарихын Алаш тұлғаларының саяси-қоғамдық қызметтері арқылы зерделеп, Алаш партиясының құрылу және Алаш автономиясының нысаналы өмірлік мұрат-мақсатымен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Курс барысында қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Сөз өнерінің типологиялық өрісін қазақ әдебиетінің қазіргі поэтикалық жүйесі бойынша талдау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі қазақ әдебиетінің өкілдерінің шығармашылық жолын, өзіндік қолтаңбасын танытатын елеулі туындыларына шолу жасалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби редакциялау

    Телевизия, радио, баспасөз бетіне жарияланатын журналисттік шығарманың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысу. Мәтіннің формалық тұтастығын сақтай білу, стильдік, логикалық қателерден аулақ болу, оқырманның түйсігіне сай оқиғаны суреттей алу қабілеті мен журналистік кәсіби біліктілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әліпбиінің тарихы

    Пән мазмұнында жазудың пайда болу және даму тарихы және грамматологияның кейбір теориялық аспектілері туралы жалпы ғылыми және лингвистикалық ақпарат беріп қана қоймай, емле мен тыныс белгілерінің практикалық мәселелерін жақсы түсінуге көмектеседі, білім алушылар сөйлеу әрекетін қалыптастырып, философиялық, тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми жаңалықтарды қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл мәдениетінің нормативті аспектісі

    Студенттердің қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, сатылай комплексті талдауды терең игерту, студенттердің жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жоғары курстарда оқылатын қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ономастика мәселелері

    Ономастиканың қалыптасуы мен даму тарихын, зерттеу аспектілері мен әдістерін және ономастиканың өзегі болып табылатын антропоним, топоним, космонимдермен қатар шектік өрістегі онимдерді меңгеру. Қазіргі таңдағы ономастикалық материалдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы жайлы ұсыныс, нұсқау беретін қолданбалы ономастика, көркем әдебиет шығармаларындағы атауларды зерттеумен шұғылданатын поэтикалық ономастика мәселелері жайлы мәлімет беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Нормативтік қазақ тілі

    Бұл пәнде нормативті қазақ тілінің фонетика, орфография, графика, орфоэпия, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис, сөздердің байланысу формалары, тіркес түрлерін жетік меңгеру, сөз тіркесінің, оған тән белгілерін меңгеру бойынша мектеп бағдарламасында оқытылған мәселелер қамтылады. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру көзделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жалпы тіл білімі

    Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары, тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тілдің өзіндік сипаттары, тіл білімінің тарихы, даму үрдістері мен даму кезеңдері, тіл білімінің қазіргі заманғы бағыттары, тілдік зерттеу әдістері, тілдің басқа әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ғылымдармен байланысы, сияқты тақырыптармен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Гуманитарлық ғылымының теориялық мәселелері мен әдебиет теориясындағы ғылыми терминдерін білу, ежелгі дәуір әдебиеті, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, ақын-жыраулар шығармаларына әдеби теориялық талдау жасауды ұсыну.
  • Қазіргі филологияның өзекті мәселелері, оның тарихи даму және қалыптасу сатыларын меңгеру, әдеби бағыттар мен мектептер өкілдерін білу, олардың ғылыми көзқарастары мен зерттеулерін түсіндіру.
  • Ауызша және жазбаша түрде, өз ойларын дұрыс және логикалық безендіру дағдыларын игеру. Оқырманды өз тұжырымдарын жасауға шақыратын әртүрлі журналистік жанрлардың стилистикасын меңгеру.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, жаңартылған білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдерін білу, оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруда, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формаларына анализ жасай алады. Цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интелектті пайдалана отырып білім алушыларымен кері байланыс орнату.
  • Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын ажыратып, тілдік дағдыларды көркем мәтінге филологиялық талдау жасауда қолданады. Іс қағаздармен жұмыс істеу, баспа өнімін түзету, редакциялау дағдыларын, жарияланымға өзекті материалдар іздеу және дайындауды, ақпараттың қоғамның санасы мен мінез-құлқына әсер ету әдістерін игереді.
  • Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдар саласындағы ережелер, орфография және орфоэпиялық, пунктуация заңдылықтарын білу, сауатты жазу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, фонетикалық заңдылықтарын, қазіргі қазақ тілі грамматикасы, лексикология және сөзжасам салалары бойынша ғылыми теориялық білімді игеріп, сөздердің мағыналық және тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары мен сөйлем құрылысына тілдік талдау жасау үлгісін әзірлеу.
  • Тіл білімінің этнолингвистика, ономастика салаларына қатысты зерттеулерді жинақтау, қазақ жазуының қалыптасу кезеңдері, тілдердің тарихы, жазба ескерткіштерінің зерттелуі, рухани мұра мен этикалық құндылықтар жайлы түсіндіру.
  • Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін, эссенің түрлерін, құрылымын, әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану, көркем мәтінге талдау жасау, эссе, шығарма жазу үлгісін көрсету. Авторлық жоба материалдарын дайындау үшін ақпаратты жинақтау, таңдалған тақырып бойынша оқиғалар орнынан мақалалар, очерктер, аудио, бейне репортаждар дайындауға машықтанады.
  • Әлем халықтары әдебиетінің даму кезеңдерін, әдеби бағыттарын, тарихи ескеткіштерін, жанрлық ерекшеліктері мен жекелеген авторлар шығармаларын дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында зерделеу.
  • Тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.
  • Қазақ әдебиетінің кезеңдерін, көрнекті ақын-жазушылар шығармаларын, көркем шығармалардың эстетикалық, тәрбиелік мәнін көрсету, қазақ зиялыларының ел мүддесін қорғаудағы іс-қимылдарын бағалау.
  • Тіл теориясының дамуы мен қалыптасу принциптерін, ғылыми парадигмаларының ауысуын ескере отырып, тіл білімінің теориясы ғылыми терминдерімен танысып, ғылыми тұжырым мен көзқарасты нақты дәлелмен талдауды, тілдердің жалпы заңдылықтарын, шығу тарихын, қолданыстағы қызметін айқындау.
  • Туған өлкенің дәстүрлі және мәдени мұрасын білу арқылы ғылыми және тарихи философиялық талдауға негізделген қазіргі заманғы проблемаларға ықтимал шешімдерді көрсету. Қажетті ақпаратты алу үшін мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және медиа тұлғалармен байланыс орнату.
Top